Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


) Ауызша тіл .... сипатта, ал жазба тіл ... сипатта болады



Pdf көрінісі
бет47/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   236
3) Ауызша тіл .... сипатта, ал жазба тіл ... сипатта болады.
a) Диалогтік, диалогтік;
b) Монологтік,монологтік;
c) Диалогтік, монологтік;
d) Біржақты, екіжақты.
4)
Қай тілде семантикалық байланыс күшті болады?
a) Жазбаша тіл
b) Ауызекі тіл
c) Жазбаша және ауызша тіл
d) Ауызша тіл
5) Ауызша тілге тән:
a) Әріп, бас әріп, кіші әріп, азат жол
b) Тыныс белгілер
c) Дыбыс, тон, екпін, интонация, мимика, логикалық екпін,
кідіріс
d) Орфографиялық және орфоэпиялық ережелер
4-дәріс. Жазу теориясындағы фонема ұғымы
Кез келген
дыбысжазу
дың (дыбыстық жазу) деңгейін
парықтау үшін, жалпы жазу теориясы үшін тілдің
фонологиялық негіздері ізделеді. Кезінде акад. Л.В.Щерба жазу
теориясы үшiн мына жайларды анықтап алуды ұсынған: 1) сол
тiлдiң дыбыстық қорын түгендеу және оның жазуда
таңбаланғандарын анықтау; 2) жазу таңбасына ие болған
мағыналық элементтердi анықтау және 3) жазу элементтерiн: а)
дыбыстық мағынасы бар элемент-тер, яғни әрiптерге; ә) таза
иероглифтiк мағынасы бар немесе аралас, жартылай дыбыстық,
жартылай иероглифтiк мағынасы бар элементтерге бөлiп алу.
Дыбысжазу ашық әліпби түрін икемдеп, жетілдіріп алу
арқылы дамыды. Сонда таңба көбіне ортақ, ал оның мәні неше
жүз тілде неше жүз түрлі болып шықты. Сондықтан жазу
билігінің басталған заманы – ХХғ. басында әліпбидегі әріп пен
дыбыс қатынасы деген мәселе көтерілді. Жазуы жоқ тілдердің
әліпби қабылдауы, емле ережелерін түзету, құру, жазуы бар
тілдердің графика мен емлені жетілдіруі күшейді.
Әліпби шартты таңбалар тізбегі емес, сол тілдің дыбыстық
құрамын танытанын белгілер жүйесі болып анықталды. Әріптің
негізгі, әліпбилік атауынан басқа, кейде оған сәйкес келмей-тін
мазмұны болатыны белгілі болды. Ауыздан шыққан және
74
75


құлаққа шалынатын дыбыс реңктерінің (түрленімдерінің) іші-нен
негізгі дыбыс реңкіне таңба арнау қиын болды: дыбыс көп, әріп аз.
Ал қанша дыбыс реңкі болса, сонша әріп алу мүмкін бола бермеді.
Өзара ортақ белгілері бар дыбыс қатарын бір әріпке теліп қою
қандай шартты болса, оның сондай шеберлікті керек еткені, керек
ететіні ашылды. “өздігінен ешқандай мағына бермейтін осыншама
кішкентай элементтің қатысуымен сөз жа-сауды қалай ғана біздің
арғы ата-бабамыздың ойлап тапқаны әлі күнге дейін жұмбақ
(Панов Е.Н. 1983:231).
Бірақ дыбыстан әріпке барар жол алыс еді. Ол жолда “өткел”
болды, ол өткел ауыздан шыққан дыбыс тізбегін сүзіп, та-
нып, таңдап отыратыны білінді. Сөйтіп, дыбыс түрлері көп
болғанмен 
дыбыстың асылы
(Е.Омаров термині) ғана әріп-
таңбаға ие болатыны белгілі болды. Сонда сөйлеуді жазуға,
жазуды сөзге айналдыратын код және оның кілті – әліпби сол
тілдің фонологиялық құрамына тірелді. Сөйтіп, әліпби мен
графиканың, орфографияның негіздерін іздеу жолында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет