фонеманың бір ғана белгісін алып тұрады, фонема-дыбыс, ол
барлық дыбыстық белгілердің жиынтығы”(Реформатский А.А.
1970: 245);
б) “Фонеманың сөзайырымдық қызметі өзара айырымда-ры
арқылы жоғары тілдік бірлік – морфеманы ажыратуынан
көрінеді” ( Реформатский А.А., 1970).
в) “Сөйтіп, тіл-тілде көптеген артикуляциялы-акустикалық
дыбыс түрленімдері болады және сол түрленімдер жинақталған
белгілі бір мөлшердегі дыбыстар болады” (Ветвицкий В.Г.,
Иванова В.М., Моисеев А.И. 1974: 21).
г) “Фонема – бұл идеалды дүние, сол дыбыс жиынтығы
белгі бір фонетикалық жағдайда жеке дыбыс ретінде көрінеді».
“фо-немалар – бұлар тілдегі әлеуметттік жағынан айқындалған
ды-быстар және мұндай дыбыстар әр тілде әртүрлі, бірақ
белгілі бір сандық шегі бар” ( Реформатский А.А. 1970: 129).
Ал фонеманың сөз мағынасын ажырататын дыбыс екенін
алғаш айтқан кавказ тілдерін зерттеуші П.К.Услар болды
(Яковлев Н.Ф. 1970: 129). Р.И.Аванесов, В.Н.Сидоров фоне-
маны сөздің әлеуметтік мәні бар дифференциалды элементі
деді (Аванесов Р.И. Сидоров В.Н. 1970). Бұл тұжырымдарға
Қ.Жұбановтың фонема бір сөз бен екінші сөзді айыруға жарай-
ды дегені (Жұбанов Қ. 1999: 501) сәйкес.
Сөйтіп, фонема абстракті единица ретінде адам санасында
өмір сүретін бір жақты құбылыс болды. Фонема – ауызша тіл
мен жазба тілдің арасын байланыстыратын аралық категория.
Фонема – сөз жасайтын (конститутивті), сөз айыратын (дис-
тинктивті) (Яковлев Н.Ф. 1970) және жеке тұрып мағына бере-тін
фонологияның кіші бірлігі. Фонема сөздің дыбыс құрамын екшеп,
сөздің естілімін туралайды, форма айыратын, мағына айыратын
шектеулі дыбыс құрамы арқылы сөз мағынасын ажы-
ратады.
Достарыңызбен бөлісу: