азайту; 3) дауыстыны таңбалауды азайтып, дауыссыздар
таңбасын екі есе көбейту. Соңғы тәсіл орхон жазуында, бірін-
шісі А.Байтұрсынұлының төте жазуында қолданылды.
Сонымен, қазақ әліпбиі саясаттың және басқа себептерден
сингарможазудан (төте жазу) → акцентті-фонологиялық жазуға
(латын, орыс графикасы) көшіп, орыс әліпбиінің 33 әрпін
қабылдап, 9 жеке фонемасының таңбасымен бірге 42 әрпі бар
әліпбиге айналып отыр.
Әліпбидегі
я,
ю,
ё
әріптері орыс әліпбиіндегі сөзді жіңіш-
кертетін белгісінен айрылып, қазақ сөздері үшін тек
й+а,
й+ұ+у,
й+ү+у, й+о
дыбыс тіркесін беретін болды.
э
–
әрпі тек
кірме
сөздерде, ал
у,
и
таңбалары
ый,
ій,
ұу,
үу
– дыбыс
тіркестерін белгіледі. Щ әрпі қос ш-ны таңбалады.
Сөйтіп, қазақ әліпбиінде бес әріп қосар дыбыс таңбасын бе-
реді. Олар: /я/ – [йа], [йә]; /ю/ – [йұу], [йүу], /у/ – [үу], [ұу],
[у]; /и/ – [ый], [ій]; /щ/ – [ш+ш].
Сонымен, қазіргі әліпбиіміздегі әріптер 1әріп:1фонема, ды-
быс тіркесі: 1 әріп қатынасына құрылған дейміз. Және соңғы
қатынасты көре отырып, әріп саны фонема санынан артық
шыққан әліпби қолданып отырғанымызды көреміз: 9 дауысты
фонема: 9 әріп, 17 дауыссыз фонема: 21 әріп, 3 дыбыс тіркесі: 3
әріп, сонда 26 фонема: 33 әріп (Мұнда цитаталық принцип
үшін алынған орыс жазуының әріптері есепке алынған жоқ).
Бүгінде, қазақ жазуының латын графикасын қабылдау
қарсаңында алдымен әліпбидегі әріп саны мен тілдегі фо-нема
қатынасы ғалымдар назарын аударып отыр. Өйткені қолданыстағы
әліпбиде 42 әріп, латын әліпбиінде 26 әріп бар. Жалпы жазу
теориясында әріп саны фонема санынан кем әліпби
– жетілген, әріп саны фонема санына тең әліпби – жетілдіруге
болатын, әріп саны фонема санынан көп әліпби – жетілмеген,
жетілдірілуі тиіс алфавит болып саналады. Біздіңше, бұл – жазу
дәстүрі қалыптанған, жазу графикасы тұрақты ағылшын, фран-
цуз, неміс жазулары тарапынан шығарылған теория. Сондықтан
жазу үнемділігін жасаған қазіргі әліпбидегі таңбалар туралы
ойлану керек. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: