Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет70/236
Дата22.12.2023
өлшемі1,76 Mb.
#143053
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   236
Байланысты:
Күдеринова Құралай монография Қазақ жазуының тарихы

est, et,
ai,
ei, eu, au, oeu, am, on, em, en, in, aux, eou, ain, aim, ein, ien, oi, gn,
ss, ph, ch, ill, il, 
т.б.
 
әріптер тіркесін және
 в, к, и, й, ы, ф, з,
о, п 
диакритикалық таңбалы қосымша әріптерді пайдаланады.
104
105


Сол сияқты неміс тілінде фонема саны 39, әріп – 26.
Сондықтан әліпбиде жоқ, бірақ жазба тілінде пайдаланатын
β
<с>,
д
<э>,
ц
<ө>, ь <ү> 
таңбалары және
 sch 
<ш>,
 ch 
<х>,
 ng
<ң>,
 ck 
<к>
 
әріп тіркестері, 
ch
<х>, 
ei
[ай], 
eu
[ой], 
eh
[ей], 
ig
[их], 
gu
[кв], 
ie 
[й]
 
маркерлі әріп таңбалары
 tsch 
<ч>,
 tz 
<ц>,
 ph
<ф>,
 sh 
<ж>
 
сияқты шеттілдік сөздерді жазатын таңбалары бар.
Сонымен, латын жазуын пайдаланатын ағылшын, фран-цуз,
неміс сияқты тілдердің жазуы әліпби құрамының үстіне
қосымша таңба алған және әріп тіркесін жасаған, жазу эко-
номиясы төмен жазба тілдер болып табылады. Мұндағы жазу
үнемсіздігі, бір жағынан, жазба дәстүрі күшті сақталған тіл бо-
луынан да шығады. Екінші, шеттілдік сөздер мен
ономастикалық атауларды таңбалау әдісіне де байланысты.
Біздің ойымызша, кең тараған жазу түрлерін қабылдаған кез
келген жазба тілде әріп саны мен фонема санында алшақтық
орын алады. Өйткені ашық әліпби жүйесі техникалық
құралдардың билігіне бағынышты келеді.
Ашық жазу жүйесінің бірі – араб әліпбиін қабылдаған парсы
жазуында (ІV-V ғ.) 32 әріп бар. Мұның 29-ы консонанттарды, 3-
і вокалдар жүйесін таңбалайды.
Парсы әліпбиі араб әліпбиінің үстіне тілдің өзіне тән 4 фо-
немасын (хойе, иә, вав, гәф) беретін әріп таңбасын енгізіп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет