Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата28.12.2016
өлшемі1,76 Mb.
#612
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

я, ю, л, ф, в, х, щ, ч, ь, ъ, ц  әріптерінен арыламыз,  әрі  у, и
әріптерінің дыбыстық құрамын нақты көрсететін боламыз дей-
ді : чапаев-сapaep, цех-ceh, вагон-bagon, факт-pakt (Фадли Әли.
Саяси тұрғыдан келейік // АТ. 14.05.92 ; Қондыбаев С. Қазақ
жазуының жағдаяттары жөнінде // Маңғыстау газы. 4.08.92 ; М.
Сапархан   Ақыметтің   ақ   жолы   адастырмайды   //   АТ.  7.09.00).
Алайда  ф,  в,  һ  дыбыстарымен   айтылатын   қазақ   тілінде   кісі
есім-дері   бар   екенін   дәйек   етіп,   тілде   бар   дыбысқа   әріп   те
болғаны   дұрыс   дейтін   пікірлер   бар   (Ғабдолкәрімов   С.   Жаңа
қазақ   әліпбиі   қабылдансын-ақ   //   ЕҚ.   03.11.2000).   Мұндағы
негізгі   уәж,   тілдің   даму   деңгейін   бағалау,   қазіргі   қазақ   тілі
айтылым үлгісіндегі өзгешеліктерді ескерту дегенге саяды.
Сөйтіп, авторлар орыс алфавитіне негізделген қазақ әліпбиін
латын графикасына транслитерация жасайды: латын әліпбиінде
бар әріптер өз мәнінде жұмсалады, ал <ч>, <ц>, <щ> дыбыс-
тарына диграф, триграфтарды, диакритикалық әріптерді пайда-
лануды ұсынады, бір ғалымдыр ағылшын графикасының басы
артық әріптерін пайдаланайық дейді. Мысалы, Сс (ш), Hh (ғ), f
(ж), v (ы), х (й), у (ү), q (ө), х (ә) (Жанболатов С. Латын әліпбиі
негізіндегі жазуымыз жайындағы талдау // Ағайын, 2001. №1;
Мырзабек С. Гәп әліпбиде емес оны пайдалана білуде  // ЕҚ.
10.10.00.).
298
299

Біздің   ойымызша,   егер   әліпби   ауыстырудағы   бір   мақсат
түпнұсқа принципімен алынған орыс алфавитінің әріптерін әліпби
құрамынан   алу   болса   және   оларды   латын   әріптерімен   беру
мүмкіндігі  болмаса   немесе  аз болса,   қосар  әріп,  диакритикалық
таңбалармен   бейнелеудің   қажеттілігі   жоқ.   Сондықтан  f,   v,  h
әріптерін өз қызметінде жұмсап, ал [х], [һ] дыбыстарын һ әрпімен,
<ц>-с,   <ч>-ш,  <щ>-шш  әріптерімен   беру   керек   деп   санаймыз.
Өйткені   қазіргі   қазақ   тілінің   артикуляциялақ   базасы   босаң,
жуысыңқы дауыссыздарды айтуға икемделді (тепсе, ақша, абай).
Әрі   тілдің   болашақтағы   дамуы   ұяң,  үнді   дыбыстардың
басымдығымен   сипатталуы   мүмкін.   Сондықтан,   мысалы,  qyqaіa
[қыйқайа],   qaqarman  [қақарман],   jiqaz  [жыйқаз],   uqlew  [уқлеу],
poto  [пото], pilolog  [пыйлолог], pilm  [пійлм]  деп, <ф>, <в>, <һ>
дыбыстарын тұйық дыбыстағаннан босаң, жуысыңқы айту сөздің
естілімін жағымды етеді деп ойлаймыз. Осыған орай, <ц>, <ч>,
<щ> дыбыстарын босаң айту сөз мағынасына әсер етпейтіндіктен
s, c  әріптерімен таңбалау орынды көрінеді:  sіrk,  sement, sellofan,
sentnter, sіfr, carlston, cempіon.
Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары қалай таңбаланады?
Дауыстыларды   диакритикамен:  <ә>  фонемасын  ä/ă  таңба-
ларының,  <ө>  фонемасын  ц/ŏ  әріптерінің бірімен,  <ұ>  дыбы-
сын ŭ, <ү> дыбысын ь әрпімен, <ы> дыбысын э, <і> дыбысын
і әрпімен беру немесе дәйекше арқылы белгілеуге болады.
Сонда   қазақ   тілі   дауыстылары   үшін   (егер   дәйекше   қолда-
нылмаса) латын жазуының мына таңбалары лайық: -a, <ә>-
ă, <ы> – э, <і> – і, <ұ> – ŭ, <ү> – ь,  – o, <ө> – ц, <е> – е.
Дауыссыздардан
 <қ> 
фонемасының   бірнеше   таңбасы
ұсынылып жүр:  Qq,  Кк, Í í  әріптері,  ал  <к>  фонемасы үшін  Кк
және  Сс  таңбалары   тең   ұсынылып   жүр.  Егер   бір   инвари-ант
фонеманың жазуда таңбаланатын варианттары өзара ұқсас әріппен
берілуі   керек   деген   әліпби   теориясына   салсақ,   онда   жуан
дауыссызды  <қ>-к,  ал   жіңішке   дауыссызды  <к>-í  деп   таңбалау
дұрыстыққа әкеледі. Ал егер қабылданған әліпбиде сол дауысты
беруге   сәйкес   келетін   әріп   таңбасы   (мұнда,   мысалы   Qq   –   әрпі)
болса,  онда әліпби мүмкіндігін пайдалану дұрыс деп танылады.
Біздің ойымызша, <қ> фонемасы үшін басы артық диакритикалық
таңбадан   гөрі,  q  әрпін   қолдану   тиімді.   Ал  <к>  фонемасына  к
таңбасы   бар,  <ң>  фонемасын   ŋ   әрпімен,  <ш>  өзге   түркі
әліпбилеріне сай ş әрпімен таңбалаймыз.
Енді  бір
пікір  “орыс  жазуындағы  я, ю әріптері  а, у
фонемаларының   жіңішке   варианттарын   таңбалайды.
Сондықтан қазақ жазуындағы бұл әріптер өз қызметінде тұрған
жоқ,   әрі   са-уат   ашу   ісінде,   тасымал   жасауда,   буын   жігін
үйретуде   қиындық   тудыратын   таңбалар   болып   отыр.   Кейбір
сөздердің жазылуын жаттап алуға тура келеді (қояйын, аяйын)
дегенге   саяды.   Бірақ  я,   ю  әріптері   қазақтың   төл   сөздерінің
дыбысталуына   кері   әсерін  тигізгені   туралы   мәлімет   болған
емес. Бастауыш сыныпта бұл әріптерді <й> мен <а>-ның, <й>-
мен <у>-дың қосындысы деп оқытады (тек и мен у-дың дыбыс
құрамын  дұрыс   бермейді).   Дегенмен  я,  ю,  л  әріптерінің   қос
дыбыс   мәнін   беруі   сөздің   буын   құрамын   белгілеуге   зиянын
тигізіп   келді   десе   де,   жазу   үнемділігі   үшін   едәуір   жеңілдік
еткенін мойындау керек. Ендігі жазуда, мы-салы, аю, сою, қию
сөздері  ajuw, sojuw, qэjuw  деп, 2-3 әріпті, не-месе компьютер
тетігін артық басатын боламыз. Әйтпесе, ру, су, аю, қию сөздері
екі, үш әріппен жазылса да ұ-рұу, сұу, а-йұу, қы-йұу деп, 4:3, 4:5
дыбыспен айтылып, екі буыннан құралады деп үйрету ауызша
тіл мен жазба тілдің айырмашылығын көрсетер еді.
У, u қосар дыбыс таңбаларын қалай беруге болады?
Қазіргі   графикамыздағы   қосар   дыбыс   таңбасын   беретін  у,  u
таңбалары 30жж. проф. Қ. Жұбановтың ұсынуымен, кейін 1952ж.
проф.   М.   Балақаевтің   қолдауымен   әліпбиге   енгені   белгілі.   Қ.
Жұбановтың “Қосар ма, дара ма?” деген мақаласында “уу, үу, ұ, ү,
у  әріптерімізбен   таңбалап   жүрген   түрлі   дыбыстардың   бәрі  де
жалғыз у мен көрсететін жерлері болушы еді. …Бұл үлкен шатақ
еді.  Осы  шатақтан  құтылмақ  болғандағы қарманғаны  әлгі қосар
әріптер болады. Бірақ шатақтан құтқару орнына әлгі қосар әріптер
одан   әрі   қосарлана,   шатақты   шиеленістіре   түсті”   деген   жолдар
бар.   Қосар   әріпті   жақтаушыларға   қарсы   Қ.Жұбанов   бір-неше
дәлелдер   келтіреді.   Мысалы,   егер   қосар   әріптің   соңғысы
дауыссыз, сондықтан одан кейін дауысты дыбыстар келеді де-
генге таулы, қойлы, шідерті, қайсы, анаусы сөздерінде өзгеріп
жалғанып тұр, у, й дыбыстары о бастан қосар, себебі су  суғ,
бу – буғ, тій – тег, би – бег болған дегенге бұл дәлел емес,
себебі  сариғ    сары,  тірік    тірі,  торық    торы  болып   қосар
дыбыстардың   біреуі   түсіп   қалады   екен   деп   қосар   әріп   іздеп
отырған   жоқпыз  дейді.   Ғалым  өзі   өмір  сүрген   кезеңдегі   оқушы
қатесінің көбі  ый,  ій  әріптері болып отыр дейді (Бір қызығы екі
дыбыстың орнына бір таңба жазатын қазіргі жазуымызда да осы
әріптердің емлесі қиындық тудыратынын айтады ғалымдар).
300
301

Сөйтіп, ғалым төрт әріптің (ұү, үу, ый, ій) орнына екі әріп жазуды
ұсынған еді. Бұл көзқарас қазақ тілі білімпаздарының біразының
әсіресе,   1940ж.   Жаңа   әліпбиді   түзуші   проф.   С.   Аманжоловтың
пікір қарсылығын тудырғанмен (Аманжолов С. Еміле ережесі мал
емес // АТ. 2001, 18.VII) қазіргі графикамызға қабылданды.
2013 жылы үкімет қарауына ұсынылған негізгі 2 жобаның
бірі проф. Ә.Жүнісбектің әліпбиінде  и,  у  әріптерінің таңбасы
болмаса, екінші жоба – проф. З.Базарбаеваның әліпбиінде бар.
Жазуды   зерттеген   алғашқы   жылдарда   біз   де   дара   әріппен
таңбалауды жөн көрдік. Себебі сауат ашу ісінде и, у әріптеріне
қатысты   қиындық   жоқ.   Сөз,   буын   бойындағы   дауысты
таңбалары   арқылы   дыбыстың   жуан,   жіңішке   екені   оңай
айрылып келді. Қазақ тіліндегі кез келген дауыссыз дыбыс жеке
айтылғанда  ы  дауыстысын қосып айтады (бы,  пы,  ыл,  жы…).
Бірақ   жазғанда   таңбаланбайды.   Егер   бұларды   бір   деңгейде
қарасақ,  у/и  әріптері   сияқты   басқа   да   дауыссыздар   таңбасы
жеке   таңбаланғанда   (б,   т,   с…)   қосар   дыбысты,   дауыстымен
іргелес келгенде дауыссыз дыбысты береді.
Егер жазу көзбен көрінетін таңбаларды шартты түрде қолдану
арқылы   адамдар   арасындағы   коммуникацияның   жүйесі   болса,
ортақ,   келіскен   әріп   жазылған   сөзді   ауызша   тілге   айналдыруға,
дыбысталғанды   таңбаға   түсіруге   кедергі   келтірмесе   және   жазу
экономиясына   сай   келсе   (төрт   әріптің   орнына   екі   әріп   жазсақ),
онда екі дыбыстың орнына бір таңба салудың жазу теориясы-на
кереғарлығы   жоқ   деп   ойлайтынбыз.   Сол   себептен   де   1929ж.
жазуға түзету енгізілгенін мойындауымыз керек.
Т.А.Амирова   алфавит   графикалық   символдардың
(әріптердің)   тізімі   ретінде   “код-делдал”   техникалық   аппарат
болып табыла-ды. Ол сөзді жазуға  немесе керісінше аударып
отырады   деген.   “При   этом   важно   отметить   следующую
закономерность : чем больше множество единиц алфавита, тем
меньше   множество   комбинаторных   и   позиционных   правил   в
графемной системе и наоборот” деген.
Ә.Жүнісбек   әліпбиіндегі  y   –  латыншада   [wai],   бірнеше
мағынасы   бар,   яғни   [   i   ]   дыбысын   беретін  (symbol,   myster-
құпия,  symphony, any,  ready,  lady),  сөз басында  [ j ]  дыбысын
беретін (you, youth, yes) – әріп қазақ сөздеріндегі дауыссыз, үнді
<й> фо-немасын береді.
Ал [ый], [ій] дыбыс тіркесін таңбалайтын  «ұзын и», «дау-
ысты и» деп әріп-фонема қатынасынан қате түсініліп жүрген и
таңбасы жаңа графика бойынша қазақ сөздерінде жазылмай-
ды. Ал халықаралық терминдер мен ел аттары і әрпімен жазы-
лады. Мысалы, kino, institut, himie, tehnike, kibernetike, fizike, film.
Бұл фонология тұрғысынан жүйелі. Яғни сый, тый сөздерінде
ғана жазылып келген орфограмма енді барлық и таңбаланатын
тұстарда жазылатын болады. Мысалы: сыйлық – sэylэq, сиыр
– sэyэr, ми – mэy, инелік – іynelіk,қияр – qэyar, тиын – tэyэn.
Алайда бұл арада тағы да нақты ойлану керек. 1929 жылы
мен   1940   жылы   алдыңғысы   латын,   кейінгісі   орыс   жазуын
қабылдаған тұста қосып арқалаған жұмыс осы болғанын тарих
ескертіп   отыр.   Жазу   үнемділігі,   қағаз   үнемділігі,   уақыт
үнемділігі деген-дер қай ғасырда да қажетті мәселелер.
Жарты дауысты дыбыс (А. Байтұрсынұлы, Тіл тағылымы,
179б.),  шала   дауысты  (Қ.Жұбанов,   Қазақ   тілі   жөніндегі
зертте-улер, А., 2010. 59б.) деп ХХғ. басында анықталған <у>
фонема-сы А.Байтұрсынұлының «Сауат ашқышында» (1926ж.)
бір ғана таңбамен беріледі: тану, салу.
Қазақ тілші ғалымдары және әліпби жобасын ұсынушы өзге
де   тұлғалар   жаңа   графикаға   көшуде  у,  и  әріптеріне   қатысты
1929   жылғы   графиканы   қабылдағанда   қазақ   жазуын   тілдің
дыбысталуына жақындатамыз деп шешеді. Бірақ қазақ жазуы
–   фонологиялық   жазу.   Осы   сипатын   көпшілік   фонетикалық
жазу деп қабылдайды.
Сондықтан   қалай   жазылса,   солай   оқылу   нормаға   айналған
бүгінгі   қазақ   жазба   тілі   мен   ауызша   тілінің   арасындағы
ажырағысыздықты жазба тіл арқылы реттемесе, енді бір 20 жылда
қазақ тілі өзінің ұлттық орфоэпиялық ерекшелігінен айырылады
дейді.   Расында   да   солай.   Қазіргі   қазақ   жастарының
орфоэпиясында ерін үндестігі мүлде жоғалды деуге болады. Сөз
тіркесіндегі ырғақтық топтарда, екі сөз жігіндегі ықпал да бірте-
бірте көмескі тартуда. Сонда  күту    кьtьw, miy –  ми, jiyǔw-  жию
делініп,   дыбыс   тіркесі   ажыратыла   таңбаланса,   қалай   жазылса,
солай   оқып   дағдалынған   түйсік   біртіндеп   сөздің   дұрыс   айту
нормасын меңгере бастайды дейді көпшілік пікір айтушылар.
Алайда жазба тілмен ауызша тілді жақындату мұнымен ғана
шектелмейтінін ойласақ,  шешілуі  қиын мәселеге тап болаты-
нымызды көруге болады. Мысалы, ырақымет, ылақ, ырас деп
жазу сияқты.
Сондай-ақ тағы бір мынадай сұрақ туады. У дыбысы ұу, үу
болып тіркесе ме, әлде ыу, іу болып тіркесе ме?
302
303

<у>  фонемасы, проф. Ә.Жүнісбек анықтағандай,  ерін-ерін-ді,
тоғысыңқы,   үнді   дауыссыз   өзге   дауыссыздардан   алдынан   не
соңынан  [ұ]  дыбысын  қосып  айтуымен  ерекшеленеді   (басқа  да-
уыссыздар қысаң, жуан езулік  [ы] дыбысын қосып айтады). Бір
қызығы, ХХ ғасырдың басында – қазақ орфоэпиялық нормасы-на
«сызат   түспеген»   дәуірде   А.Байтұрсынұлы   бұл   позициядағы
инвариант   дыбысты   <ы>   деп   тапқан.   «Қазіргі   тұжырымдардан,
алуб десек, келіб демей, келүб десек, онда алұу, барұу деуге бола-
ды. Оның үстіне алыуды  алыс, барыуды  барыс, келіуді  келіс
деген сөздермен алмастыруға болады. Ендеше у-дың алдына ұ,
ү әріптерін салудың еш қисыны жоқ” дейді ғалым.
Қазақ тіліндегі кез келген дауыссыздың алдынан не соңынан
қысаң   езулік   қосылып   айтылады.   А.Байтұрсынұлының   сөзімен
айтсақ,   «жеке   айтқандағы   ауыздан   шығуынша   жазу   түрін
қолданып келген қазақ” [5, 6] қысаң, жуан езіліктерді инва-риант
деп табады: [бы], [жы], [ыр], [қы]. Осы жүйе бойынша, [ый], [йы],
[ыу],   [уы]   болуы   керек.   Бірақ   <й>   фонемасы   профес-сор
Ә.Жүнісбектің   айтылым,   жасалым,   естілім   сипаты   арқылы
анықтаған   айырым   (дифференциалды)   белгілері   (тілшік,
жуысыңқы,   үнді,   кейінді,   езулік   дауыссыз)   қысаң   езуліктермен
дыбыстатады.   Ал  еріндік   дауыссыз  болып   табылатын   <у>   ерін-
діктермен   дыбыстатады.   Сонда   «исключение»  у  фонемасында
ғана.   Ендеше   [ұу],   [үу]   таңбалануға   тиіс   емес,   фонетикалық
вариант   болып   табылады.   Егер   біз   жаңа   орфографияда   <у>
фонемасын дыбыс тіркесіне ажыратып жазсақ, онда тауық,
сауық, жауық, сеуіп, теуіп, кеуіп сияқты сөздерде ы орнына ұ,
ү жазу керекӨйткені дыбыстың алды мен соңы бірдей позици-
яда. Мұнда дыбыс инварианты фонема емес, дыбыс варианты
таңбаланған болып шығады. Бұл орфограммалар, әрине, қазақ
сөзінің   дұрыс   айтылу   нормасын   сақтауға   көмектеседі.   Қазақ
тілінің   дыбыстық   құрамы   жаңа   сауаттанатын   баланың
санасына дұрыс бекиді.
Қиын   сұрақ.  Егер   латын   графикасына   негізделген   жаңа
қазақ  әліпбиіне   ауысарда   осы   орфограмманы   таңдасақ,
тіліміздегі   ерін   үндестігінің   қаншалықты   басыңқы   сипатта
болатынына келісіп алуымыз керек.
Құю – qǔyǔw, үю – ьyьw, сою – soyǔw, күю – kьyьw,  осындай
транскрипциялық   жазуды   қабылдауға   тілұстармандардың   (про-
фессор Н.Уәли термині) санасы қаншалықты дайын?
-
Сөз аяғында, соңғы буында ұ, ү еріндіктері жазылмайды
деген   ережені   алып   тастағанда   үндесім   турасында   шекараны
қалай айқындап аламыз?
Осы   сауалдарды   әбден   ойланып   шешкеніміз   жөн.   Әрине,
біздер тілшілер қауымы жаңа графикада қазақ сөздерінде  у,  и
әріптерінің   дыбыстық   құрамын   ажыратып,   ал   халықаралық
терминдерді, ел, халық атауларын жазуда «ұзын и», «ұзын у»
әріптеріне і және u таңбасын алғанның негізі бар деп көреміз:
Ukraina, Belorus, ministir, universitet, institut.
Сонымен,   қазақ   тілі   дауыссыздар   жүйесі   латын
графикасының   мына   таңбаларымен   берілгені   жөн   деп
ойлаймыз: в (б), d (д), g (г), р (ғ), j (ж), к (к), q (қ), l (л), m (м),
n (н), ŋ (ң), p (п), r (р), s (с), ş (ш), t (т), w (у), y(й).
Біздің ойымызша, компьютер мүмкіндігі дәйекше қолдануға
жетсе, онда жаңа қазақ әліпбиі А.Байтұрсынұлының дәйекше
арқылы   жазу   дәстүрін   қайта   жаңғыртуы   керек.   Дәйекшені
қолдану   тек   АБайтұрсынұлының   әліпбиінде   емес,
Х.Досмұхамедұлының   (1925),   Қ.Жұбановтың   (1934),
Н.Төреқұловтың   (1925),   Ж.Аймауытовтың,   Ә.Жүнісбектің
(2002)   әліпбилерінде   ұсынылды.   Сонда  а-ә,  ы-і,  о-ө,  ұ-ү,  е
әріптері үшін латын әліпбиінің a, y, o, e, ь таңбалары алынады.
<ғ>,   <г>,   <қ>,   <к>  дауыссыздарының   фонемалық   мәртебесі
айқындалғанмен,   төрт   дыбысты   екі   әріппен   беріп,   жуан-
жіңішкелігін дәйекше арқылы ажыртуға болады.
Дәйекше қолданылған жаңа әліпбиінде 27 әріп бар (11-кес-
те).
11 кесте – Дәйекшелі жаңа әліпби жобасы

әріп фон №
әріп фон №
әріп Фон №
әріп фон
1
a
а-ә
8
р
ғ
15
m
м
22
t
т
2
b
б
9
h
һ-х   16
n
н
23
v
в
3
ş
ш
10
і
ы-і   17
ŋ
ң
24
ŭ
ұ-ү
4
d
д
11
j
ж
18
o
о-ө   25
w
у
5
e
е
12
k
к
19
р
п
26
у
и-й
6
f
ф
13
q
қ
20
r
р
27
z
з
7
g
г
14
l
л
21
s
с
Сөйтіп, “Тем более что с точки зрения теории письма латинс-
кий алфавит, в том виде, в каком он применяется в странах запа-
да, не имеет никаких преимуществ по сравнению, скажем с араб-
ским, греческим или русским алфавитами” деген И.Е.Гельбтің
304
305

сөзіне   сәйкес   латын   графикасын   тілдің   дыбыстық   құрамына
қарай бейімдеп алуға болады деп ойлаймыз.
Оқуға арналған материал
Лингвистикалық және мәдени-әлеуметтік 
түрткіжайттардың басымдылығы
Елбасының Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ХІІ сес-
сиясында сөйлеген сөзіне байланысты еліміздің зиялы қауымы
әлемдік өркениетінен аралас-құраластықты дамыту үшін латын
графикасы негізіндегі қазақ әліпбиіне көшудің, дәлірек айтсақ,
оған қайта оралудың қажеттілігін терең пайымдап отыр.
Латын графикасы қазақ тілі үшін мүлде бейтаныс жүйе емес,
кеңестік тоталитарлық жүйе 1929 жылы қазақ халқының ғасырлар
бойы қолданылып  келген   араб графикасы  негізіндегі  әліпбиінен
айырды. ХVІІІ –ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың ба-сына дейін араб
графикасы негізіндегі қазақ жазуымен мыңнан астам атпен кітап,
ондаған   атпен   газет-журналдар   шығарылған   болатын.   Әр   үйде
болмаса да, үлкен шаңырақта Құран Кәрім, я болмаса Мұхтасар,
«Қиса-ұл ғибия» түтін сайын болмаса да үш үй, төрт-бес үйдің
біріне   «Алпамыс»,   «Ертарғын»,   «Қыз   Жібек»,   «Зарқұм»,   «Сал-
сал», «Бозжігіт» т.б. толып жатқан қисса дас-тандар қазақтардың
қатерлі дүниесі саналатын академик-жа-зушы Ғабит Мүсіреповтің
айтуынша   қазақ   мұндай   кітаптардың   біреуін   ХХ   ғасырдың
басында бір қойға сатып алады екен. Әлгі кітаптардағы жазылған
қисса   дастандарды   ауыл   адамда-ры   бір   үйге   жиналып   тыңдап,
тамашалайтын көрінеді. Мұның өзі қазақтың жылқықұмарлығын
ғана   емес,   кітапқұмарлығын,   жазу-сызуға   ынтықтығын   да
көрсететін мінез болса керек.
Төте   жазу   деп   аталатын   ұлттық   жазуымен   қоштасып,   латын
графикасы негізді әліпбиге «әлемдік революция» ұранын көтерген
саясаттың   салдарынан   қазақтың   1929   жылы   латын   әліпбиіне
көшуімен байланысты әлгідей мәдени-рухани мұрасынан қол үзіп
қалды.   Сөйтіп,   қазақ   халқы   сауатсыз,   жазу-сызуы   болмаған   тек
кирилше   әліпбимен   сауат   ашқан   деген   пікір   қоғамдық   са-нада
орнығып, стереотипке айналды. Орыс тілінде білім алып жатқан
қазіргі   мектеп   оқушылары,   жоғары   мектеп   студенттері,   араб
жазуын   былай   қойғанның   өзінде,   қазақтар   1929-40   жж.   ла-тын
әліпбиін қолданған дегенге таңырқай қарайды.
Латын графикасы негізіндегі әліпбиге халықтың енді ғана көзі
үйреніп,   қолы   жаттығып   келе   жатқанда   қазақ   жазуы   өктемшіл
Орталықтың   әмірімен   кирилшеге   көшірілді.   Латын   графикасы
негізіндегі әліпби қазақ қоғамында он жылдай қызмет істеді.
Ұлтсыздандыру, дінсіздендіру идеологиясының зорлығымен
Орталықтың   дегенімен,   1940   жылы   «бір   күн   бір   түнде»
кирилше жазуға көшкені мәлім.
Қазақ   жазуы   арабтан   латынға,   латыннан   кирилшеге
көшкенде   де   бәріне   тоталитарлық   тәртіпке   негізделген   саяси
фактор күшті болды.
Біз   бір   есептен,   латын   графикасы   негізіндегі   бұрынғы
әліпбиімізге, кейбір өзгерістермен қайта  оралмақпыз. Ол кез-
дегі жағдай мүлде басқа еді. Қазір қазақтардың әліпби таңдауы
тәуелсіз Қазақстан жағдайында, өтпелі кезеңнің өткелектерінен
өтіп,   тұрақты   даму   жолына   түскен   жағдайда   жүзеге   асқалы
отыр.   Мұндай   мәдени-әлеуметтік   шаралардан   пиғылы   теріс
саясатшылар «орыстан кету», «батысқа бодан болу» деп саяси
астар іздеп әсіресаясиланған факторды алға тықпаламақ бола-
ды. Ал жағдайдың өзі шын мәнінде лингвистикалық,  мәдени-
әлеуметтік факторлардың  бірінші орынға тұрғанын көрсетіп
отыр.
Жоғарыда   біз   азды-көпті   мәдени-әлеуметтік   факторға
тоқталдық,   ендігі   сөз  лингвистикалық   фактор  туралы.
Қазіргі   қолданылып  отырған   әліпбиімізде   42   әріп   бар.   Қазақ
тілінің   фонологиялық   жүйесінде   мағына   ажырататын   негіз-гі
дыбыстардың   саны   29   (9   дауысты,   19   дауыссыз)   бола   тура
әліпбидегі   әріптің   санының   42   болуы   ешбір   лингвистикалық
өлшемге сыймайды.
Әріптің саны негізгі дыбыстардың санынан екі есеге жуық
асып кеткен. Бұл – әліпбидің оңтайлы, тиімді екенін көрсететін
лингвистикалық   критериймен   мүлде   үйлеспейді.   Әліпбидің
тиімділігін   бағалаудың   критерийі   бойынша,   әліпбидегі
әріптердің саны негізгі дыбыстардан соншалықты алшақ кет-
пеуі керек, негізгі дыбыстармен тең түсіп жатса дұрыс, ал әріп
саны   негізгі   дыбыстардан   аздап   кем   болса,   одан   да   жақсы
болып есептеледі. Мысалы, А.Байтұрсынұлы әліпбиіндегі (төте
жазу)   әріптің   саны   негізгі   дыбыстан   кемірек.   Орыс   тілі
әліпбиіндегі әріптің саны негізгі дыбыстардан аз, сол сияқты
ағылшын, не-міс т.б. елдердің әліпбиіндегі әріптің саны негізгі
дыбыстардан әлдеқайда кем:
306
307

Орыс тілінде
негізгі дыбыстар 41
әріп саны 33
Ағылшын тілі негізгі дыбыстар 45
әріп саны 26
Француз тілі
негізгі дыбыстар 35
әріп саны 26
Қазақ тілі
негізгі дыбыстар 28
әріп саны 42
Әліпбидегі  әріптердің  саны шамадан  тыс  көп болуы   мек-теп
табалдырығын   аттаған   оқушыларымызға   да   оңай   тимейді.   Ана
тілінің   дыбыстарын   бейнелейтін   әріптерді   мектепке   келген
балдырғандарымыз дыбысқа (уәжге) сүйеніп, тез үйреніп алады.
Сөйтіп дыбыс пен әріптің байланысы оқушы санасында  білімге
айналады.   Ал  ъ,  ь,  ц,  щ,  …   тәрізді   таңбаларды   дыбыстық   уәжі
болмағандықтан, жаттап алуына тура келеді. Қазақ тілінің дыбыс
жүйесіне қатыссыз әріптерді жаттап, миға салмақ түсіреді. Бұл
–   мәселенің   лингвистикалық-психологиялық   жағы.   42   әріппен
байланысты   бұл   қайшылықты,   әсіресе   ұстаздар   қауымы   жақсы
біледі.   Бұл   жайт,  жоғарыда   айтқанымыздай,   кирилше   әліпбидің
түкке   алғысыздығынан   емес,   я   болмаса   кирилшені   әуелде
тіліміздің жүйесіне сай етіп ұқсата алмаған тіл мамандарының да
кемшілігі емес. Қазақ лингвистерінің кәсіби біліктілік деңгейі қай
кезде   де   төмен   болған   жоқ.   Әліпбидегі   түйткілдің   түп-та-мыры
тоталитарлық   жүйенің   Кеңестер   одағындағы   тілдерді,   ұлттарды
бірте-бірте   ассимиляциялау   саясатымен   байланыс-ты   болды.
Кеңестік   кеңістікте   халықтарды   бір   тілге   көшіріп,   Бабыл
мұнарасын орнатып, көктегі коммунизмге қол жеткіз-бек болған
идеологиялық   қысымның   салдарынан   кирилше   әліпбиіміз
бұрмалауға түсті. Қазақ әліпбиіне енгізілген в, ъ, ь, ц, щ … тәрізді
әріптер   алдымен   халықаралық   терминдерді,  со-ветизмдерді,
онимдерді (жалқы есімдерді) орыс орфографиясы-мен жазу үшін
енгізілген.   Сонымен,   қазақ   әліпбиі   таза   ұлттық   әліпби   болмай
қосамжар   әліпби   болды.   Қазақ   орфографиясы   да   сиям   егіздері
сияқты қосамжар орфография болып шықты. Қазақ мәтіндерінде
қазақша жазылатын сөздер мен бөтен тілдің бөркін киген сөздер
аралас-құралас   жүрді.   Сөйтіп,   советизмдерді,   ин-
тернационализмдерді,   онимдерді   Орталық   орыс   орфографиясы-
мен бұлжытпай жазу үшін  ч,  щ,  ю,  я,  ъ,  ь,  ц    тәрізді әріптерді
енгізуге тіл мамандарын мәжбүрледі.
Шын мәнінде жазба коммуникация үшін 28 әріп те жеткілікті
еді. Ал 13–14 әріп шеттілдік сөзді орыс орфографиясымен жазу
үшін әліпби құрамына кіргізілді. Сөйтіп, емле жүйесі басқа
тілдің   ережесіне   кіріптар   болып   қалды.   ¤ркениетті   елдердің
әліпбиіндегі   әріптер   әдетте   өздеріндегі   негізгі   тілдік   дыбыс-
тарды (фонемаларды) таңбалайды, ал басқа тілдің сөзін жазу
үшін арнайы әріп сайлап қоймайды. ¤здерінің төл сөздеріндегі
дыбыстарды белгілейтін әріппен шүршіттің сөзі болса да жаза
береді.
Сонымен,   қазақ   әліпбиіндегі   дыбыстардың   бір   бөлігі   қазақ
тілінің,   екінші   бөлігі   орыс   тілінің   дыбыстарын   белгілейтін
құранды   әліпби,   қосамжар   орфография   болып   шықты.   Бұның
салдарынан шеттілдік сөздерді дыбыстық жақтан игерудің тіл-дік
механизмдері   жұмыс   істемей   қалды.   Тіл   тегершіктерінің   бірі
жұмыс   істемей   қалса,   бұл   –   дабыл   қағатын   жай.   Орыс   тілінен
енген сөздер қазақ тілінің дыбыс жүйесімен жымдасып, жара-сым
табудың   орнына   алабөтен   оқшауланып   қалды.   Бұрынғы   кезде
плетен  белетен, купарос  көкбараз, вершок  бершек
деп орыс сөзін өз тілінің тәртібімен бауырына басты. Енді қазақ
тілінің   сөздік   құрамында   дыбыстық   тезге   түспеген,   өңделіп,
игерілмеген өгей сөздердің үйірі көбейе берді, көбейе берді.
Қазақ  жазуының  ұлттық  сипатынан  ауытқып,  басқа   жаққа
бет   алып   бара   жатқанын   айқынырақ   елестету   үшін   газет,
журнал,  ғылыми  кітап,  оқулықтардың  кез  келген  бірін  алып,
мәтіндегі   сөздерді   орфографиясына   қарай   топтастырып,
таразылап   көріңіз.   Сол   кезде   таразының   бір   басына   қазақ
тілінің заңдылығымен, екінші басында бөгде тілдің тәртібімен
жазылған   алабөтен   сөз   үйірін   байқайсыз.   Жыл   өткен   сайын
«импортталған» сөздердің саны еселеп көбейіп келеді. Мұның
өзі   қазақ   тілінің   ежелден   келе   жатқан   дәстүрлі   нормасының
бұзылу   қаупін   күшейте   түседі,   ал   дәстүрлі   нормасынан
айырылған   тіл   қанаты   қайырылған   құстай   дәрменсіз   болып,
қоғамдық қызметін ойдағыдай атқара алмай-ды.
Бұл   жерде   мәселе   қолдан   қоюлатылып   отырған   жоқ.   Әрине,
кірме сөзге Қытай қорғанын салса да, тоқтату қиын. Оларды (кір-
ме   сөздерді)   тілдің   өз  мүлкіне   айналдырып,   мағыналық   жақтан
ғана  емес,   дыбыстық   тұрғыдан  да   игеруі   қажет.  Олай   болмаған
жағдайда   орфоэпиялық   ереже,   дыбыстау  нормасы   да   дәрменсіз
күйге түседі.  Ұлттық университет,  ұлттық академия,  ұлттық
әдебиет, ұлттық өнер, ұлттық тәрбие, ұлттық мемлекет,
ұлттық қауіпсіздік  деген жиі айтылады. ¤йткені бәрінің ірге-
тасы – ұлттық тіл. Ал оның ұлттық сипатына қаяу түсіп, тіні
ыдырап жататындай болса, ұлттығымызға сын емес пе?
308
309

Қайсыбіреулер «… республика, конституция, ламинат, капи-
тал  т.б.  тәрізді   сөздерді   осылай,  орыс   орфографиясындағыдай
жаза берейік, онда тұрған не бар» дейді. Сырт қарағанда, солай.
Бірақ   бұлар   басқа   тілдің   дыбыстық   коды,   сондықтан   тілімізге
сіңбей, оқшау, жат дүниедей болып тұр. Орыс тілі кез келген шет-
тілдік сөзді өзінің дыбыс жүйесіне, жазу тәртібіне салып, сіңіріп,
қорытып   ала   қояды.   Орыс   жазуының   ұлттық   сипаты   күшті.   Ал
шеттілдік сөздерді өзіміздің дыбыстық жүйемен, өзіміздің жаз-ба
тіл   жүйесімен   тілімізге   сіңіре   алмасақ,   игеріп   ала   алмасақ,
ұлттығымыз   қайсы?   Алайда   қоғамымыздың   тұрақты   дамуына
экономикасының жақсаруына әсер ететін күшті факторлардың бірі
ұлттық   идея   емес   пе?   Республика   Президенті   ұлттың   да-муын
тілдің   дамуымен,   ұлттың   болашағын   тілдің   болашағымен
байланысты   қарау   идеясын   ұсынып   отыр.   Қазіргі   жазу   жүйесі
ұлттық идеямен қабыса ма? Тілдің негізгі заңдылығымен үйлесім
тапқан   жазу   ғана   ұлттық   болса   керек.   Мысалы,   орыс   жазуы
әлемдегі   ең   озық   жазу,   өйткені   онда   орыс   тілінің   акцент-тік
болмысы   дұрыс   бейнеленген.   Ал   қазақ   тілінің   заңдылығы
бойынша   төлтума   сөздері   бірыңғай   жуан,   я   болмаса   бірыңғай
жіңішке әуезбен айтылады. Қазақ мәтіндеріндегі сөздер, төл сөз
болса   да,   шеттілдік   сөз   болса   да   жуан//жіңішкелік   үндесімге
бағынуға   тиіс.   Сондықтан   зиялы   қауым   өкілдері   қазіргі   жазуды
(әліпбиді,   емле   ережелерін,   орфографиясын)   түбегейлі   рефор-
малау мәселесін қоғам алдына қойып отыр.
Енді   бір   сәт   ана   тіліміздегі   сөздердің   дыбыс   құрамына   зер
салсақ,   олардың   көбіне   бірыңғай   жуан,   я   болмаса   бірыңғай
жіңішке сегменттік бірліктерден тұратыны байқалады. Ал проф.
Ә.Жүнісбековтің   концепциясы   бойынша   жуан/жіңішкелік   сөздің
ұзына   бойына   тән   просодикалық   бүтін   болып   табылады.   Қалай
десек   те,   сөз   құрамындағы   дыбыстардың   өзара   үндесіммен   ай-
тылуы   –   ерекше   феномен.   Мұндай   үндесім   сөзішілік   деңгейде
ғана   емес,   одан   жоғары   тұратын   сөзаралық   құрылымдардың
құрамында да кездесетін фреквенталий екенін байқауға бо-
лады. Мысалы, 1) ата-ана, әке-шеше, ауыл-аймақ, ата-баба,
қыз-қырқын т.б. деген қос сөздер өзара мағыналық үйлесіммен,
әрі жуан үндесіммен айтылса,  әке-шеше,  үлкен-кіші,  көл-көсір
т.б. қос сөздердің едәуір түрі жіңішке үндесіммен айтылады; 2)
қып-қызыл, қап-қара, жіп-жіңішке тәрізді күшейткіш буындар да
жуан/жіңішкелік   үндесіммен   дыбысталады;   3)   қазақ   тіліндегі
едәуір қосорамды фразеологиялық тіркестердің сыңарлары да
өзара мағыналық үйлесіммен, әрі дыбыстық үндесіммен айты-
лады:  күн десе көзі,  ай десе аузы бар;  ай дер ажа жоқ,  қой дер
қожа жоқ; алып алты, жеп жеті болмайсың; ақ дегені алғыс,
қара дегені қарғыс; алты аласы, бес бересі жоқ; 4) едәуір мақал-
мәтелдердің де құрамындағы сыңарлар да жуан/жіңішке әуезбен
жұп құрайды:  атасы достың баласы дос;  жақсысын айт  ,  жа-
манын   тақап   қой;   жақсы   бала   еліне   бас   болады,   жаман   бала
еліне   қас   болады;   арамдықты   адалдық   жеңеді,   жамандықты
амандық жеңеді; көрмеген көлде естімеген қаздың дауысы бар
т.б. тәрізді қосорамды мақал-мәтелдердің құрамындағы сөздер де
мағыналық   үйлесіммен,   дыбыстық   үндесіммен   сөзді   әрлендіріп
тұр.   БАҚ   мәтіндеріндегі   тақырыптардың   да   аттары   мағыналық
үйлесіммен,   дыбыстық   үндесімімен   тартымды   болып   тұрғаны
байқалады: бірлескен жобаның берері көп; иесі бардың игілігі бар;
айбынды сардар арамызда екен («Егемен Қазақстан»).
Сөз ішіндегі дыбыстардың ғана емес, қос сөздердің, күшейткіш
буынды   сөздердің,   фразеологизм,   паремологизмдердің,   га-зет
тақырыптары мен айдарларының құрамындағы сөздер мағыналық
үйлесіммен,   дыбыстық   үндесіммен   айтылуы   –   таза
лингвистикалық   қана   емес,   сондай-ақ   тілдік   ұжымның   когни-
тивтік санасында орын тепкен эстетикалық категория.
Тіліміздегі сөз әуезінің жуан//жіңішкелік оппозициясы бұрын
тек тілдік факт делініп, кейініректе тілдік заңдылық және норма
деп танылса, ендігі жерде бұл феноменді тілдік тұлғаның (жеке
тілдік   тұлғаның,   тілдік   ұжымның)   когнитивтік   санасында   кодқа
салынған эстетикалық ақпараттар жүйесі деп танылу қажет.
Сонымен   жоғарыда   біз   шеттілдік   сөздердің   ондап-жүздеп
кіріп   жатқанын   айттық.   Егер   ондай   «импортталған»   сөздер
қазақтың дыбыс әуезімен жазылмайтын (айтылмайтын) болса,
бөтен тілдің тәртібімен жазылса,  оның салдары мен зардабы
қиынға   соғатыны   қазірдің   өзінде   байқалып   отыр.   Олай   дей-
тініміз жеке тілдік тұлғаның, тілдік ұжымның когнитивтік сана-
сында   сөздің   жуан/жіңішке   әуезі   арқылы   орныққан
эстетикалық   таным   бірте-бірте   көмескі   тартады.   Болашақ
ұрпақтың   тілдік   са-насынан   фразеологизм,   мақал-мәтел,
көркем мәтіндегі сөздердің әуезді үндесімі бірте-бірте жоғала
бастайды. Ұлттық тіліміздің ата-бабадан келе жатқан сыры мен
сипатын жоғалтып аламыз ба деген үлкен қауіп бар. Ол бүгінгі
әліпбиімізбен байланысты-ау демеуге әддіміз жоқ.
Әрине, латынға көшпей-ақ қолда бар әліпбидің артығын
310
311

алып,   кемтігін   толтырып   та   қазіргі   жазу-сызуымыздың   бет-
бағдарын ұлттық сипатқа қарай бұруға болар еді. Күдікшілердің
бұлай деуінде қисын жоқ емес. ¤йткені қалауын тапса, қазіргі ба-
уыр   басқан   кирилшемен-ақ   шеттілдік   ауыс-түйістерді  өперәтір
(оператор),  кілінійке  (клиника),  іреспүубілійке  (республика)   деп
үндесім тәртібіне бағындыруға да болар еді-ау.
Әрине,   әуел   бастан-ақ   осындай   бағытпен   жүргенде,   бәлкім,
мемлекетіміз қазіргі кезде әліпби саясатымен бас ауыртпа-уы да
мүмкін   еді.   Бірақ   бүгінгі   кезде   «импортталған»   сөздерді   өзге
тілдің   тәртібімен   жазу  санаға  әбден   сіңісті   болып,   стерео-типке
айналды.   Оны   икемдеп,   иіп   әкеліп,   тіліміздің   үндесімімен
үйлестіретін   кез   артта   қалды.   Қазіргі   сыңаржақ   қостілділік
жағдаятында бұндай мүмкіндіктің ауылы тым алыстап кетті. Бір
кездері   «Ана   тілі»   апталығы  үніберсійтет,  іністиітот  тәрізді
бірер   сөздердің   жазылуын   үндестікпен   үйлестірмек   болған   еді,
мұндай   жаңалықты   жұртшылық   хош   алмады.   «Баяғыдағы
қостілділік   жоқ   кездегі   «оқымаған»   ата-әжелеріміздің   сөзіне
ұқсайды» деген психологиялық кедергіге тап болды. Осы тәрізді
психологиялық фактормен байланысты тағы бір қиындық
– мемлекеттік тілді үйренуге бет алған орыстілді отандастыры-
мыз  хлорды  –  қылор,  холестеринді    кәлестерійн,  кластерді  
кіләстер деп жазу керек дегенге илана қоймасы кәдік. Бұл тұста да


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет