Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



жүктеу 1.76 Mb.
Pdf просмотр
бет1/28
Дата28.12.2016
өлшемі1.76 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Сулейман Демирель университеті
Күдеринова Құралай Бимолдақызы
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ
МЕН ТЕОРИЯСЫ
Оқу құрал
(қазақ тілі мен әдебиеті, филолог мамандығы 
студенттеріне арналған)
«Елтаным 
баспасы» 
Алматы
2013

УДК
ББК
Оқу құралы баспаға ҚР БҒМ Абай атындағы ҚазҰПУ
жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Білім»
тобы мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының
грифімен (Хаттама №3, 28.05.2013.) және Сулейман Демирель
атындағы университеттің Ғылыми кеңесімен ұсынылған
(Хаттама №11, 28.03.2013.).
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, профессор Уәли Н. 
филология ғылымдарының докторы, профессор Ахметжанова З.
филология ғылымдарының докторы, профессор Сүйерқұл Б.
K
Күдеринова Қ.Б. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы.
Оқу құралы. – Алматы: «Елтаным баспасы», 2013.  242 б.
ISBN
Оқу құралда қазақ мәдени өмірінде қолданылған әліпби түрлері,
емле   ерекшеліктері   жазу   теориясына   қатысты   білімдермен   түсін-
діріледі.   Дәріс   мәтіндері   әртүрлі   дереккөздерін   сөйлете   отырып,
түсінікті тілмен баяндалады, семинарға қажетті материалдармен қам-
тамасыз етіледі. Студенттер мен магистранттарға арналған.
УДК
ББК
ISBN
© Күдеринова Қ.Б., 2014
М А З М Ұ Н Ы
Алғысөз…………………………………5
Кіріспе...............................................................................................
I ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-дәріс. Жазудың маңызы мен қызметі…......................…...........8
1-семинар. Жазудың жалпы даму тарихы..............……................
2-дәріс Жазу мен ойлау....................................................................
2-семинар. Жазу дербес жүйе ме, әлде ойдың бір формасы ма? 3-
дәріс. Жазба тіл және оның ауызша тілден ерекшеліктері….
3-семинар. Ауызша тілді жазба тілге кодтау процесі..
4-дәріс. Жазу теориясындағы фонема ұғымы.............................
4-семинар. Жазу теориясындағы графема ұғымы........................
5 дәріс. Жазудың негізгі категориялары...............................
5-семинар. Әліпбидегі әріп пен тілдегі фонема қатынасы.. 57
6-дәріс. Үндесім заңы және қазақ жазуы.......................................
6-семинар. Ерін үндестігінің таңбаланбау уәждері...................
97
II ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ: ӘЛІПБИ ТҮРЛЕРІ МЕН
ЕМЛЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
7-дәріс. Көне түркі жазуы: әліпбиі мен графикасы 7-семинар. 
Көне түркі жазуы бойынша семинар сұрақтары мен 
тапсырмалар
8-дәріс. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: қадим 
жүйесі 8-семинар. Араб графикасына негізделген қазақ жазуы: 
жәдид жүйесі
9-дәріс. Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбилері (19ғ.)
..........
9-семинар. Ұлттық әліпби жасаудың алғышарттары мен 
маңызы 10-дәріс. Төте жазудың (Байтұрсынұлы әліпбиінің) 
әліпби
құрамы мен графикалық ерекшеліктері 10-семинар. Төте 
жазудың (А.Байтұрсын әліпбиінің) емле ерекшеліктері
11-дәріс. Қазақ жазуындағы емле ұстанымын таңдау қағидаты 
(Байтұрсын принципі)
11-семинар. Қытай қазақтары тіліндегі төте жазу ерекшеліктері 
12-дәріс. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі.............
12-семинар. 1929 жылғы Қызылордада өткен ғылыми 
орфографиялық конференция материалдары

13-дәріс. 1938 жылы емлеге енген өзгерістер..........
102
АЛҒЫ СӨЗ
13-семинар.
Қ.Жұбановтың
........
әліпби,
емле
туралы
Жазу мәдениетінің жетіліп, жазба нормалардың қалыптануы,
тұжырымдамалары
14-дәріс. Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы............
155
қазақ тілінің ресми іс қағаздарында жаппай қолданылып келе
14-семинар.   Қазақ   тілі   емле   ережелеріне   қатысты
жатқан қазіргі кезең болашақ тіл маманына жазуымыздың тари-
ұсыныстар.165
хынан, қолданыстағы емле нормаларының уәжділігінен білімі
15-дәріс. Қазіргі қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру
болуды міндеттейді. Егемендік жылдарынан бастап қазақ тілі,
мәселесі: ұсыныстар
әдебиеті, тарихы, мәдениетімен қоса қазақ жазуына да жаңа
15-семинар.
Жаңа қазақ-латын әліпбиінің жобасы мен графика
көзқарас, тарихына жаңаша бағам пайда бола бастады.
мәселесі
Қазақ орфографиясының ғылыми негіздерін 60 ж. бастап
Ұсынылатын әдебиеттер ..........................................…….……258
академик Рабиға Сыздық зерттесе, қазақ әліпбиінің фоноло-
Глоссарий....................................................................................
269
гиялық негіздерін 90 ж. профессор Нұргелді Уәли іздеп, түсін-
Студенттердің өздік жұмыс тақырыптары.........................
272
дірмелі емле, уәждемесі бар сөздік жариялады. Осы еңбектердің
Қосымшалар................................................................................
нәтижесінде  ҚР-ның  ЖОО-нда  «Қазақ  жазуының  тарихы»,
«Қазақ тілі орфографиясы мен орфоэпиясы» атты пәндер жүр-
гізіліп жатыр.
Сулейман Демирель атындағы университеттің қазақ тілі мен
әдебиеті бакалавр мамандығына да 2008 ж. бері «Қазақ жазуы-
ның тарихы мен теориясы», магистранттарға «Қазақ орфогра-
фисының мәселелері» атты таңдау пәндері жүреді. Бірақ атал-
ған пәндердің қай-қайсынан да республика көлемінде таралған
оқу құралдары жоқ. Сондықтан қолдарыңыздағы осы оқу құ-
рал дәрістер мен практикалық сабақ материалдары және 2010
ж. жарық көрген «Қазақ жазуының теориялық негіздері» мо-
нографиямыздың (Қ.Күдеринова) негізінде қорытылып, жүйе-
леніп жазылып отыр.
Оқу   құралдың   басты   ерекшелігі   ретінде   білім   алушыларға
алғаш   рет   жазу   теориясы,   әліпби   теориясы,   фонема,   графе-ма
ұғымы,   қазақ   орфографиясының   негізгі   принципі,   әліпби-дің
фонологиялық негіздері, қазақ мәдениеті қолданған әліп-билердің
фонема-графема   қатынасы,   әліпби   таңдау   принциптері
ұғымдарының   түсіндіріліп,   лабораториялық   тапсырмалармен
бекітетіндігін атар едік. Әр тақырыптың аясында хрестоматия-лық
мәтіндер   мен   шығармашылық   тапсырмалардың   беріліп,   тест
алынуы білім алушының әр көздерден іздеп, уақытын кетірмеуі-не
және есте сақтауына көмектеседі.
Оқу құралы студенттерге қазақ мәдени өмірінде қолданылған
фонемографиялық   жазу   типі   түрлерінің   онтогенездік   дамуы,
қазіргі   қазақ   графикасы   мен   орфографиясының   теориялық   не-
гіздері, емле ережелерінің уәжі, сөйтіп, қазіргі қазақ жазуының

мәртебесі мен орны турасында толыққанды білім береді деуге
болады.
Оқу   құралын   жазуда   ұстазым,   зерттеу   жұмыстарымның
ғылыми   жетекшісі,   қазақ   жазу   теориясын   алғашқы   болып
зерттеген   профессор  Нұргелді   Мақажанұлы   Уәлидің  терең
теориялық кеңестері басшылыққа алынды.
КІРІСПЕ
Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатары-на
жататын,   өркениет   дамуының   құрамдас   бөлігі.   Адамзат
мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу Типінің пайда
болуынан   басталса,   өркениеттің   әлемиетке   ұласуы   жазба
коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткені-
нен хабар береді. Бүгінде жазу кеңістігі ұлғайғаны соншалық оны
жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен
ойлау, жазу мен тіл, жазу және коммуникация
сияқты   іргелі   ұғымдар   оппозициясында   қарауға   болады.
Жазудың доминанттық сипаты сөз институттары – мектеп,
университет, кеңсе, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)
–   мәдени   құндылықтарының   маңыздануынан   және   осыдан
келіп бүкіл оқыту (мектеп, университет), басқару (кеңсе), ойды
экс-плицитті түрде сыртқа  шығару (баспа өкілдері), хабарлау
(БАҚ)   жүйесінің   жазуға   негізделуінен   шығады.   Аудиалды
(радио, ау-диотаспа), видео-аудиалды (теледидар, бейнетаспа),
БАҚ-ның   өзінде   ақпараттық   хабарлар,   көркем   әдеби
бағдарламалар алды-мен жазуда жүйеленіп, сөйленеді.
Бір   қарағанда   ұялы   телефон,   бейнетелефон,   әліпбидегі   әріп-
терді пайдаланып ауызша сөйлеу формасымен интернет арқылы,
яғни   таңбаланған   ауызша   сөз   арқылы   сол  мезетте   хабар   алысу,
телефон   сияқты   әлеуметтік   құралдармен   жаппай   коммуникаци-
яланып, мәтіндерді (көркем әдеби, публицистикалық) оқығаннан
гөрі,   көру-есту   мүмкіндігі   мол   фильм,   телебағдарламаларды
тамашалаудың   артықшылығы,   уақыт   үнемділігі   білініп   отырған
ғасыр   жазудың   пәрменділігін   төмендетуі   де   мүмкін   сияқты.
Ғылыми-техникалық өркениеттің дамуы, сөйтіп, өзінің шығу не-
гізі – жазудың - кеңістік пен уақыт шегіне қарай коммуникация
құралы   болу   мүмкіндігін   қысқартып,   қосалқы   дәрежелілікке
тықсырып отырғандай. Алайда, жоғарыда айтқандай, мемле-кеттік
құрылыстың   дамуы,   бұқаралық   коммуникацияның   қар-қындауы
және   ақпараттар   тасқынының   күшеюі   жазудың   қосал-қы
қызметтерін жоғары деңгейге көтереді.
Саяси   құрылысты   басқару   жүйесінің   күрделілігіне   байла-
нысты жазудың факт, аргумент, дәлел болу қызметі бар. Бүгін-де
ресми құжаттар (мемлекеттік, заңи, құқықтық, нотариалдық) мен
ресми ісқағаздар “тірі адамның өзі” ретінде жүретін бол-ды. Біз
айтып тұрған ауызбен емес, қолындағы қағазымен

сөйлесетін   кезге   келдік.   Бұл,   бір   жағынан,   бүгінгі   қоғамның
“қағазбастылық”, “формалдылық” сияқты жағымсыз сипатына
да айналып барады.
Жазу – адамның жазба есі, жады болу қызметін атқарады.
Бұл   оқу-ағарту   (мектеп)   саласында   ауызша   үйретумен   қатар
жаздырып,   түсіндіруден   көрінсе,   кейін   жоғары   оқу   орнында
(ЖОО) тек жаздыру арқылы (лекция) түсіндіру немесе ауызша
түсіндірілгенді студент, аспиранттың өзі қағазға “түртіп” оты-
руынан байқалады. Жазудың жадылық қызметі қоғамның бұдан
басқа да салаларында кеңінен қолданылады.
Жалпы  жазу  термині   қазіргі   тіл   білімінде   мынадай
мағыналарда жұмсалады:
а) ойды, айтылған сөзді қағазға түсіру, таңбалау процесі; ә) 
осы процесс арқылы жазба мәтін құрау (хат жазу, арыз
жазу, ойды жазу арқылы сыртқа шығару); б) белгілі бір тілдің
жазба тілінде қызмет ететін графикалық
жүйе   (мысалы,   араб   жазуы);   в)   әліпби;   орфография;   жазба
тілжүйесі (қоғамдық таңба, тіл-
ді   реализациялайтын   жүйе);   г)   жазылған   дүниенің   сыртқы
формасы, қолтаңба (менің жа-
зуым   жаман   деген   мағынада);   ғ)   шығармашылықты   жүзеге
асыру (әңгіме жазу, өлең жазу,
диссертациялық еңбек жазу); д) музыкалық туындыны 
таңбалау (балет, опера жазу).
Бүгінде  қазақ   тіл  білімінде  жазу  термині  әліпби,  графика,
ор-фография,   жазба   тілұғындарын   түгел   қамтитын   кең
мағынада жұмсалады.
Қазақ жазуының бүгінгі келбеті мен болашағы қазақ тілінің
мемлекеттік   мәртебесіне   байланысты.   Осыған   орай   ресми
ісқағаздардың,   БАҚ-ның   қазақ   жазба   тілде   жазылуы,   ұлттық
ойлаудың   жазба   тілде   жарыққа   шыға   алуы   және   оның
болашақтағы   ғылыми-техника   прогресіне   төтеп   бере   алуы
“жазу”, “қазақ жазуы”, “жазба тілдің қалыптасуы”, “орфогра-
фия”   сияқты   түсініктерді   студенттерге   тереңдеп   түсіндіруді
қажет етеді.
Қазіргі   қазақ   тіл   білімінде   жазуды   сөздің   қағазға   түскен
көшірмесі деп тану басым, яғни акад. Л.С.Выготский айтқандай,
мектеп   оқушыларын   жазбаша   сөйлеуге   емес,   сөзді   жазуға
үйретеді,   сондықтан   белгілі   бір   дәрежеде   жазбаша   сөйлеуге
үйрету таза, көркем жазу деңгейінен әлі көтеріле қойған жоқ.
Осыған   орай   қазақ   тілінің   фонетикалық,   морфемдік,
лексикалық,   синтаксистік   жүйесі   ретінде   жазба   тіларқылы
нормаланған, әдеби тіл нормасы танылады. Ал ауызша сөйлеу
тілі   тіл   білімі   зерттеу  нысанынан   тыс   қалады.   Бірақ   жазу   –
сөздің әріп арқылы түскен көшірмесі – ауызекі тілдің өзі емес,
өзіндік деңгейлері бар, жүйелі құрылым екені ескерілмейді.
Оқу құралы негізінен, қазақ жазуының пәнін анықтау, қазақ
жазба тілінің деңгейлерін ауызша тіл деңгейлерімен салыстыру,
қазақ жазуының тарихи кезеңдерін саралау, жазба тілөз алды-
на жүйесі мен құрылымы бар тілдік таңба екенін студенттерге
өздігінен зерделетуге арналады.

1. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1-дәріс. Жазудың маңызы мен қызметі
Жазу – адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жа-
сауын  қамтамасыз  ету.  Өйткенi   жазу қоғамдық  қажеттiлiктен
туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың
дамып   жетiлуiн   ауызша   сөйлеу   тiлi   қанағаттандыра   алмады.
Сондықтан   жазудың   шығуы   ең   алдымен   қарым-қатынастың
маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнің
шектеулiлігі   және   уақыт   жағынан   шектеулiлігі.   Адамдардың
қоғамдық-саяси,   экономикалық   және   әлеуметтiк   қатынасында
жоғарыдағы   олқылықтарды   толтыру   үшiн   пайда   болған
жазудың миссиясы, бүгiнде қарап отырсақ, тереңде екен.
Тiлдiң даму тарихы тұрғысынан келсек, тiл адам санасында-
ғы ойды жарыққа шығарып, жазу ауызша айтылған ойды оп-
тикалық   құралдар   арқылы   визуалды   дүниеге   айналдырады.
Сонда   жазу   тек   қосалқы   қызмет   атқаратын   құрал   болып
табыла-ды. Алдымен аса маңызды қатынас құралы болған – тiл
ауызша   түрде   өмiр   сүрдi.   Талай   жүз   жылдықтар   бойы  басқа
қатынастың түрiн iздемедi. Сөйтiп, ойды жарыққа шығарудың
және   айнала-сына   қатынас   жасаудың   жалғыз   түрi   ауызша
сөйлеу   ғана   бол-ды.   Жазу   ендi   тiлдiң   осы   екi   қызметiнiң
көшiрме түрi ретiнде, қосалқы қызмет атқаруға келгендей. Оны
сызба ретiнде былай нобайлауға болады:
Тiлдiк сана ⇒ тiл ⇒ ауызша сөйлеу

жазу Үшінші мыңжылдықтағы жаңа 
технологиялар тасқыны,
ғылыми-техникалық прогресс, ақпарат таратудағы жаңа көздер,
қашықтық пен уақыт барьерін жеңетін жаңа техника түрлерін
ойлап табудың жоғары деңгейінде келеді. Осымен байланыс-ты
ауызша   коммуникацияның   жетілген   технологиялы   бүгінгі
кезеңінде   жазудың   адамзат   өркениеті   үшін   атқарар   қызметін
парықтаудың қажеттілігі бар. А.Байтұрсынұлы Біздің заман
– жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық
дәрежеге жеткен заман деген.
Жазусыз өркениет болмасы анық. Тас дәуiрiнен
атом
дәуiрiне дейiнгi адамзат мәдениетiнiң жетiстiктерiнiң бәрi жазу
арқасында.
Бiздiңше, өркениеттiң дамуын сипаттауда жазудың маңызы-нан
бастап   айту   оның   әлдеқайда   жүйелi,   күрделi,   дербес   құры-лым
болып қалыптасқанын, жазудың адамзат өркениетіндегі болашақта
атқарар   қызметін   танытпақ.   Мысалы,   шумер   елін-де   жазудың
пайда   болуы   ең   алдымен   мемлекеттік   құрылыстың   дамуы   мен
жетілуіне,   сауданың   өркендеуіне   байланысты   болға-ны   белгілі.
Жазудың   сол   антикалық   дәуірдегі   қызметі   бүгінгі   әлемиет
дәуірінде   қайта   күшейіп,   жазу   мемлекеттілікке,   заңна-ма,
құжатнамаға қызмет етеді. Бүгінде ресми ісқағаздар адам-дардың
сөйлесуінсіз-ақ   түсінісетін,   құжаттар   өзара   “сөйлесетін”   жүйе
құрайды.   Ресми   ісқағаздар   –   айқындылықтың,   дәлелдік-тің,
аргумент,  фактінің  құжаты болды.  Ендеше,  жазудың  бүгінгі күн
тұрғысынан басты маңызы мен қызметі белгілі кеңістік ше-гіндегі
әлем үнқосуларын бекітетін, растайтын деңгейге жетіп отыр. Яғни
мемлекеттің   күшеюімен   байланысты,   жазудың   дерек   болу
(визуалдылық арқылы) сипаты артып отыр.
Жазу  –   тілді   жаңғыртудың,   бекітудің   құралы.   Жүйесi   мен
құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсiп, денотаттық тұрпатқа
ие   болғаннан   кейiн   мәңгiлiк   құндылыққа   айналды.   Өйткенi
жазу ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тiл тура-
лы түсiнiгiн кеңейтеді, тереңдетедi. Тiлдiң инвариантты, абс-
тракті, күрделi құрылымдық деңгейге жетуiне әсер етеді. Соған
сәйкес   тілдегі   синтаксистiк   құрылымдар,   күрделi   фразалық
тұтастықтар   жазудың   негізінде   пайда   болды.   Тiлдiң   (әдеби
тiлдiң) стильдiк тармақтары  сараланды,  стиль нормаларының
қалыптасуына әсер етті. Сөйтiп, жазу сөйлеуде елене бермей-
тiн тiлдiң барлық қалтарыстарын нақтылаудың негізінде тiлдiң
сұрыпталып,   нормаланған,   електен   өткен   құрылымын   ғана
таңбалап, жазу нормасына сай сөйлемдер мен мәтiндердi тiл-
дiк жүйеге жатқызды. Сондықтан ауызша сөйлеудегi еркiндiк-тi
тiлдiк   қалыпқа   салу,   яғни   жазуға   түсiру   кез   келген   сауатты
адамның   қолынан   келмейдi.   Адам   күнделiктi   қарым-қатынас
тiлiмен   бiреуге   хат   жазу   мүмкіндігіне   ие   болғанмен,   өзiнiң
ойын жүйелi, толыққанды, мазмұнды етiп жазбаша жеткiзу-де
қиындыққа   тап   болады.   Сонымен,   жазудың   екінші   қызметі
тiлдiң жүйелi құрылымға айналуына әсер етуi болып табылады.
Тiлдiң барлық потенциалды мүмкiндiктерiн ашып, пайдалануға
әсерiн тигiзедi. Сондықтан да бүгінде жазылған дүниені сол
10
11

тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде тануға, қабылдауға, тілдің
“өзі” деп түсіндіруге, түсінуге күмән қалмайды.
Үшiншiден, жазу – адам ойының материалданып, жарыққа
шығуының, дәлiрек айтқанда творчестволық әрекетiнiң құралы.
“Көңiлдегi   көрiктi   ойдың   сыртқа   шыққанда   өңi   қашатын”
болса,   жазудың   арқасында   қағазға   түскен   шашыраңқы   ойды
жүйелеуге болады. Жазудағы стандарттық құрылымдар, сөйлем
мүшелерiнiң   нормативтi   орын   тәртiбi   ақыр   соңында   сыртқа
шыққан   адам   ойын   өзгеше   сипат   алдырады.   Оның   үстiне
жазылған   мәтiндi   қайталап   оқып,   толықтыруға,   қысқартуға,
нақтылауға, қайта құруға мүмкiндiк бар. Мәтінді араға уақыт
са-лып қайта қарап, жетiлдiруге болады. Ой үстiне ой жалғауға
бо-лады.   Сөйтiп,   жазу   түптiң   түбiнде   адамның   өз   сөзiнiң
бөгделенуi   болып   шығады.   Жазудың   арқасында   сөз   екiншi
өмiрге, дербес өмiрге ие болады. Демек, жазу қарым-қатынас
құралы   емес,   тiл-дiк   жағдаят   болмаса   да   адам   өз   ойын
монологті   түрде   жарыққа   шығаратын   сананың   материалдану
құралы   болады.   Оқу   про-цесі   тыңдауға   қарағанда   аз   уақыт
алады,   қармап   оқу,  таңдап   оқу,  қайталап   оқу   мүмкіндіктерін
береді.   Жазу,   сөйтiп,   мәтін   мазмұнын   тез   түсiнуге,   бiрден
қабылдауға, оңай меңгеруге ауыз-ша тілге қарағанда қолайлы.
Бүгінде   сөздің   графикалық   бейне-лері   фонетикалық   бейне
сияқты адам санасында дайын тұратын болды.
Осы айтылғандарды түйіндей келе жоғарыдағы сызбаны бы-
лай жетiлдiруге болады:
жазу

Тiлдiк сана ⇒ тiл

ауызша сөйлеу
Төртiншiден,   жазу   адам   санасындағы   ойдың   жетілуіне,   жа-
салуына,   жүйеленуiне,   реттелуiне,   нақтылануына   қызмет   етедi.
Бұл   бiр   қарағанда   жазудың   алдыңғы   қызметімен   бiрдей   болып
көрiнуi   мүмкiн.   Алайда соңғысы ойдың өзiндегi  жетiлу туралы.
Алдыңғысы сыртқа шыққан ой мен мәтiндi оқыған оқырманның
арасындағы түсiнiстiктiң орнауы туралы болса, мұнда адам ойын
қағазға   түсiре   отырып,   жетiлдiредi,   жазу   арқылы   ойлана-ды,
сөйтiп,   жазу   ендi   ойдың   өзiне   түрткi   болады.   Әрине,   ауыз-ша
сөйлеу де адам ойының нақтылануына, жүйеленуіне әсер
етедi. Алайда жазу тiлдiк санадағы барлық қалтарыстарды қағаз
бетiне   түсiруге   уақыт  жағынан  да   мүмкiндiк   бередi.   Сондықтан
жазудың   ойжасамдық   қызметі   ауызша   тілдің   ойжасамдық
қызметіне қарағанда қорытынды, түйінді аяққы болады.
Ал жазудың коммуникативтік негізгі қызметін бүгінгі таңда
ауызша   коммуникацияның   техникалық   құралдары   (те-лефон
түрлері,   интернет   жүйесі)   екінші   қатарға   ығыстырып   отыр.
Интернет жүйесін де ауызша коммуникация түріне жатқызып
отырғанымыз,   мұнда   жазу   графикасы   мен   таңбалары
пайдаланғанымен,   жазба   тілжүйесі   сақталмайды.   Ақпарат
ауыз-ша   тіл   жүйесінде   құрылып,   тіпті   өздік   коммуникация
(аудиалды-визуалды) жүйесін жасауға айналды. Сонда жазудың
коммуника-ция қызметі бүгінде екі формада көрініп отыр: 1)
хабарласудың   ресми,   іскерлік   сипатында   (ресми   іс-қағаз);   2)
интернет жүйесі арқылы хат жазысу аясында.
Алтыншыдан, жазу – адам жадының бiр түрi. Біз есте сақтауға
тиіс ақпаратты жазып жадылайтын болдық. Информация мазмұны
мәтінге көз жүгiрткеннен кейiн еске түсiруге, “түртiлiп” алынған
ойды  ауызша   таратып   айтуға,  керiсiнше   ауызша   айтылған   ойды
қысқартып, “түртiп” отыруға болады. Қазiргi оқу орындарындағы
оқу-оқыту процесі осы әдіске құрылған.
Жетіншіден, жазудың тіл тарихын сақтаушы, уәжін көрсетуші
қызметі бар. Бұны жазудың тілтанымдық қызметі  деп атай-мыз.
Ауызша   тіл   үнемі   өзгерісте   болады,   жаңарып,   жаңғырып,
үнемделіп   отырады.   Академик   Л.В.Щерба   ең   бірінші   өзгеретін
сөйлеу тілі және зерттелмей жатқан сала да – сөйлеу тілі деген.
Сондай-ақ жазу тіл бірліктерінің шығу тегін, уәжін, әсіресе түбір
тұрпатын өзіне бейнелеп, тіл тарихы үшін аса құнды тарихи де-
рек   жинап   отырады.   Сөйлеуде   жаңаша   дыбыстағанмен   немесе
сөйлегенмен,   ол   бірліктердің   инвариантты   тұлғасын   жазу   ғана
сақтай   алады.   Енді   жазудың   келесі   қызметін   осы   айтылғаннан
шығара отырып, тілді нормалаушылық деп атаймыз. Ауызша тіл
бiр нәрсеге табан тiреуді керек етеді. Сонда ол “тiреу” көп өзгерудi
“ұната” қоймайтын консервативтi жүйе – жазу болып табылады.
Адамзат   тілі   өзінің   даму   барысында   реалдануға,   үнемделуге,
адресат   пен   адресанттың   ішкі   сөйлеуінде   құрылымы   бар
конструкцияларды   ауызша   сөзге   айналдырмай-ақ   түсінісуге,   тіл
бірліктерінен гөрі просодикалық бірліктерді көп қолдануға, арго,
жаргондарды   жиі   пайдалануға,   тілді   мамандануға   барынша
ұмтылады екен. Сонда жалпыхалықтық тілдің нормасын сақтап,
12
13

узуалды, оккозианалды қолданыстарды, тілдің дыбыстық, мор-
фемдік, лексикалық, синтаксистік бірліктерін нормалап отыра-
тын жүйе жазба тілболып шығады. Адам жады жазылған сөзді
норма деп, белгіленбеген, көрсетілмеген сөзді норма емес деп
тануды дәстүрге айналдырады. Сонымен, жазудың бұл қызметi
ауызша сөйлеудi нормалап отырады дегенге саяды.
Сондай-ақ   кез   келген   қашықтықта   тұрып   айтылған   ой,
жаңалық,   нәтиже   кiтап   болып   басылса,   бүкiл   адамзаттың
құндылығына   айналады.   Адамзат   санасы   ұрпақтан-ұрпаққа
жазу   арқылы   жетедi,   жазу   арқылы   сол   дәуірдің   бейнесін
көреміз.   Жазуы   бар   тiлдердiң   тiл   тарихын   айқындауға
мүмкіндік   бар.   Жазба   тілескерткiштерi   бар   тiлдiң   мәртебесi
жоғары саналады. Сонымен, бүгінгі күн тұрғысынан жазудың
мынадай қызметтері бар деп білеміз:
1) аргументтік қызмет (әлеуметтік қызмет);
2) тілжүйелеушілік қызмет;
3) ойжасамдық қызмет;
4) ойды жарыққа шығару қызметі;
5) жады қызметі;
6) тілтанымдық қызмет;
7) тілді нормалаушылық қызмет;
8) кумулятивтік   қызмет   (мәдениетті   сақтайтын,   жеткізетін
қызмет);
9) коммуникативтік қызмет.
Сонымен,   жазу   уақыт   пен   кеңiстiк   шектеулiгiне   тәуелсiз,
адамдар арасындағы қатынас құралы ретiнде пайда болды деп
түсіндірілгенмен, негізінен оның маңызы мемлекеттік құрылыс
пен   сауданың,   мемлекетаралық   саясаттың   дамуына   тіреледі
екен,   сонымен   бірге   оның   маңызы   тiлдi   жетiлдiретiн,
жүйелейтін,   нормалайтын,   ойжасайтын,   бекiтетiн,   сақтайтын
қызметтерiмен өлшенедi екен.

Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет