Кеақ «С. Д. Асфендияров атындағы Қаз¥МУ»нің білім



Pdf көрінісі
бет4/30
Дата29.09.2022
өлшемі0,74 Mb.
#40795
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
2. 
Негізгі терминдер 
Осы Кодексте мынадай терминдер пайдаланылды: 
Академиялық адалдық - білім беру процесінде білім алушылар мен 
оқытушылардың жеке адалдығы мен оқуға деген жауапкершілігін дамытатын 
құндылықтар мен мінез - құлық қағидаттарының жиынтығы. 
Академиялық адалсыздық - ғылыми және білім беру қызметімен байланысты 
алаяқтықтың немесе алдаудың кез-келген түрі. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат-басшылық ресми тұжырымдаған 
сыбайлас жемқорлыққа және парақорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде ұйымды 
дамыту ниеті мен бағыты; 
Білім алушы - білім беру бағдарламасын меңгерген тұлға. Білім алушыларға 
жататындар: студенттер, интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар, 
қосымша білім беру тыңдаушылары жатады. 
3. 
Академиялық адалдық қағидаттары: 
Білім беру процесінде білім алушылардың академиялық адалдығының негізгі 
қағидаттары: 

адалдық - бұл білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын 
жұмыстарды адал, лайықты орындауы; 

автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге 
асыру – бағаланатын жұмыстарда басқаның сөзін, ойын дұрыс беру және ақпарат 
көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын 
туындылардың авторлығын және қорғалуын тану; 

ашықтық - таза, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат 
және идеялармен ашық алмасу; 

білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу - білім 
алушылардың пікірлері мен идеяларын еркін білдіру құқығы; 

теңдік - әрбір білім алушының академиялық адалдық ережелерін сақтау 
жөніндегі міндеті және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілік; 

шыншылдық - кез келген жағдайда құжаттарды алдауды, өтірік айтуды және 
бұрмалауды болдырмау; 

нақтылық - шындыққа сәйкес келетін ақпаратты ұсыну, фактілерге, 
эмпирикалық дәлелдерге және объективті пайымдауларға негізделген ғылыми 
тұжырымдарды шығару; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет