Ф.И. Голощекиннің Кіші Қазан идеясы.
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны (1925-1933жж.)1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Ұлы дала еліне тұтқа болмаққа жіберілген Голощёкин Филипп Исаевич жеріміздегі тарихтың бағытын демде бұрып жіберді. Солақай саясатшыл Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты.Алайда, қазақ жеріне келіп әлі де рулық бөлініс, байдың билігіне куә болған Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деген тоқтамға келіп, "кіші қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 1917 жылы кеңестер билік басына келген кезде, қазақ даласына жетпей қалған идеологияны орнатып, бай мен кедейдің теңсізідгін жойып, ұжымшарды орнату мүддесі көзделді.
Ал анығын айтқанда, бұның мәні көшпелілерлің ежелден келе жатқан шаруашылығын, тұрмыс-салтын тұншықтырып, отарлауды күшейтіп, қанау саясатын бүркемелеу еді.Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |