Алдыңғы жақтықамдай бер
Жақыныңнан жау жақсы Ең жақының – қара жер- дейді. Шумақтағы «алдыңғы жақты» деп, о дүниені айтып тұр. Шәкәрім тағы да:
Жаныңа қызық жалғанда Неменең қалды арманда Бұл жалғаннан не серік Тәңірі алдына барғанда – дейді.
Абайда:
Осы жалған дүниеден Шешен де өткен не бұлбұл - деп толғанады.
Немесе:
Сүйген сенген дәурен жалған болса, Жалғаны жоқ бір тәңірім, кеңшілік қыл. Демек бұл жерде бұ дүние концептісі дәурен сөзімен ауыстырылып, бұ дүние, өмір деген концептілерге метафора болып, дүние сөзі тағы да жаңаша мәнде көрініс табады.
“Жалған дүние” концептісі Абай өлеңдерінде көңілсіз дүние деп те беріледі:
Қол жазуды ермек ет жатпа бекер, Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер. Жалған дүние, көңілсіз дүниеге мағыналас тағы мына тіркестерді атауға болады: опасы жоқ дүние, опасыз жалған дүние, алдамшы дүние, қайырсыз дүние. Бұл атаулар ескі сенім бойынша тұрлаусыз, тұрғысы жоқ өмір, пәни жалған деген ұғымды білдірген.
“Жалған” сөзі Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлеңдерінде “бұл дүние” мәнінде жиі ұшырасады:
Бораған қардай болып бұрқырадым Жалғаннан суып көңілім тоқырадым.
Сұрапты қаршығадан сонда бұлбұл Жалғанда ынтызарым – бір қызыл гүл.
Жалғанда таппай бір жар жалғыз жүрдім, Кез болмай мен иеме далаға үрдім
Бұл дүние бір күн базар, бір күн мазар, Болам деп әр күн базар содан жазар. Өзі бай, өз үйінде өзі батыр, Үй түгіл сыйып жүрді жалғанға азар.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев дүние есігін ашу деген тіркесті жалған жүзі деп береді:
Қой жылы, жұма күні Қызылтауда, Көріппіз туып сонда жалған жүзін Демек «дүние» концептісі бұл дүние, о дүние, жалған дүние, көңілсіз дүние, опасыз жалған дүние, опасы жоқ дүние, алдамшы дүние, қайырсыз дүние деген атаулармен ауыстырылып қолданылады да әр сипатты мәнге ие болады.
Шаһкәрім ақынның “дүниежалған” туралы түсінігі өзгеше. Оны “Дүние мен өмір” атты өлеңіндегі ой өрімінен аңғарамыз. Дүниені “сұм”, “алдамшы” дейтін білімділердің насихатын терең ойдан өткізе келе, адам баласының жасаған күнәсі мен кінәсі үшін, көрген зорлығы мен қайғысы үшін дүние неге жауапты деген жаңаша салауатты сауал қойып, көрген бейнет, тартқан қайғы үшін не біреу, не өзім жауапты болыппын дей келіп:
Кімдекім қайғы тартып, бейнет көрсе, Сұм жалғанның қылғаны бұл дей берсе, Әлбетте, бұл – тағдырға наразылық, Түбі Аллаға қарсылық, ондайға ерме, – деп жаңаша ойлау жүйесі мен ерекше таным жолын нұсқайды. “Жақсылық қылсаң – өзің үшін, жамандық қылсаң – өзің үшін” деген байырғы қазақи дүниетанымның бар екенін еске түсіріп, шынында да, біреудің жасаған кемдігіне дүние немесе “қу өмір” неге кінәлі болмақ деп бағамдауға негіз қалайды. “Бейнет көрме, біреуге бейнет берме” – деу арқылы авторлық МЕН өз ойтұжырымын тереңдете түседі.
Ақын осы өлеңінде әртүрлі дискурста “дүние” сөзін бірнеше мағынада қолданады: 1) өмір мағынасында: “Дүниені “сұм”, “алдамшы” деп жазады;
2) материалдық байлық, заттық дүние мағынасында: “Дүние деген қызыққан ісің болса, Қызықтырған кім сені оған онша?”. Кеңістік концептісіне енетін “дүние” болмысы адам үшін уақытпен мәңгі бірге үйлесімде. Хронотоптық тұтастық құрайтын бұл үйлесімділік адам баласы үшін оның өмірінің әрбір кезеңінде субъективті бағаланады. Бірақ бәрі де осы тұтастықтың жалпы заңдылықтарына бағынады. Көркем мәтінде бұл субъектілік түйсік сезімі әртүрлі қолданылуы ықтимал. Бір сәт ұзақ созылып, уақыттың мәнін анықтауы да, үлкен уақыт мерзімі өтпелі шақ болып суреттелуі де ықтимал. Шаһкәрім шығармашылығында мұның екеуі де кездеседі.
Тумақ, өлмек, қартаймақ болмай қоймас,