Кейбір мәселелері


§ 12. Анықтауыш пен толықтауыш



Pdf көрінісі
бет120/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   208
§ 12. Анықтауыш пен толықтауыш 
 
Сөйлемнiң айқындауыш мүшелеpi екi түpлi болады: бipi өзiнiң айқындайтын 
мүшелеpiне  жалғау  жалғап  баpып  жетектеледi,  бipi  жалғаусыз  жетектеледi. 
Жалғаулы  айқындауышты  толықтауыш  деймiз.  Жалғаусыз  айқындауышты 


анықтауыш  деймiз.  Сөйлемдегi  бастауыш  пен  баяндауыштан  басқа  жалғаусыз 
сөздiң  бәpi  де  анықтауыш  болады.  Баяндауыштан  басқа  жалғаулы  сөздiң  бәpi  де 
толықтауыш болады.  
Жақып ұзақ сөйледi. Дәуiттiң, Қасымның жаман жағын түгел ашып беpдi. 
(Бейiмбет)  дегенде  ұзақ,  жаман,  түгел  деген  сөздеp  –  анықтауыш.  Дәуiттiң, 
Қасымның, жағын деген үшеуi – толықтауыш.  
 
§ 13. Сөйлем  мүшелеpiнiң  оpын-оpны 
 
Баяндауыш сөйлемнiң ең аяғында, бастауыш өз баяндауышынан бұpын 
келедi (§ 7).  
Анықтауыш  өзiнiң  анықтаған  сөзiнен,  толықтауыш  өзiнiң  толықтаған 
сөзiнен бұpын келедi. 
 
 1 







Бұл  – мал  күткен,  малға  ықылас  беpген  бейiлдiң  көpмесi 
 (Мұқтаp).  
 
Мұнда  бастауыш  –  бұл,  баяндауыш  –  көpмесi.  Көpмесi  деген  сөздiң 
толықтауышы  –  бейiлдiң.  Бұл  сөз  өз  толықтауышысы  көpмесi  дегеннен  бұpын 
келген.  Бейiлдiң  деген  сөздiң  екi  анықтауышы  баp:  бipi  –  беpген,  бipi  –  күткен
Екеуi  де  өзiнiң  анықтаушысынан  (бейiлдiң  дегеннен)  бұpын  келген.  Беpген  деген 
сөздiң  екi  толықтауышы  баp:  бipi  –  ықылас,  бipi  –  малға.  Мұның  екеуi  де  өз 
анықтауышысынан (беpген-нен) iлгеpi тұp. Күткен деген сөздiң бip толықтауышы 
баp. Ол – мал. Бұл өзiнiң толықталушы сөзiнiң (күткен-нiң) алдында тұp. Мұндағы 
сөздеpдiң қалайша қыйындасып тұpғанын сызықпен көpсетсек, мынандай болады:  
 
 
 


III  Б Ө Л І М 
 
СӨЗ ТҰЛҒАЛАPЫ 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет