Кейбір өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау


Өнертабысқа патент беру туралы өтінімге жылдамдатылған



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата12.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#9252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 Өнертабысқа патент беру туралы өтінімге жылдамдатылған  
 сараптама жүргізу туралы өтініш  
Өнертабысқа өтінімге жылдамдатылған сараптама жүргізуіңізді сқраймын.
 
(21) өтінім № немесе сараптама жасау ұйымының кіріс нөмірі
 
(22) Өтінім берілген күні____________________________________________
 
(54) Өнертабыстың атауы _____________________________________________
 
_____________________________________________________________________
 
(71) Өтініш иесі ____________________________________________________
 
_____________________________________________________________________
 
Сараптаманы жылдамдатып өткізу үшін өтініш беруге негіздер
 
____________________________________________________________________
 
Өтініш берген тұлғаның қолы
 
_____________________________________________________________________
 
Заңды тұлға атынан қол қойған жағдайда басшы қолы мөрмен (болған
 
жағдайда) куәландырылады
 
Қосымша:
 
Төлем төленгенін растайтын құжат_____________________________________
 
Төлемнің нөмірі мен күні
 
 
 

  Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу   
 
 және қарау, мәлiметтердi Қазақстан    
 
Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк
 
 тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау   
 
 құжатын беру жөніндегі қағидаларға   
 
 5-қосымша                 
 
Нысан
 
 Өнертабысқа патентті беру туралы мәліметтерді мезгілінен 
бұрын жариялау туралы өтінімхат 
(қажеттінің астын сыз) 
Патенттік заңның 26-бабы 1-тармағының сәйкес өнертабысқа патентті
 
(инновациялық патентті) (пайдалы модельге патентті) беру туралы
 
мәліметтерді ресми бюллетеньде жариялауды сұраймын
 
(сұраймыз)(қажеттінің астын сыз)
 
№ өтінім бойынша ____________________________________________________
 
                        (тіркеу нөмірі және өтінім беру күні)
 
_____________________________________________________________________
 
      (өнертабыстың немесе пайдалы модельдердің атауы)
 
Патенттік заңмен бұрын белгіленген мерзімі.
 
Өтініш иесі (Өтініш иелеріне)
 
Қолы (қолдары) (М.О.)
 
 
 

  Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу   
 
 және қарау, мәлiметтердi Қазақстан    
 
Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк
 
 тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау   
 
 құжатын беру жөніндегі қағидаларға   
 
 6-қосымша                 
 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
 
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
 
 Өнертабысқа патенттің қолданылуын қайта қалпына келтіру 
туралы (пайдалы модель) өтінімхат 
(қажетінің астын сыз) 
Патент заңының 31-бабы 1-тармағына сәйкес өнертабысқа (пайдалы
 
модельге) ___________________________________________________________
 
                (өнертабыстың немесе пайдалы модельдің атауы)
 
№ _____________________ патенттің қолданылуын қайта қалпына келтіруді
 
      (патент нөмірі)
 
сұраймын (сұраймыз).
 
Мынадай дәлелді себептер бойынша патентті күшінде ұстаудың
 
белгіленген мерзімі өткен:
 
Қосымша: өнертабысқа (пайдалы модельге) патенттің қолданылуын қайта
 
қалпына келтіру төлемін растайтын құжат
 
Патент иесі (Қолы)
 
(М.О.)
 
 
 

  Қазақстан Республикасы  
 
 Әділет министрінің    
 
 2012 жылғы 24 ақпандағы 
 
№ 89 бұйрығына 2-қосымша
 
   Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, 
мәлiметтердi Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң 
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру 
жөніндегі қағидалар 
      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2015 № 364 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) бұйрығымен.
 
 1. Жалпы ережелер 
      1. Осы Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi 
Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ 
қорғау құжатын беру жөніндегі қағидалар Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 
шілдедегі «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес 
әзірленді және пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi 
Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ 
қорғау құжатын беру тәртібін белгілейді.
 
      2. Осы Қағидаларда келесідей ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
 
      1) еуразиялық өтінім – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенцияға 
сәйкес берілген өтінім;
 
      2) еуразиялық патент – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенцияға 
сәйкес берілген патент;
 
      3) конвенциялық өтінім – 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік меншікті қорғау 
жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім;
 
      4) өтінім – пайдалы модельге патент беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім);
 
      5) пайдалы модель аналогы – әлемде жарияланған мәліметтерден белгілі болған және 
пайдалы модельдің басымдылық күніне дейін қол жетімді болған, пайдалы модельдің елеулі 
белгілер жиынтығымен ұқсастық және жиынтық белгілерін сипаттайтын мақсатты құрал. 
Пайдалы модельдің аналогы ретінде пайдалы модельдің басымдылық күніне дейін Қазақстан 
Республикасында сондай мақсаттағы құралдың қолданылуы туралы мәліметтерінен белгілі 
болған сондай мақсатты құрал;
 
      6) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы 
(өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет 
көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық қарасты ұйым;
 
      7) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
 
      8) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патент кооперация (Patent 
Cooperation Treaty, әрі қарай - РСТ) туралы шартына сәйкес берілген өтінім.
 
   2. Пайдалы модельге өтінімді жасау және рәсімдеу тәртібі 
      3. Өтінім келесі құжаттарды қамтиды:
 
      1) пайдалы модельдің авторларын және олардың атына патент сұралып отырған 
адамдарды, сондай-ақ олардың мекен жайын немесе тұрған жерін көрсете отырып, осы 
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандағы пайдалы модельге Қазақстан Республикасының 
патентін беру туралы өтініш;
 
      2) пайдалы модельді жүзеге асыру үшін оны толық, жеткілікті ашатын оның 
сипаттамасы;
 
      3) пайдалы модельдің мәнін білдіретін және сипаттауға толық негізделген оның 
формуласы;
 
      4) пайдалы модельдің мәнін түсінуге қажет болған жағдайда сызбалар және/немесе 
өзге материалдар;
 

      5) реферат;
 
      6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхат болу керек.
 
      4. Өтінімге қоса берілетін құжаттар:
 
      ҚР Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы «ҚР Әділет министрлігінің Ұлттық 
зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын іске 
асыратын жұмыстары мен қызметтеріне бағаларды (бұдан әрі - бағалар) бекіту туралы» № 
368 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 11225 
болып тіркелген) сәйкес өтінім беруге ақы төленгенін растайтын құжат.
 
      Ұлы Отан Соғысы ардагерлері, мүгедектер, жалпы білім беру мектеп және колледж 
оқушылары, жоғарғы оқу орны студенттері, Қазақстан Республикасының кіші және орта бизнес 
субъектілері сараптама ұйымының жүзеге асыратын жұмыстары мен қызметтерінің бағаларына 
сәйкес төлемді растайтын құжаттан басқа, оның мөлшерін азайту негізін растайтын құжат 
тапсырылады. Аталған құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай 
ішінде тапсырылуы мүмкін. Сәйкес ақы төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, 
бірақ екі айдан аспауы керек;
 
      2) конвенциялық басымдылық сұратылған өтінімге бірінші өтінімнің көшірмесі қоса 
беріледі, ол конвенциялық басымдылықтың сараптау ұйымына келіп түскен күнінен бастап 
алты айдан кешіктірмей ұсынылады. Егер бірінші өтінімдер бірнешеу болса, онда осы барлық 
өтінімдердің көшірмелері қоса беріледі.
 
      Конвенциялық басымдылықты басқа өтініш беруші берген жағдайда бірінші өтінімге 
өтініш берушінің бысымдылық құқығын пайдалануға рұқсаты қоса тігіледі.
 
      Бірінші өтінімді берген күннен бастап он екі ай өткеннен соң, бірақ он екі айлық 
мерзім өткеннен кейін екі айдан кешіктірмей келіп түскен өтінім бойынша конвенциялық 
басымдылықты қайта сұраған жағдайда өтінімге өтініш берушіге қатысты емес өтінімді 
көрсетілген он екі айлық мерзімде беруге қарсы келетін жағдайлар көрсетілген құжат және 
осы жағдайлардың сараптама жасау ұйымына белгі болғандығын болжауға негіздер болмаса, 
онда олардың бар-жоғын растайтын құжат қоса беріледі.
 
      Конвенциялық басымдылықты белгілеу туралы өтініш өтінім берілген кезінде (патент 
беру туралы өтініштің тиісті бағанында болады) немесе өтінімнің сарапта ұйымына келіп 
түскен күнінен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін.
 
      5. Өтінім мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өзге құжаттар мемлекеттік, 
орыс немесе басқа тілдерде ұсынылады. Сәйкесінше төлем жүргізілген жағдайда Заңның 16-
бабының 2-тармағына сәйкес бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан көп емес.
 
      Егер өтінімнің өзге құжаттары басқа тілде берілген болса, онда өтінімге олардың 
мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі. Өтініш беруші аударманы басқа 
тілдегі құжаттардан тұратын өтінімнің сараптама жасау ұйымына келіп түскенінен кейін екі 
ай ішінде ұсыну керек.
 
      Заңның 30-бабының 2-тармағына сәйкес төлем төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы 
мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек. Белгіленген мерзімде аударым ұсынылмаған жағдайда 
Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім берілмеген болып есептеледі.
 
      6. Өтініш төрт данада ұсынылады, пайдалы модельдерді суреттеу, пайдалы модельдің 
формуласы, сызбалар мен пайдалы модельдің мәнін түсінуге қажетті материалдар, сондай-ақ 
мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған рефераттар үш дана ұсынылады.
 
      Осы құжаттар егер олар басқа тілде жасалған болса, бір данада, олардың мемлекеттік 
немесе орыс тіліндегі аудармасы 3 данада ұсынылады.
 
      Өзге құжаттар және егер олар басқа тілде жасалған болса, онда олардың мемлекеттік 
немесе орыс тіліндегі аудармасы бір данада ұсынылады.
 
      7. Өтініш толтыру тәртібі:
 
      1) егер қандай да болмасын мәліметтерді тиісті бағандарға сыйғызу мүмкін болмаса, 
оларды қосымша парақта өтініштің тиісті бағанына мына нысанда келтіреді: «өтінішке 
Қосымшаны қараңыз» («Тіркелген құжаттар тізімі» бағанының тиісті бөлігіне «Х» таңбасы 

қойылады);
 
      2) өтініштің «түскен күні» бағандары, оның жоғары бөлігіне орналасқан 21, 22, 85 
кодтар астындағы бағандарын өтінім түскеннен кейін сараптама жасау ұйымы толтырады, оны 
өтінім беруші толтырмайды;
 
      3) «өтініш» сөзінің тікелей үстіне орналасқан 86 және 87-код астындағы бағандар 
Қазақстан Республикасына нұсқайтын халықаралық өтінімдер Қазақстан Республикасының 
ұлттық фазасына ауыстырылған жағдайда толтырылады.
 
      86-код астындағы бағандағы тиісті торға «Х» белгісі қойылады және тиісінше 
халықаралық өтінімнің алушы ведомство белгілеген тіркеу нөмірі, халықаралық берілу күні, 
немесе тіркеу нөмірі және еуразиялық өтінімнің берілген күні келтіріледі.
 
      87-код астындағы бағанда тиісінше халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық 
жарияланған күні көрсетіледі;
 
      4) патент беру туралы өтініш білдірілген бағанда «өтінім берушінің (өтінім 
берушілердің) атына» деген сөзден кейін 71-кодтың астында патент сұратылып отырған 
өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәліметтер келтіріледі: жеке тұлғаның тегі, аты 
және әкесінің аты (бұдан әрі – АӘТ) (бар болса), оның үстіне тегі атының алдында 
көрсетіледі немесе ресми тіркеу туралы құжатқа сәйкес (құжаттық көшірмесі қоса беріледі) 
заңды тұлғаның толық ресми атауы, сондай-ақ елдің ресми атауы мен толық пошта мекен 
жайын қоса отырып, тиісінше олардың тұрғылықты жері, орналасқан орны туралы мәліметтер 
келтіріледі. Шетелдік аттар және заңды тұлғалардың атаулары, сондай-ақ мемлекеттік 
немесе орыс тілдеріндегі транслитерациямен көрсетіледі. Пайдалы модельдер авторлары 
болып табылатын өтінім берушілердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер өтініштің екінші 
бетіндегі 72-кодтың астындағы бағанда келтіріледі.
 
      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын немесе жүрген аттарына патент 
сұралатын шетелдік заңды және жеке тұлғалар үшін елінің коды Дүниежүзілік зияткерлік 
меншік ұйымының (бұдан әрі - ДЗМҰ) SТ.3 стандарты бойынша (егер ол белгіленсе) 
көрсетіледі.
 
      Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, көрсетілген мәліметтер олардың әрқайсысы 
үшін келтіріледі;
 
      5) басымдықты белгілеу туралы өтінішті қамтитын баған Заңның 20-бабының 2-5-
тармақтарына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бұрынырақ басымдық 
сұратылған кезде ғана толтырылады. Мұндай жағдайда «Х» белгісін қоюмен тиісті торда 
басымдық сұратуға негізі ескеріліп, негізінде басымдық сұратылып отырған өтінім нөмірі 
немесе қосымша материалдар және басымдық сұратылған күні (өтінім берілген күні немесе 
оған қосымша материалдар) көрсетіледі.
 
      Егер басымдық бірнеше өтінімдер негізінде сұратылса, барлық өтінімдердің нөмірлері 
және тиісті жағдайларда сұратылған басымдықтың бірнеше күні көрсетіледі. Конвенциялық 
басымдық сұратылған жағдайда ДЗМҰ SТ.3. стандарты бойынша берген елдің коды көрсетіледі;
 
      6) 54-кодтың астындағы бағанда өтініш берілген пайдалы модельдің (пайдалы 
модельдер тобы) атауы келтіріледі, бұл пайдалы модельдің сипаттамасында аталған атаумен 
сәйкес келуі тиіс. Пайдалы модельдің атауына арнаулы атау енгізілген жағдайда тиісті 
торға «Х» белгісімен Заңның 9-бабының 4-тармағы талаптарының сақталуы ескеріледі;
 
      7) «хат-хабар жазысуға арналған» бағанда Қазақстан Республикасы аумағындағы толық 
пошталық мекен жай және мекен жайдың аты немесе атауы келтіріледі, ол жедел почталық 
жеткізілімнің жай талаптарын қанағаттандыруы қажет.
 
      Хат-хабар жазысатын мекен жай ретінде Қазақстан Республикасында тұратын жеке 
тұлғаның - өтінім берушінің (өтінім берушілердің бірінің) тұрғылықты жеріндегі мекен 
жайы немесе Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның тұратын жерінің мекен жайы яғни 
өтінім беруші (өтінім берушілер) өкілі тұратын жерінің мекен жайы немесе Қазақстан 
Республикасы аумағындағы өзге мекен жайы көрсетілуі мүмкін;
 
      Өтініште мұндай хат-хабар жазысатын мекен жай болмаған жағдайда патенттік сенім 

белгіленген немесе басқа өкілдердің, егер олар тағайындалған жағдайда тұратын жері, ал 
егер басқа Қазақстан Республикасының аумағында мекен жайы болған жағдайда, өтініш беруші 
- өтініш берушінің мекен жайы (егер өтініш беруші бірнеше болса – бірінші осындай мекен 
жай) туралы бағанда саналады.
 
      «Хат-хабар жазысуға арналған» деген бағанда қосымша телефон мен факс нөмірі егер 
олар бар болса көрсетіледі.
 
      8) 74-кодтың астындағы бағанда өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілдері, 
оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген өкілдер) 
туралы мәліметтер келтіріледі. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өтінім берілгенге 
дейін белгіленген жағдайда тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), уәкілетті органда 
тіркелген нөмірі, тұратын мекен жайы, телефон, факс нөмірі (бар болса) көрсетіледі. Өзге 
өкіл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшін тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және 
заңды тұлға үшін ресми атауы, Қазақстан Республикасында тұратын мекен жайы (орналасқан 
орны), телефон, факс нөмірі көрсетіледі.
 
      Егер өтінім берушілер бірнешеу болса және патенттік сенім белгіленген өкілсіз 
беріледі, өкіл ретінде өтінім берушілердің бірі таңдап алынуы мүмкін;
 
      9) өтініштің екінші бетіндегі «қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі» бағаны 
тиісті торына «Х» белгісін қою жолымен және даналар саны мен тіркелген құжаттардың әр 
данасындағы парақтар саны көрсетіле отырып толтырылады. Түрлері өтініш нысанында 
қарастырылмаған («басқа құжат») қоса берілетін құжаттардың нақты бағыты көрсетіледі;
 
      10) 72-кодының астындағы бағандарда автор (авторлар) туралы мәліметтер: тегі, аты 
және әкесінің аты (бар болса) келтіріледі, 72-кодтың астындағы бағанның жанындағы 
бағанда тұрғылықты жерінің толық почталық мекен жайы келтіріледі, шетелдіктер үшін ДЗМҰ 
SТ.3. стандарты бойынша елдің коды ғана көрсетіледі;
 
      11) 72-кодтың астындағы бағанның оң жағына орналасқан бағанда автор өтінім беруші 
болып табылса, немесе егер автор патентке өтінім беру мен алу құқығын өтінім берушіге 
берген жағдайда автордың қолы мен күні қойылады.
 
      Өтінім берілгенге дейін автор қайтыс болған жағдайда күні мен мұрагердің қолы 
қойылады. Өтінім беру кезеңінде мұрагерлік құқықты растайтын қандай да болмасын ресми 
құжаттар талап етілмейді;
 
      12) 72-кодты бағандар астындағы баған автор (авторлар патент беру туралы 
мәліметтер жарияланымы кезінде өзін (өздерін) осылай атамауды өтінген жағдайда ғана 
толтырылады. Мұндай жағдайда жарияланым кезінде атамауды өтінген авторлардың 
әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және олардың қолдары келтіріледі;
 
      13) өтініштің жоғарыдағы осы тармақтың 12)-13) тармақшаларда көрсетілген бағанын 
толтыру осы бағанмен қарастырылған мәліметтер мен қолдары бар құжаттарды өтінішпен бір 
мезгілде тапсырумен алмастырылуы мүмкін;
 
      14) егер өтінім беруші ретінде автор болып табылмайтын тұлға көрсетілсе, өтініштің 
«қолы» деген соңғы бағанын күнін көрсете отырып толтыру міндетті.
 
      Өтінішке заңды тұлғаның атынан ұйымның басшысы немесе, заңды тұлғаның 
құрылтайшылық құжаттарымен оған уәкілетті адам лауазымын көрсете отырып қолын қояды, 
қолы осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, 
өтінішке өтінім берушілердің әрқайсысы қол қояды.
 
      Өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген кезде өтінішке патенттік 
сенім білдірілген өкіл қол қояды;
 
      15) осы тармақтың 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген өтініш бағанындағы 
қолдарды қойған адамдардың тегі мен аты-жөні ашып көрсетіледі;
 
      16) өтініш пен оған қосымшаларда түзетулер мен өшірулер болмауға тиіс. Аталған 
кемшіліктер болған жағдайда өтінішті немесе оған қосымшаны дұрыс рәсімдеу талап етіледі.
 
      8. Пайдалы модель техникалық өнімге қатысты кез-келген саласында шешімдер 
(құрылғы, зат, микроорганизмдер штаммы, өсімдіктер немесе жануарлар мәдениеті), процесс 

(материалдық құралдарын пайдалана отырып материалдық объектісін қозғайтын процесі), 
сондай-ақ белгілі өнімнің пайдалану немесе табылады адамдардың немесе жануарлардың, 
диагностикалық терапевтік және хирургиялық емдеуді қоспағанда жаңа процесс немесе 
белгілі бір мақсатқа арналған жаңа өнім.
 
       Пайдалы модельге өтінім өнімге жататын тәсілге кез келген саладағы техникалық 
шешімге, сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа бағыт бойынша немесе жаңа өнімді 
белгілі бағытта қолдануға берілуі мүмкін. 
 
       Пайдалы модельге нысаны ретінде өнім болып табылатындар, атап айтқанда, құрылғы, 
зат, биотехнологиялық өнім, соның ішінде микроорганизмнің штаммы, өсімдіктер мен 
жануарлар жасушасы. 
 
       1) Пайдалы модельге нысаны ретінде құрылғыға конструкциялар мен бұйымдар жатады. 
Құрылғыны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады: 
 
       құрылым (құрылымдар) элементінің (элементтерінің) бар болуы; 
 
       элементтер арасындағы байланыстың бар болуы; 
 
       элементтердің өзара орналасуы; 
 
       элемент (элементтер) немесе құрылғының тұтастай орындалу нысаны; 
 
       элементтер арасындағы өзара байланысты жасау нысаны; 
 
       элемент (элементтер) немесе толықтай құрылғы жасалған материал; 
 
       элемент қызметін атқаратын орта; 
 
      элементі функциясын жүзеге асыратын среды,
 
       2) Пайдалы модельге нысаны ретіндегі заттарға жататындар: 
 
       химиялық қосылыстар; 
 
       композициялар (құрамдар, қоспалар); 
 
       ядролық айналу өнімдері. 
 
       Химиялық қосылыстардың сипаттамасы ретінде келесі белгілер пайдаланылады: 
 
       құрылымы белгіленген төменгі молекулярлық қосылыстар үшін - сапалық құрамы (нақты 
элементтердің атомдары), сандық құрамы (әрбір элементтің атомдар саны), атомдар 
арасындағы байланыс және химиялық құрылымдық формулада берілген олардың молекулада өзара 
орналасуы; 
 
       құрылымы белгіленген жоғары молекулярлық қосылыстар үшін - макромолекула 
элементарлық тізбегінің құрылымдық формуласы (тізбектері және олардың тіркесі), 
макромолекуланың тұтас құрылымы (желілік, тарамдалған), қарапайым тізбектердің саны 
немесе молекулярлық масса, молекулярлық-массалық бөлу, макромолекуланың геометриясы және 
стереометриясы, олардың шеттік және бүйірлік топтары, полимерлестер үшін - қосымша 
мономерлес топтардың арақатысы және олардың мерзімділігі; 
 
       құрылымы анықталмаған қосылыстар үшін - осы қосылысты басқалардан ажыратуға 
қажетті физика-химиялық және өзге де сипаттар (оның ішінде алу тәсілі белгілері). 
 
       Композицияны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады: 
 
       сапалық құрам (ингредиенттердің бар болуы); 
 
       сандық құрам (ингредиенттердің мазмұны); 
 
       композиция құрылымы; 
 
       ингредиенттер құрылымы. 
 
      Құрылымы анықталмаған композицияны сипаттау үшін олардың физика-химиялық, 
физикалық және пайдалы көрсеткіштері мен алу тәсілі белгілері пайдаланылады.
 
       Ядроға айналдыру жолымен алынған заттарды сипаттау үшін келесі белгілер 
пайдаланылады: 
 
       сапалық (элемент изотопы (изотоптары) және сандық (протондар мен нейтрондар саны) 
құрамдары; 
 
       негізгі ядролық сипаттамалар: жартылай ыдырау кезеңі, сәулелендірудің үлгісі мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет