Кейбір өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау


 Пайдалы модельге патент беруге өтінімдерді қарау



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата12.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#9252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
   3. Пайдалы модельге патент беруге өтінімдерді қарау 
        70. Егер құпия емес болып табылатын пайдалы модель өтінімін тіркеген соң, онда 
мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің бар екені анықталса, онда өтінімді 
белгіленген тәртіпте құпияландыру шаралары қолданылады. 
 
      71. Тіркелген өтінім материалдардағы белгіленген мөлшердегі өтінімді беру төлемін 
растайтын құжаттың бар-жоғы тексеріледі. Осындай құжат немесе белгіленген мөлшерден аз 
төленген жағдайда оның мөлшерін азайтуға негіз болуын растайтын құжат жоқ болған кезде 
өтініш берушіге жоқ құжатты (құжаттарды) және/немесе белгіленген мөлшерге дейінгі 
қосымша төлем туралы құжатты Заңның 18-бабының 2–тармағына сәйкес өтінім келіп түскен 
күннен бастап екі ай ішінде немесе екі айдан аспайтын мерзімде тиісті төлем шарты болған 
кезде ұсыну қажеттігі хабардар етіледі.
 
       Сондай-ақ өтініш беруші төлемі туралы көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде 
және белгіленген мөлшерде ұсынбаса, онда өтінім берілмеген болып саналатындығы туралы 
хабардар етіледі. 
 
       72. Өтінім туралы мәлімет патентті беру туралы мәліметтерді жариялауға дейінгі 
сараптама жасау ұйымына келіп түскен кезден бастап құпия болып саналады және заңсыз 
түрде жариялауға жатпайды. 
 
      73. Шетелдерде өтінім сараптама жасау ұйымына берілген пайдалы модельдік патенттеу 
кезінде өтініш берушінің өтініші бойынша сараптама жасау ұйымы бірінші өтінімнің қол 
қойылған көшірмесін өтінімді сараптама жасау ұйымына бергеннен кейін кемінде үш айдан 
соң сараптама жасау ұйымына береді. Өтініш берушінің өтінішіне тиісті төлемі туралы 
құжат қоса берілуі тиіс. Бірінші өтінімнің қол қойылған көшірмесі көрсетілген мерзімнен 
бұрын берілуі мүмкін. Бұл үшін өтініш беруші бірінші өтінімнің қол қойылған көшірмесін 
беру туралы өтінімхатты өз қолымен жазып, сараптама жасау ұйымына көрсетілген мерзімнен 
бұрын ұсынуы тиіс.
 
      74. Сараптама Заңның 23 бабына сәйкес тіркеуден өткен өтінім бойынша жүргізіледі. 
 
      75. Өтінім беру күні болып оның сараптама жасау ұйымына келіп түскен күні 
саналады, онда берілген материалдар мыналар болады:
 
      1) өтініш беруші туралы мәліметтер (тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) 
немесе өтініш берушінің ресми атауы) көрсетілген арыз;
 
      пайдалы модель сипаттамасы;
 
      пайдалы модель сызбалары және/немесе басқада мәліметтер, егер пайдалы модельдің 
мәнін түсінуге көмектескен жағдайда;
 
      Егер сараптама жасау ұйымы өтінім келіп түскен күні жоғарыда көрсетілген 
мәліметтер және/немесе құжаттар болмаса, сараптама жасау ұйымы бұл туралы өтініш 
берушіні хабардар етеді және осы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде 
жетіспейтін құжаттарды (мәліметтерді) тапсыруды ұсынады. Сұрау салынған құжаттар 
(мәліметтер) келіп түскен күннен бастап датасы қойылады, бұл туралы өтініш берушіні 
хабардар етеді. Өтініш беруші сұрау салынған құжаттарды (мәліметтерді) белгіленген 
мерзімде тапсырмаса, өтінім берілмеген болып саналады, бұл туралы өтініш берушіге тиісті 
хабарлама жіберіледі.
 
      76. Өтінім сараптамасы кезінде мыналар тексеріледі:
 
       өтінімде мазмұндалуы тиіс немесе оған қоса берілетін құжаттардың осы Қағидалардың 

3, 4–тармақтарына сәйкес болуы; 
 
      төлемнің белгіленген мөлшерге сәйкестігі;
 
      өтінім құжаттарына осы Қағидалардың 8–58 тармақтарына сәйкес қойылатын талаптардың 
сақталуы;
 
      патенттік өкілеттігін куәландыратын сенімхаттың ресімделуін және дұрыстығын қоса 
алғанда Заңның 36-бабының 3–тармағында көзделген өтінім бойынша іс жүргізу тәртібінің 
сақталуы;
 
      Пайдалы модель ретінде күзетуге жататын объектілерге ұсынысқа өтінім берілді ме;
 
      Пайдалы модель бірлігі талаптарының сақталуы;
 
      77. Егер сараптама барысында өтінім оның құжаттарына қойылған талаптарды бұзуға 
ресімделген болса немесе өтінім пайдалы модельді күзету объектісіне берілген болса, 
өтініш берушіге құқықтық сипаттағы аргументтерді келтіріп, жоқ немесе түзетілген 
құжаттарды жіберген күннен бастап үш ай ішінде беруді (Заңның 23-бабының 2-тармағы) 
ұсына отырып, табылған кемшіліктерді көрсетіп, сұрау салынады. Конвенцияланған 
басымдықты сұратқан жағдайда бірінші өтінімнің (өтінімдердің) көшірмесі (көшірмелері) 
жоқ болып шықса, ол өтінім келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде сараптама жасау 
ұйымына ұсынылуы мүмкін.
 
      Сұрау салуға мыналар негіз болып табылады:
 
      өтінімде осы Қағидалардың 3, 4–тармақшасында көзделген құжаттардың біреуі болмаса;
 
       осы Қағидалардың 8–тармағындағы талаптарының бұзылуы; 
 
      өкілге сенімхат ресімдеуде талаптардың бұзылуы;
 
      аз белгіленген даналар санындағы өтінім құжаттарын ұсыну;
 
      Қазақстан Республикасынан тысқары тұратын жеке тұлғалардың өтінім беруі немесе 
уәкілетті орган патенті арқылы тіркемеген шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан 
Республикасының халықаралық келісімінде осындай өтінім беру тәртібі қойылмаған болса;
 
      өтініште осы Қағидалардың көзделген деректемелердің, қолдың, мөр таңбаның патентін 
беру туралы, сондай-ақ өтініште келтірілген мәліметтерді нақтылау қажеттілігін 
көрсетпесе;
 
      төлемге байланысты мәселелерді анықтау қажеттігі;
 
       қайта жасауға, жариялауға, сақтауға және/немесе олармен мүдделі тұлғаларды 
таныстыру мүмкіндігін тудырмауға (парақтардың форматына, ақ шеттердің мөлшерлеріне, 
өтінім материалдарының оқылуы қиындық тудыратын жарияланым сапасы талаптарының бұзылуы) 
кедергі келтіретін құжаттарды ресімдеуде кемшіліктерді анықтау; 
 
      егер пайдалы модель атауына арнайы атау қосылған болса, Қазақстан Республикасында 
қорғалатын тауар таңбаларына үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзу мүмкіндігімен байланысты 
мәселелерді түсіндіру қажеттігі;
 
      осы Ережеде көзделген пайдалы модельді сипаттауда құрылымдық тараулардың жоқ болуы 
(егер мәліметтер белгілі бір тарауда баяндалуы тиіс болып, басқа тарауда келтірілсе
сұрау салу жіберілмейді), сондай-ақ сипаттауда немесе пайдалы модель формуласында 
ақпарат дереккөзіне жіберу белгісімен ауыстырылса;
 
      өтінімде жалпы түсінікті болып табылмайтын дереккөздерге сілтеменің, не болмаса 
оларда сол мәліметтерді жариялау мүмкіндігіне нұсқаулардың болуы (патент туралы осындай 
мәліметтерді жариялау кезінде көрсетуді қаламаған авторлар туралы мәліметтерді 
есептемегенде);
 
      пайдалы модель формуласы тармағын баяндау туралы бір ұсыныс түрінде осы 
Қағидалардың 44-тармағының 4–тармақшасы талаптарының бұзылуы;
 
      пайдалы модельді белгілеуде құқықтық күзет сұратылатын алғашқы ұғым формуласының 
жоқ болуы;
 
      формулада пайдалы модель белгілерінің орнына оның пайдалану көрсеткіштері туралы 
деректер мен тұтыну сапаларының, әсерлері мен құбылыстарының болуы;
 
      сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдалы модель формуласында баяндау 

туралы осы Қағидалардың 33-тармағының 4-тармақшасы талаптарының бұзылуы;
 
      пайдалы модельдің көптізбекті формуласының тәуелді тармақтарында оны орындаған 
немесе қолданған тиісті жағдайларда қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және мораль 
қағидаларына қарсы келетін белгілердің бар болуы;
 
      пайдалы модельдің көптізбекті формуласының тәуелді тармақтарында оны орындаған 
немесе қолданған тиісті жағдайларда қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және мораль 
қағидаларына қарсы келетін белгілердің бар болуы;
 
      формуланың байланысты тармағы бір ғана пайдалы модельге қатысты осы Қағидалардың 
45-тармағы талаптарының бұзылуы;
 
      формула тармағының белгісін (белгілерін) алып тастау немесе ауыстыру болжалған 
байланысты тармақтың пайдалы модель формуласында болуы;
 
      өтінім құжаттарының бір-біріне сәйкес келмеуі (ішінара, өтініште келтірілген 
пайдалы модель атауының сипаттамада келтірілген атаумен сәйкес келмейді; пайдалы модель 
сипаттамасында пайдалы модель формуласында көрсетілген белгілер болмайды; пайдалы модель 
формуласында «Пайдалы модель мазмұнын» сипаттау тарауында тапсырушы көрсеткен белгі 
болмайды; сызбалар пайдалы модель сипаттамасына сәйкес келмейді);
 
      баяндамаға осы Қағидалардың 48-тармағы талаптарының бұзылуы;
 
      осы Қағидалардың 51-тармағына сәйкес пайдалы модель формуласында және жалпы 
қабылдау терминологиясы баяндамасында, өтінім материалдары мәтінінде терминология 
бірлігін сақтау, пайдалану туралы сипаттама талаптарының бұзылуы;
 
      бір белгінің нақты сипаттамасын сипаттауда үйлесетін формулада жаңылыс көрсетілген 
белгінің («ерекше», «арнайы», «жақсартылған») болуы;
 
      белгілер формуласында пайдалы модель объектісі болып табылатын қондырғыдағы 
ауызша, бейнелеу немесе аралас сипаттағы белгілердің болуы. Бұл ретте өтініш берушіге 
осындай белгілердің сәйкес келу немесе олардың қондырғымен бірдей тауарларға арналған 
немесе қызмет көрсету түрлеріне, не болмаса тауарлардың шығу орындарының атауына сәйкес 
және пайдалы модельді пайдаланған жағдайда патентті алушы мен тауарлық белгінің (қызмет 
көрсету белгісінің) иесі құқықтарының қайшы келуінің басқа адамдар тіркеген немесе 
тіркеуі мүмкін тауар белгілерімен (қызмет көрсету белгілерімен) араласу деңгейіне дейін 
ұқсас болу мүмкіндігі хабарланады;
 
      жалпы түрде сипатталған белгінің жеткіліктілігін растайтын мәліметтерді сипаттауда 
өтініш беруші көрсеткен техникалық нәтижені алу үшін пайдалы модель формуласының 
байланысты тармағына енгізілген қалған белгілермен жиынтығында жоқ болуы;
 
      өтінімде ерте сұратылған басымдықты белгілеумен байланысты мәселелерді түсіндіру 
қажеттігі;
 
      пайдалы модель формуласын сипаттаудың және осы Қағидалардың басқа да талаптарын 
бұзушылықтың болуы;
 
      Сұрау салуда өтініш берушіге бір пайдалы модельге жататын нақты сипаттаманы және 
формуланы не болмаса бірыңғай өнер тапқыштық ойды құрайтын пайдалы модель тобын ұсынуы 
мүмкін;
 
      Тапсырушының түзетілген құжаттары, сұрау салуға сәйкес, сонымен қатар өтініш 
берушінің бастамасы бойынша енгізілген түзетулер осы Қағидалардың 84-тармағының 
шарттарын сақтай отырып ұсынылады.
 
      Сараптаманың сұрау салуына жауап оны жіберген күннен бастап үш айдан кешіктірмей 
ұсынылуы тиіс. Бұл мерзім өтініш бойынша, тиісті төлем жасалған жағдайда өтініш иесіне 
Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Өтінімге сараптама 
сұрау салуға жауап алғанға дейін тоқтатылады.
 
      Егер өтінім иесі белгіленген мерзімде сұралатын материалдарды толық көлемде немесе 
осы Қағидалардың 67-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, оларды ұсыну 
мерзімдерін ұзарту туралы ұсынымды ұсынбаса, өтінім кері қайтарылып алынған болып 
есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне хабарланады. Сараптама жасау ұйымымен жіберіп 

алынған мерзімді қалпына келтірген жағдайда осы Қағидалардың 68-тармағына сәйкес іс 
жүргізу жалғастырылуы мүмкін.
 
      78. Өтінім мәнін техниканың белгілі бір саласына жатқызу мақсатында сараптама 
жасау ұйымы мәлімделген пайдалы модельдерді ХПК-ға сәйкес классификациялайды.
 
      Классификациялау өтінімге сараптама жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
 
      Классификациялау ХПК енгізумен белгіленген ережелерге сәйкес жүргізіледі.
 
      Классификациялау кезінде классификациялық индексті таңдау үшін мәлімделген пайдалы 
модель формуласы негіз болып табылады. Пайдалы модельді одан да толығырақ 
классификациялау үшін суреттемелер мен сызулар пайдаланылады. Егер өтінім ХПК әр түрлі 
айдарларына жататын бірнеше объектіні қамтыса, барлық тиісті классификациялық индекстер 
белгіленеді. Бұл ретте бірінші индексті таңдау пайдалы модельдің атауымен айқындалады.
 
      79. Өтінімнің және қосымша материалдардың белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні 
туралы хабарлама келесі жағдайларда жіберіледі:
 
      1) егер мәлімделген пайдалы модельдердің мәніне талдау жүргізілмей, өтінімді қарау 
нәтижесінде өтінім пайдалы модельдің бірыңғай талаптарын бұза отырып, берілгені 
анықталса, өтінім иесіне бұл туралы хабарлама жіберіледі және оның жіберілген күнінен 
бастап үш ай ішінде пайдалы модельдердің қайсысы қаралуы керек екенін хабарлау және 
қажет болғанда өтінім материалдарына нақтылау енгізу ұсынылады.
 
      Пайдалы модельдің бірыңғай талаптарының сақталды деп есептеледі:
 
      Егер пайдалы модельдің формуласы бір ғана пайдалы модельден тұратын болса.
 
      Егер пайдалы модельдің формуласы бірнеше пайдалы модельден тұратын болса.
 
      олардың бірі екіншісін (құрылғы немесе зат және құрылғыны немесе затты толық 
немесе бір бөлігін алу тәсілі (дайындау)) алуға (дайындауға) арналған болса;
 
      олардың біреуі екіншісін іске асыруға (мысалы, тәсілді толықтай немесе оның 
амалдарының бірін іске асыратын тәсіл мен құрылғы) арналған болса;
 
      олардың біреуі екіншісін пайдалануға (мысалы, тәсілде пайдалануға арналған тәсіл 
мен зат тәсіл немесе құрылғы және оның бір бөлшегіне арналған болса;
 
       құрылғы мен затты жаңа немесе белгілі бір бағытта қолдану және оларды осы бағытқа 
сәйкес пайдалану; 
 
      құрылғы немесе затты жаңа немесе белгілі бір бағытта қолдану және құрылғы немесе 
композиция, олардың құрамды бөліктері);
 
      объектінің бір түріне жататын (бірнеше құрылғы, бірнеше зат) бір бағытта 
қолданылатын, бір техникалық нәтиже (нұсқалар) алуға бағытталған.
 
      Пайдалы модельдің бірыңғай талаптарының сақталуы пайдалы модельдің бастапқы 
формуласына қатысы бойынша немесе, егер ол өзгерген болса, - өтінім иесі белгіленген 
тәртіппен ұсынған соңғы формулаға қатысы бойынша тексеріледі.
 
      Егер өтінім иесі пайдалы модельдердің қайсысын (немесе бірыңғайлық талаптарына сай 
келетін пайдалы модель топтарына, егер ұсынылған пайдалы модельдердің ішінде осындай 
топтар болса) қарау қажет екенін белгіленген мерзімде хабарламаса және нақтыланған 
құжаттарды ұсынбаса, сараптама тек формулада бірінші болып көрсетілген пайдалы модельге 
(немесе пайдалы модельдің бірыңғай талаптарына жауап беретін топты құрайтын формулада 
бірінші болып көрсетілген мәлімделген пайдалы модельдерге) ғана қатысты жүргізіледі.
 
      2) егер қосымша материалдар жалпы немесе ішінара мәлімделген пайдалы модельдің 
мәнін өзгертетін болса және/немесе осы Қағидалардың 81-тармағында көзделген талаптар 
сақталмай ұсынылған болса, өтінім иесі сараптама кезінде олар жалпы немесе тиісті 
бөлігінде назарға алынуы мүмкін еместігі туралы хабарландырылады.
 
      Қосымша материалдар, өтінімді түзететін немесе нақтылайтын құжаттар осы 
Қағидалардың 61-тармағының талаптарын бұза отырып ұсынылғаны анықталған жағдайда өтінім 
иесі бұл туралы хабардар етіледі.
 
      Көрсетілген тәртіп бұзушылықтар туралы өтінім иесі негіздер болған жағдайда 
жіберілетін сұрау салумен де хабардар етілуі мүмкін.
 

      80. Пайдалы модельдің басымдығын анықтау:
 
      1) пайдалы модельдің басымдығы өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күні 
бойынша анықталады.
 
      2) басымдық Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясына (бұдан әрі – 
Париж конвенциясы) қатысушы мемлекетте, сондай-ақ онда көзделген халықаралық және 
өңірлік ұйымдарда (конвенциялық басымдық) бірінші өтінім берілген күн бойынша анықталуы 
мүмкін. Өтінім иесі конвенциялық басымдықты сұраған жағдайда мынадай талаптарды сақтауы 
тексеріледі:
 
       конвенциялық өтінімнің сараптама жасау ұйымына өтінім иесінің Париж конвенциясына 
мүше мемлекетте бірінші өтінімін беруі, егер оның құқықтық мұрагерінің бірінші өтінім 
берілген күннен бастап он екі ай ішінде беруі. 
 
      Көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ егер өтінім иесіне тәуелді емес 
жағдайлар бойынша оның сақталуы мүмкін болмаған жағдайда кемінде екі айға ұзартылады. 
Егер өтінім көрсетілген екі айдың ішінде берілген болса, мұндай жағдайлардың аталғаны 
тексеріледі, егер аталған болса, осы жағдайлар болғанын құжат түрінде растау қажеттілігі 
белгіленеді;
 
      өтінім иесі сараптама жасау ұйымына өтінімнің келіп түскен күнінен бастап екі ай 
өткенге дейін конвенциялық басымдық құқығымен пайдалану ниеті туралы көрсетті ме;
 
      сараптама жасау ұйымына өтінімнің келіп түскен күнінен бастап алты ай өткенге 
дейін бірінші өтінімнің расталған көшірмесін сараптама жасау ұйымына ұсыну.
 
      3) бұрын берілген өтінімге қосымша материалдардың келіп түскен күні бойынша 
басымдық белгілеу.
 
      Бұрын берілген өтінімге қосымша материалдардың келіп түскен күні бойынша пайдалы 
модельдің басымдығын өтінім иесі сұратқан жағдайда Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес 
мынадай талаптарды сақтағаны тексеріледі:
 
      мәлімделген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп танылуына байланысты қосымша 
материалдарды назарға алу үшін қабылдаудың мүмкін еместігі туралы сараптама жасау 
ұйымының хабарламасын өтінім иесіне жіберген күннен бастап үш ай ішінде бірінші өтінім 
иесінің немесе оның құқықтық мұрагерінің мұндай басымдық сұралатын өтінімді сараптама 
жасау ұйымына беру. Қосымша материалдардың өтінімнің мәнін өзгертеді деп тану туралы 
қорытынды өтінімді сараптама кеңесінде қарау нәтижесінде алынса және хаттамада 
бекітілсе, хаттамаға қол қойылған күн көрсетілген хабарламаны өтінім иесіне жіберу күні 
болып есептеледі;
 
      басымдық сұрау үшін негіз болып табылатын қосымша материалдар берілген өтінім 
басымдық сұралып отырған өтінімді беру күнінен бастап кері қайтарылып алынбаса немесе 
кері қайтарылып алынды деп танылмаған болса.
 
      4) өтінім иесі сараптамалық ұйымнан бұдан бұрын берілген өтінімінің берілген күні 
бойынша басымдық белгілеуді сұраған жағдайда мынадай талаптарды сақтағаны тексеріледі:
 
      өнертабысқа бұрын берілген өтінімді беру күнінен бастап 12 ай ішінде немесе 
пайдалы модельге бұрын берілген өтінімде беру күнінен бастап алты ай ішінде бұрын 
берілген өтінім иесінің немесе оның құқықтық мұрагерінің мұндай басымдық сұралатын 
өтінімді сараптама жасау ұйымына беруі.
 
      бұрын берілген өтінім бойынша осы өтінімді бергеннен гөрі бұрын берілген өтінімде 
өнертабыстың немесе пайдалы модельдің басымдығы сұралмаған;
 
      бұрын берілген өтінім кері қайтарылып алынбаса және мұндай басымдық сұралған 
өтінімді берген күнге дейін кері қайтарылып алынды деп танылмаған.
 
      Бұрын бірнеше рет берілген өтінімдердің негізінде басымдық сұралмаған жағдайда 
көрсетілген талаптар олардың әрқайсысы бойынша сақталған болуы керек.
 
      Көрсетілген басымдық сұралған өтінімді беру кезінде бұдан бұрынғы өтінім кері 
қайтарылып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне хабарланады.
 
      5) бөлінген өтінім бойынша өтінім иесі басымдық сұраған жағдайда мынадай 

талаптардың орындалғаны тексеріледі (Заңның 20-бабының 5-тармағы):
 
      осы өтінім иесінің бастапқы өтінімінде бөлінген өтінімнің пайдалы моделінің мәні 
ашылды ма;
 
      бастапқы өтінім бойынша патент беруден бас тарту туралы сараптама жасау ұйымының 
қорытындысы шығарылғанға дейін өтінім иесінің немесе оның құқықтық мұрагерінің сараптама 
жасау ұйымына бөлінген өтінім беруі, патент беру туралы уәкілетті орган шешім 
қабылдағанға дейін көрсетілген өтінім бойынша сараптама жасау ұйымы патент беру туралы 
қорытынды шығарған жағдайда қарсылық білдіру мүмкіндігі;
 
      бастапқы өтінім кері қайтарылып алынбаған және бөлінген өтінім берілген күнге 
дейін кері қайтарылып алынған деп есептейді;
 
      Көрсетілген талаптар сақталған жағдайда пайдалы модель басымдығы бастапқы өтінім 
берліген күн бойынша белгіленеді, ал бастапқы өтінім бойынша басымдық құқығы болған 
жағдайда – осы басымдықтың күні бойынша белгіленеді. Егер бастапқы өтінім конвенциялық 
болып табылса, егер өтінім иесінің тиісті өтініші болса, сараптама жасау ұйымына 
конвенциялық өтінімді беру күні бөлінген өтінімді беру күні болып табылады.
 
      6) өтінім иесі бірнеше басымдық сұраған жағдайда өтінім иесі көрсеткен басымдықтар 
сұрау үшін негіздерге қарай осы тармақтың 2)-5) тармақшаларында санамаланған талаптардың 
сақталуы тексеріледі.
 
      Атап айтқанда, егер пайдалы модель формуласының тәуелсіз тармақтарының бірінде 
сипатталған пайдалы модель үшін осы өтінім иесінің бұрын берілген өтінімін беру күні 
бойынша басымдық сұралса осы тармақтың 4) тармақшасына сәйкес, ал басқа тәуелсіз 
тармақта сипатталған пайдалы модельге қатысты – осы өтінімге қосымша материалдардың 
келіп түскен күні бойынша басымдық сұралса осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес, онда 
көрсетілген пайдалы модельдердің әрқайсысына қатысты тиісті тармақта келтірілген 
талаптар сақталуы тиіс немесе тәуелсіз және тәуелді тармақтарда сипатталған пайдалы 
модельге қатысты (Заңның 20-бабының 2-тармағы) берілген күні әр түрлі алғашқы екі 
өтінімдер негізінде түрлі конвенциялық басымдықтар сұралса, онда осы тармақтың 2) 
тармақшасында көрсетілген талаптарды өтінім иесі сақтағаны анықтау кезінде алғашқы екі 
өтінімнің көшірмелерінің бар-жоғы, алғашқы өтінімдерді беру күніне қатысты он екі айлық 
мерзімнің сақталғаны тексеріледі.
 
      Егер өтінім иесі бірнеше басымдық сұраған кезде пайдалы модельдің көптізбекті 
формауласының тармақтары бойынша күндері қойылмаған болса, өтінім иесіне сұралатын 
басымдықтың күндері формуланың қандай тармақтарына сәйкес келетінін көрсету ұсынылады, 
бұл ретте өтінім иесіне тиісті мәліметтер ұсынбаған жағдайда формуланың барлық 
тармақтарына қатысты басымдық ең кешірек күнмен белгіленетіні туралы хабарланады.
 
      7) пайдалы модельдің басымдығын белгілеу талаптарын сақтауын тексеру кезінде осы 
тармақтың 3)-5) тармақшаларына сәйкес соның негізінде басымдық сұралатын өтінім немесе 
мұндай сұрауға негіз болып табылатын қосымша материалдар берілген өтінім қайтырылып 
алынған немесе қайтырылып алынған деп есептеле ме, жоқ па анықталады. Егер өтінім 
қайтырылып алынған деп есептелсе, өтінім иесі осы Қағидалардың 68-тармағына сәйкес 
өтікізіп алынған мерзімді қалпына келтіру қажеттігі туралы хабарланады.
 
      Сұралған басымдықты белгілеу шарты ретінде көрсетілген мерзімдерді өтінім иесінің 
сақтауын тексеру кезінде осы Қағидалардың 66-тармағын басшылыққа алған жөн.
 
      Өтінім иесінің басымдық сұрау үшін негіз болып табылатын бұрын берілген 
материалдарда (бұрын берілген өтінімде, қосымша материалдарда) өтінім берілген пайдалы 
модельді ашумен байланысты талапты сақтауын анықтау кезінде материалдарда (сипаттамада, 
бұрын берілген өтінімнің формуласында, қосымша материалдардың мәтіндік бөлігінде) 
сұралған пайдалы модельдің формуласына енгізілген барлық белгілердің енгізілгені 
тексеріледі.
 
      Осы тармақтың 2)-5) тармақшаларында көрсетілген талаптарды өтінім иесі сақтаған 
жағдайда өтінім берілген өнертабысқа сұралған басымдық белгіленеді.
 

      Пайдалы модельге басымдық конвенциялық өтінімнен бөлінген өтінім бойынша сұралған 
жағдайда осы тармақтың 5) тармағының талаптары сақталғанда пайдалы модельдің басымдығы 
конвенциялық өтінімнің басымдық күні бойынша белгіленеді. Бұл ретте бөлінген өтінімді 
беру күні болып конвенциялық өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн есептеледі.
 
      Өтінім иесі осы тармақтың 2)-6) тармақшаларында көрсетілген талаптардың біреуін 
сақтамаған жағдайда пайдалы модельдің басымдығы өтінімді сараптама жасау ұйымына берген 
күні бойынша (бұл туралы өтінім иесіне алдын ала хабарлап) белгіленеді.
 
      Егер көптізбекті формуланың тармақтарының бірінде сипатталған пайдалы модельге 
қатысты көрсетілген талаптар сақталмаған болса, өтінімді сараптама жасау ұйымына берген 
күн бойынша басымдық тек осы пайдалы модель үшін ғана белгіленеді.
 
      81. Қосымша материалдарды тексеру:
 
      1) өтінім иесі өтінім құжаттарына осы өтінім бойынша патент беру туралы немесе 
патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін өтінім берілген пайдалы 
модельдің мәнін өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар енгізуге құқылы.
 
      Өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай өткенге дейін өтінімді түзететін немесе 
нақтылайтын (яғни олардың мазмұнына енгізілуі тиіс) қосымша материалдар ұсынылған 
жағдайда көрсетілген өзгерістер өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілгенге 
жататындығын тексеру қажет, егер оған жататын болса, көрсетілген құжаттармен бірге 
белгіленген тәртіппен төлем төленгенін растайтын құжат ұсынылғанын тексеру керек. 
Көрсетілген төлем туралы құжат ұсынылмаған жағдайда бұл материалдар өтінімді қарау 
кезінде назарға алынбайды, бұл туралы өтінім иесі хабарландырылады. Мұндай хабарлама 
өтінім иесіне жіберілетін кезекті сараптама құжатының мазмұнына енгізілуі мүмкін.
 
      Өтінім құжаттарын өзгерту өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілгендерге 
жататындығы туралы мәселені шешу кезінде мыналарды басшылыққа алу қажет:
 
      өтінім иесі сараптаманың қандай да бір жазбаша хабарламасын, оның ішінде сұрау 
салуды алғаннан кейін де, мұндай хабарламаны алғанда да ол ұсынған өтінім құжатының 
өзгерістері өтінім құжатын дайындау кезінде жол берілген оған қойылатын талаптарды жоюға 
бағытталса, өтінім иесінің бастамасы бойынша енгізілген деп есептелмейді;
 
      өтінім иесінің сараптаманың қандай да бір хабарламасын алғаннан кейін оның ұсынған 
өтінімінің құжаттары, оның ішінде сұрау салуы бұл өзгерістер мұндай өзгерістер жазбаша 
сараптама хабарламасының мазмұнымен байланысты болса, өтінім иесінің бастамасы бойынша 
енгізілген деп есептелмейді.
 
      Қандай да бір сараптама, оның ішінде сұрау салудың хабарламасын алғаннан кейін де, 
мұндай хабарламаны алмағанда да өтінім иесі ұсынған құжаттарының барлық өзге өзгерістері 
өтінім иесінің бастамасы бойынша құжаттарды өзгерту болып табылады.
 
      2) сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім иесі берген қосымша 
материалдарға қатысты өтінім иесінің оларды ұсынудың белгіленген мерзімдерін сақтауы 
тексеріледі.
 
      Көрсетілген материалдар өтінім иесіне сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай 
ішінде ұсынылуы керек.
 
      Өтінім иесінің белгіленген мерзімдерді сақтауын тексеру кезінде осы Қағидалардың 
67-тармағын басшылыққа алған жөн.
 
      Өтінім иесі қосымша материалдарды көрсетілген мерзімдерді бұза отырып, бұл 
мерзімдер осы Қағидалардың 66-тармағына сәйкес ұзартылмаған болса, ұсынғаны анықталса, 
өтінім қайтарылып алынған болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне хабарланады.
 
      3) өз бастамасы бойынша немесе сараптама жасау ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім 
иесі ұсынған және қарау үшін қабылданған қосымша материалдар келіп түскенде олар өтінім 
берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертпей ме деген мәселе тексеріледі. Қосымша 
материалдарда формулаға енгізуге жататын өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ 
белгілерді қамтыса, олар өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертетін болып 
танылады.
 

      Белгілер өтінім иесі ұсынған нақтыланған формулада болса ғана емес, сонымен қатар 
өтінім иесі мұндай енгізуді көрсетсе де, пайдалы модель формуласына енгізуге жатады деп 
есептеледі.
 
      Қосымша материалдарда бар және формулаға енгізілуге жататын белгілер формулада 
немесе өтінімдегі сипаттамада патент беру туралы өтініш, сиапаттама, пайдалы модель 
формуласы және сызу сараптама жасау ұйымына келіп түскен күні болмаса, өтінімнің 
бастапқы материалдарында болмаған деп танылады.
 
      Егер өтінімнің бастапқы материалдарында пайдалы модель белгісі оны орындаудың жеке 
нысандарын ашпай, жалпы түсінікпен берліген болса, онда қосымша материалдарда оны 
пайдалы модель формуласына енгізуге жататын белгіге жатқыза отырып, мұндай нысанды 
орындауды қосымша материалдарда ұсыну қосымша материалдарды өтінім берілген пайдалы 
модельдің мәнін өзгертетін деп тану үшін негіз болып табылады.
 
      Сипаттамада техника деңгейіне, оның ішінде жақын аналогына да қатысты атап өтілген 
белгілер өтінімнің бастапқы материалдарында бар өтінім берілген пайдалы модельдің 
белгілеріне жатпайды.
 
      Өтінім пайдалы модельдер тобына жатқан жағдайда өтінімнің бастапқы 
материалдарындағы топтың қандай да бір пайдалы моделінің белгілері деп топтың осы 
пайдалы моделіне қатысты ғана сипаттамасында атап өтілген белгілер есептеледі.
 
      Бұған біреуі басқасында пайдалану үшін арналған пайдалы модельдер тобы кірмейді. 
Басқасында пайдалануға арналған бір пайдалы модельдің бастапқы материалдарында бар 
белгілер, осы басқа пайдалы модель белгілері болып саналады.
 
      Өтінімнің бастапқы материалдарында жоқ өтінім берілген пайдалы модель мәліметтерін 
қамтитын, формулаға енгізілуі тиіс белгілерге жатпайтын қосымша материалдар пайдалы 
модельдің мәнін өзгертетін болып есептелмейді. Мұндай мәліметтерге, атап айтқанда, 
пайдалы модельді жүзеге асыру шарттары туралы жаңа (қосымша) мәліметтер, пайдалы 
модельді іске асыру мысалдары, қосымша техникалық нәтиже алу мүмкіндігіне нұсқау, 
нақтыланған графикалық материалдар жатқызылуы мүмкін. Өтінімнің бастапқы материалдарында 
жоқ белгілермен қатар пайдалы модель формуласына енгізілуі тиіс қосымша материалдар, 
сондай-ақ өтінімді қарау үшін қажетті өзге де мәліметтер көрсетілген белгілері бар 
бөлігінде ғана мәнді өзгертетін болып танылады. Өзге мәліметтер сараптама жүргізу 
кезінде ескеріледі.
 
      4) өтінім иесі өзгерткен, қосымша материалдарда ұсынылған пайдалы модель 
формуласын тексеру кезінде өзгерістердің өтінім берілген пайдалы модельге (пайдалы 
модельдерге) жататындығы тексеріледі.
 
      Пайдалы модельдің мақсатын көрсететін бастапқы алғашқы мәнін басқа мәнге өзгерту 
кезінде формуланы өзгерту егер көрсетілген түсініктердің мәндері әр түрлі болса, бағыну 
немесе қиылысу қатынасында болса, өтінім берілген пайдалы модельге жатады, яғни олардың 
көлемі толық немесе ішінара сәйкес келеді деп саналады.
 
      Пайдалы модель формуласын өзгерту осы Қағидалардың 78-тармағының 2) 
тармақшасындағы 18, 19-абзацтарында көрсетілген кемшіліктерді жою нәтижесінде жаңа 
тәуелсіз тармақ (немесе бірнеше осындай тармақ) қалыптасқан жағдайда өтінім берілген 
пайдалы модельге жатады деп танылады.
 
      Өзгертілген формула формулаға тәуелсіз қосымша тармақ енгізілсе, өзге пайдалы 
модельді қамтиды деп танылады.
 
      Өтінім берілген пайдалы модельге жатпайтын пайдалы модель формуласын өзгерту 
назарға алынбайды, бұл туралы өтінім иесі хабарландырылады.
 
      5) қосымша материалдар өтінім берілген пайдалы модельдің мәнін өзгертеді деп 
танылған жағдайда өтінім иесіне қосымша материалдарға енгізілген мәліметтердің қайсысы 
сараптаманың мұндай қорытынды шығаруына негіз болғаны туралы хабарланады (оған 
жіберілген сараптаманың кезекті құжатында).
 
      6) факс бойынша келіп түскен материалдарға қатысты осы Қағидалардың 60-тармағы 1) 

тармақшасының ережелері қолданылады.
 
      82. Заңның 28-бабына сәйкес пайдалы модельге өтінімді өтiнiш жасау арқылы пайдалы 
өнертабысқа өтiнiм етiп өзгертілуі мүмкін. Көрсетілген қайта өзгерту пайдалы модельге 
өтінім бойынша сараптама жасау ұйымы тиісті қорытынды шығарғанға дейін мүмкін болады.
 
      Қайта өзгерту туралы өтініш түскеннен кейін оның ресімделуінің дұрыстығы 
тексеріледі, сондай-ақ пайдалы модельге патент беру туралы қорытынды шығарылғанға дейін 
берілді ме және белгіленген мөлшерде төлем төлеу туралы құжат өтінішке қоса берілді ме, 
сол тексеріледі.
 
      Өтініш белгіленген талаптарға сәйкес ресімделмеген жағдайда өтінім иесіне бұл 
туралы хабарланады.
 
      Қайта өзгерту туралы өтінішпен және белігленген мөлшерде төлем төлеу туралы 
құжатпен бірге Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан 
Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын 
беру жөніндегі ережеге сәйкес ресімделген өнертабысқа патент (инновациялық патент) беру 
туралы өтініш 4 данада ұсынылады.
 
      Өтініш келіп түскен соң пайдалы модельге өтінім бойынша тиісті қорытынды 
шығарылғаннан кейін өтінім иесіне өтінімді қайта өзгерту болмайтыны туралы хабарланады.
 
      Қайта өзгертілмеген өтінім пайдалы модельге өтінім болып қала береді және оған 
қатысты бұдан әрі осы Қағидалардың ережелері қолданылады. Бұл ретте бірінші өтінімнің 
басымдығы мен берілген күні сақталады.
 
      Егер өтініш белгіленген талаптарға сәйкес Заңның 28-бабының 2-тармағына сәйкес 
мерзімдерді сақтай отырып ресімделгені туралы құжат ұсынылғаны анықталса, өтінім иесі 
өтінімнің өзгертілгені туралы, сондай-ақ өтінімді одан әрі қарау Өнертабысқа өтiнiмдi 
жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының 
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ереженің 
ережелеріне сәйкес жүргізілетіні туралы хабарланады.
 
      Егер қайта өзгерту туралы өтініш қайтарылып алынған деп есептелетін өтінім бойынша 
келіп түскен болса және өтінішпен бірге өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру 
туралы өтініш білдірілген болса, ол Заңның 23-бабының 2-тармағына және осы Қағидалардың 
69-тармағына сәйкес қаралады.
 
      Өтінімді қайта өзгерту туралы өтініш берілген күні өтінімді нақтылайтын немесе 
түзететін қосымша материалдар не пайдалы модельдің өзгертілген формуласы ұсынылған 
жағдайда қайта өзгерту туралы өтініш қаралғанға дейін осы материалдарды осы Қағидалардың 
84-тармағына сәйкес тексеру жүргізіледі.
 
      Қайтарылып алынған немесе қайтарылып алынған деп есептелетін пайдалы модельдерге 
өтінімдерге қатысты қайта өзгерту жүргізілмейді.
 
      Өтінім иесіне өтінімнің қайта өзгертілуі болғаны туралы хабарлама жібергенге дейін 
одан қайта өзгерту туралы өтініш берілмеді деп есептеу туралы өтініш келіп түскен 
жағдайда қайта өзгерту болмады деп есептеледі, бұл туралы өтінім иесі хабарландырылады.
 
      Пайдалы модельге өтінім өнертабысқа патент беруге өтінім болып қайта өзгертілгені 
туралы өтінім иесіне хабарлама жіберілгеннен кейін қайта өзгерту туралы өтінішті 
берілмеген деп есептеу туралы өтінім иесінің өтініші өтінімді қайтадан қайта өзгерту 
үшін негіз болып табылмайды.
 
      83. Өтінімге сараптама жасау нәтижесінде ол пайдалы модельдер ретінде қорғалатын 
объектілерге жатпайтын ұсынысқа ресімделгені анықталса, өтінім иесіне патент беруден бас 
тарту туралы қорытынды жіберіледі.
 
      Мәлімделген ұсыныс жалпы алғанда формуланың тармағында сипатталған түрінде осы 
Заңның 6 бабының 3 тармағында келтірілген ұсыныстар тізбесіне кіретін болса, онда 
пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жатады деп танылмайды.
 
      Егер мәлімделген объект көптізбекті формулада сипатталса және тәуелді тармақтың 
мазмұны осы объектінің қоғамдық мүдделерге, адамгершілік және мораль қағидаларына 

қайшылығын білдірсе, мұндай объект те пайдалы модель болып танылмайды.
 
      Формуланың қандай бір тармағында сипатталған объект жоғарыда баяндалғанды ескере 
отырып, пайдалы модель болып танылмайтын жағдайда өтінім иесіне патент беруден бас тарту 
туралы қорытынды үшін негіз болуы мүмкін дәлелдерді баяндап, қажет болса, тиісті ақпарат 
көздеріне сілтеме жасала отырып, және пайдалы модель формуласын растап, келтірілген 
дәлелдерді жоққа шығару немесе тиісті тармақты түзетіп немесе алып тастап, пайдалы 
модель формуласын өзгерту ұсынылып, сұрау салу жіберіледі.
 
      Егер өз жауабында өтінім иесі сараптама дәлелдерін жоққа шығармаса және сұрау 
салуда ұсынылған өзгерістерді формулаға енгізбесе, патент беруден бас тарту туралы 
қорытынды шығарылады.
 
      Бұл ретте қорытындыда формуланың басқа тармақтарында сипатталған (егер бұл 
сараптама процесінде анқталған болса) ұсыныстардың принциптік қорғау қабілеті атап 
өтілуі мүмкін.
 
      патент беруден бас тарту туралы қорытындыда келтірілген дәлелдермен келіспеген 
жағдайда қорытынды жіберілген күннен бастап үш айдың ішінде уәкілетті органның 
апелляциялық кеңесіне келіспеушілік білдіру туралы өтінім иесінің құқығы қосымша 
хабарланады.
 
      84. Патент беру туралы қорытынды келесі жағдайларда шығарылады:
 
      1) егер сараптама нәтижесінде өтінімде барлық қажетті құжаттардың бар екені, осы 
Ережеде белгіленген оған қойылатын талаптар сақталғаны және өтінім берілген ұсыныс 
пайдалы модельдер ретінде қорғалатын объектілерге жататыны анықталса, өтінім иесі 
ұсынған формуламен пайдалы модельге патент беру туралы қорытынды шығарылады. Сараптама 
жасау ұйымының қорытындысы патент беру туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға 
жіберіледі бұл туралы (мұндай шешім қабылданған жағдайда) өтінім иесіне хабарланады. 
Өтінім иесі уәкілетті органның патент беруге шешім шығарылғандығы туралы хабарлама 
алғанан кейін үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы құжатты уәкілетті органға 
ұсынады.
 
       Өтінім берушіге уәкілетті органның патент беру туралы шешім қабылдағаны туралы 
хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші сараптама ұйымына патентті 
беруге дайындағаны және жариялағаны үшін тиісті төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж 
төленгенін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетілген құжаттар ұсынылмаған кезде өткізіп 
алған мерзімді қалпына келтіру төлемінің төленгені туралы құжат ұсынылған жағдайда төлем 
мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтінім кері қайтарып 
алынды деп есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, бұл жөнінде өтінім беруші 
қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі. 
 
      Өтінім иесіне қайта қалыптастыру мерзім күні аяқталғаннан кейін бір ай ішінде 
өтінімнің іс жүргізуі тоқтатылып, өтінім қайтарылған деп есептеу жөнінде хабарлауға тура 
келеді.
 
      2) патент беру туралы қорытынды өтінім берілген пайдалы модельдің Заңның 7-бабының 
1-тармағында белгіленген патент қабілеттігі талаптарына сәйкестігі тексерілмей 
қабылданады;
 
      3) егер пайдалы модельге өтінімді сараптау процесінде басымдық күні сондай 
иелігіндегі өнертабысқа немесе пайдалы модельге қайтарылмаған немесе қайтарылған деп 
есептелмейтін басқа өтінім бар екені анықталса, онда оны сараптама жасау ұйымына ертерек 
жіберілген күні дәлелденген өтінім бойынша қорытынды беріледі, ал күндері сәйкес келген 
жағдайда – сараптама жасау ұйымының ертерек тіркеу нөмірі бар өтінім бойынша беріледі;
 
      4) Заңның 29 және 33-баптарында көзделген жағдайларда пайдалы модельдің патент 
қабілеттілігі талаптарына сәйкестігі туралы мәселе қаралғанда мыналар ескеріледі:
 
      егер техника деңгейінде пайдалы модель сол мақсаттағы белгісіз құрал мақсатының 
сипаттамасын қоса алғанда, пайдалы модельдің формуласының тәуелсіз тармағында 
келтірілген барлық елеулі белгілер (соңғыларға осы Қағидалардың 33-тармағы 4) 

тармақшасының талаптарын қанағаттандырмайтын белгілер жатпайды, себебі оларға қатысты 
қол жеткізілетін техникалық нәтижеге әсері белгіленуі мүмкін емес) тән болса, патентпен 
қорғалатын пайдалы модель «жаңалық» талабына сәйкес деп есептеледі.
 
      Техниканың деңгейі туралы мәліметтер сол мақсаттағы құралдар туралы әлемде 
жарияланған пайдалы моделі басымдығының күніне дейін жалпы қолжетімді болған мәліметтер 
кіреді, бұл өтінім берілген пайдалы модель, оларды Қазақстан Республикасында оларды 
қолдану туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа тұлғалар пайдалы модельдерге және 
өнертабыстарға өтінім берген және патенттелгенде Қазақстан Республикасында бұрынырақ 
басымдық беріледі. Техника деңгейіне өтінім берушілер қайтарып алған өтінімдер, сондай-
ақ қайтарып алынған деп есептелетін өтінімдер енгізілмейді.
 
      Техника деңгейіне еуразиялық өтінімдер, сондай-ақ Патенттік кооперация туралы 
(РСТ) Келісім нұсқаулығының 4.9 (а) ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының 
нұсқауымен халықаралық өтінімдер енгізіледі.
 
      Өтінім техника деңгейіне осы өтінімдегі өтінім, сипаттама, формула және сызулар 
(өнертабысқа өтінім үшін – егер сипаттамада оларға сілтемелер болған жағдайда ғана) 
келіп түскен күндегі сипаттама мен формулаға қатысты енгізіледі. Егер бұл күн қаралатын 
өтінімнің басымдығы күнінен кешірек болса, ерте басымдығы бар өтінім басымдық белгілеу 
үшін негіз болатын материалдардың мазмұнына сәйкес келетін оның мазмұны бөлігіндегі 
техника деңгейіне енгізіледі (бірінші өтінім, бұрын берілген өтінім, осы өтінімге 
қосымша материалдар).
 
      Қазақстан Республикасында патенттелген (оның ішінде осы тұлға) өнертабыстар мен 
пайдалы модельдер, яғни тиісті Мемлекеттік тізілімдерде тіркелген тиісті Мемлекеттік 
тізілімде өнертабыс немесе пайдалы модельді тіркеу жүргізілген формулаға қатысты ғана 
техника деңгейіне енгізіледі.
 
      Патентпен қорғалатын пайдалы модель мынадай талаптар орындалған жағдайда 
«өнеркәсіптік пайдалану» талабына сәйкес деп есептеледі:
 
      оның негізінде патент берілген өтінімде өнеркәсіп құралы немесе тұтыну бұйымы 
немесе олардың құрамдас бөлігі ретінде пайдалы модельдің мақсаты нақты көрсетілсе немесе 
осы мақсат осы Қағидалардың 10-тармағында жазылғандай, пайдалы модельдің атауынан немесе 
осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілгендей пайдалы модель формуласынан мақсаты тура 
болса;
 
      пайдалы модельді формуланың әрбір тармағына сәйкес орындау кезінде осы 
Қағидалардың 33-тармағы 4) тармақшасының талаптарын қанағаттандырмайтын белгілерді 
есептемегенде көрсетілген мақсат іс жүзінде іске асырылса;
 
      басымдық күніне белгілі немесе өтінімде сипатталған (өтінім түскен күннен бұрын 
басымдық анықталған жағдайда – оның негізінде басымдық белгіленген өтінімде де, 
материалдар да) формуланың кез-келген тармағында сипатталған түрінде пайдалы модельді 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құралдар мен әдістер.
 
      85. Ақпараттық іздестіруді жүргізу шарттары:
 
      1) өтінім иесінің өтініші бойынша өтінімді қараудың кез-келген сатысында, ал 
патент иесінің немесе үшінші тұлғаның өтініші бойынша – пайдалы модельге патент беру 
туралы мәліметтер жарияланғаннан кейін тиісті төлем жасалған жағдайда ақпараттық 
іздестіру жүргізілуі мүмкін (Заңның 23-бабының 4-тармағы). Ақпараттық іздестіру жүргізу 
туралы өтінімхат уәкілеттік орган қалыптастырған осы Қағидалардың 5 Қосымшасына сәйкес 
ұсынылады.
 
      2) егер өтінім берілген ұсыныс оны түсіну мүмкін болмайтындай сиаптталса немесе 
оны Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы модель деп танылмайтын объектілерге 
жатқызу үшін негіздер болса, осыған байланысты өтінім иесіне жүгіну қажет болса, 
ақпараттық іздестіру жүргізу тиісінше ұзартылады.
 
      Жоғарыда көрсетілген жағдайларда егер өтінім иесіне жүгінгеннен кейін өтініш 
берілген ұсыныстың жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері сақталған болса, ақпараттық 

іздестіру жүргізілмейді.
 
      3) патент иесі үшінші тұлғадан ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш түскені 
туралы хабарландырылады.
 
      4) егер ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш қайтарып алынған немесе 
қайтарып алған деп есептелетін өтінім бойынша түссе немесе егер өтінім бойынша 
ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш түскеннен кейін патент беруден бас тарту 
туралы шешім қабылданса, өтініш берген өтінім иесіне оны қанағаттандыру мүмкін еместігі 
туралы хабарланады.
 
      5) өтінім иесінің, патент иесінің немесе үшінші тұлғаның өтініші бойынша 
ақпараттық іздестіру аяқталғаннан кейін ол туралы есеп өтініш берген тұлғаға жіберіледі. 
Егер ақпараттық іздестіру үшінші тұлға берген өтініш бойынша жүргізілген болса, онда 
ақпараттық іздестіру туралы есеп патент иесіне де жіберіледі.
 
      6) ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш келіп түскен күні осындай өтініш 
келіп түскен жағдайда немесе ақпараттық іздестіру жүргізіліп қойса немесе жүргізіліп 
жатса, мұндай өтініш берген тұлғаға көрсетілген жағдайлар туралы және ақпараттық 
іздестіру туралы есептің көшірмесін беру шарттары туралы осы Қағидалардың 106-тармағына 
сәйкес хабарланады.
 
      86. Ақпараттық іздестіру мәні:
 
      1) ақпараттық іздестіру сипаттама мен сызулар, сондай-ақ пайдалы модельдің жол 
берілуі мүмкін өзгерістерін есепке ала отырып, пайдалы модельдің формуласы негізінде осы 
Қағидалардың 84-тармағына сәйкес жүргізіледі.
 
      2) өтінім құжаттарын түзетулер, нақтылаулар және өзгертулер егер оларды өтінім 
иесі белгіленген тәртіппен тиісті өтініш беру күніне дейін енгізген болса, ақпараттық 
іздестіру жүргізу кезінде ескеріледі.
 
      Егер ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш келіп түскен күнге өтінім иесі 
бірлік талаптарының бұзылғаны туралы хабарламаға белгіленген мерзімде жауап бермесе, 
ақпараттық іздестіру формулада бірінші болып көрсетілген пайдалы модель (біртұтас 
өнертабыс мәнін құрайтын пайдалы модельдер тобы) бойынша жүргізіледі. Басқа пайдалы 
модельдер бойынша ақпараттық іздестіру бөлек ақпараттық іздестіру болып саналады, 
сондықтан бұл туралы сараптама жасау ұйымы ақпараттық іздестіру жүргізу туралы өтініш 
берген тұлғаға хабарлайды.
 
      87. Техника деңгейін анықтау кезінде ақпарат көзінде бар, кез-келген адам таныса 
алатын немесе оның мазмұны туралы заңды түрде хабарлануы мүмкін мәліметтер жалпыға қол 
жетімді болып есептеледі. Ақпарат көзін техника деңгейіне енгізуді анықтайтын күн болып:
 
      қорғау құжаттарына жарияланған сипаттамалар үшін – оларда көрсетілген жарияланған 
күні;
 
      отандық баспа басылымдары мен бұрынғы КСРО баспа басылымдары үшін – оларда 
көрсетілген баспасөзге жазылу күні;
 
      баспасөзге жазылу күні көрсетілмеген отандық баспа басылымдары мен бұрынғы КСРО 
баспа басылымдары үшін, сондай-ақ өзге баспа басылымдары үшін – олардың жарыққа шыққан 
күні, оны анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда егер жарыққа шыққан уақыты тек айымен 
немесе жылымен ғана анықталса – айдың соңғы күні немесе басылымда көрсетілген жылдың 31 
желтоқсаны;
 
      мақалалардың, шолулардың, монографиялардың және басқа да материалдардың сақтауға 
берілген қолжазбалары үшін – оларды сақтауға берілген күн;
 
      ғылыми-техникалық ақпарат органдарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарға түсіндірме жазбалар және басқа конструкторлық, технологиялық 
және жобалау құжаттамалар туралы есептер үшін – олардың осы органдарға түскен күні;
 
      нормативтік-құқықтық құжаттама үшін – оның осыған уәкілетті органда тіркелген 
күні;
 
      диссертациялардың және қолжазба құқығында шығарылған диссертациялардың 

авторефераттарының материалдары үшін – олардың кітапханаға түскен күні;
 
      конкурсқа қабылданған жұмыстар үшін – конкурс өткізуге қатысты құжаттармен 
расталған танысу үшін олардың қойылған күні;
 
      қарап қабылданатын ақпарат көздері үшін (плакаттар, модельдер, бұйымдар және тағы 
басқа) – оларды шолу мүмкін болған құжатпен расталған күн;
 
      көрмеге қойылған экспонаттар үшін – оларды көрсетуді бастаудың құжатпен расталған 
күні;
 
      ауызша баяндамалар, дәрістер, сөйленген сөздер үшін – егер олар дыбыс жазатын 
аппаратурамен жазылып алынса немесе тиісті іс-шаралар өткізудің көрсетілген күні 
қолданыстағы ережесінде белгіленген тәртіппен стенографиялық тәсілмен жазылып алынса, 
баяндама, дәріс, сөз сөйлеу күні;
 
      радио, телевидение хабарлары, кино үшін – егер олар көрсетілген күні қолданыста 
болған белгіленген тәртіппен тиісті ақпарат тасымалдаушыда бекітілген болса, мұндай 
хабарлама күні;
 
      пайдалану нәтижесінде белгілі болған техникалық құрал туралы мәліметтер үшін – 
мәліметтер жалпыға қолжетімді болған күннен бастап құжатпен расталған күн болып 
табылады.
 
      2) интернет арқылы, он-лайн арқылы Интернеттен, CD және DVD-ROM дискілерінен 
электрондық түрде алынған мәліметтер үшін - егер оларда көрсетілген болса, көрсетілген 
электрондық орта көмегімен қолжетімді болған құжаттарды жариялау күні немесе, егер күні 
көрсетілмесе, құжатпен расталған жағдайда мәліметтердің осы электрондық ортаға 
орналастырылған күні.
 
      88. Іздестіру аумағы және көлемі:
 
      1) іздестіру аумағының сипаттамасы ретінде (осы өтінім бойынша техника деңгейін 
анықтау үшін ақпарат қаралатын ғылым мен техника бөлімдерінің жиынтығы) ХПК айдарларының 
индекстері пайдаланылады.
 
      Іздестіру аумағын анықтау кезінде жалпы пайдалы модель объектісі және оның 
функциялық дербес белгілері осы Қағидалардың 44-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ең 
жақын баламасынан айырмашылықтары ескеріледі. Іздестіру аумағын белгілеу кезінде сондай-
ақ егер функциялық жағынан дербес болып табылмайтын оған қатысты ерекшелік белгілері 
болса, пайдалы модель және ең жақын аналогы үшін ортақ белгілер ескеріледі. Бұл 
белгілерді іздеу белгілі объектілерде де, осы объектілер мен оның бөліктеріне қатыссыз 
бөліктерде де жүргізіледі.
 
      2) сараптама жасау ұйымы мыналар кіретін көлемде ақпараттық іздестіру жүргізуді 
қамтамасыз етеді:
 
      Қазақстан Республикасы қорғау құжаттарының ресми бюллетеньдері:
 
      Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарына сипаттама;
 
      еуразиялық патенттерге сипаттама;
 
      еуразиялық патенттер беруге жарияланған өтінімдер;
 
      Ресей Федерациясының және бұрынғы КСРО қорғау құжаттарының ресми бюллетеньдері;
 
      Ресей Федерациясының және бұрынғы КСРО қорғау құжаттарына сипаттама;
 
      өнертабыстар мен патенттерге Ресей Федерациясының патенттерін және пайдалы 
модельге Ресей Федерациясының куәліктерін беруге жарияланған өтінімдер;
 
      АҚШ, Ұлыбритания, Германия, ГФР, Франция, Жапония, Қытай Халықтық Республикасы, 
Корей Республикасы (орыс және ағылшын тілдеріндегі рефераттар көлемінде), Швейцария 
(француз және неміс тілдерінде), Австрия, Австралия және Канада, сондай-ақ Еуразиялық 
патенттік ведомство, ДЗМҰ, Африка зияткерлік меншік ұйымының және Африка өңірлік 
өнеркәсіптік меншік ұйымының патенттік құжаттамасы;
 
       өткенді шолумен кемінде бес жыл болған ДЗМҰ Халықаралық бюросы жариялаған тізім 
бойынша патенттік емес әдебиет. 
 
      3) ақпараттық іздестіру жүргізу кезінде өтінім берілген пайдалы модельдің 

жаңалығын тексеру мақсатында іздестіру көлеміне сондай-ақ олардың ертерек басымдығы 
болған жағдайда Қазақстан Республикасында басқа тұлғалар берген өнертабыстар мен пайдалы 
модельдерге барлық өтінімдер (қайтарып алынғандарынан басқа) және Қазақстан 
Республикасында патенттелген өнертабыстар мен пайдалы модельдер енгізілуі мүмкін.
 
      4) егер іздестіру процесінде сол мақсаттағы, іздестіру жүргізіліп отырған пайдалы 
модельге қатысты пайдалы модельдің барлық белгілерімен бірдей белгілермен сипатталатын 
құрал табылған жағдайда да ақпараттық іздестіру тоқтатылмайды және толық көлемде аяғына 
дейін жүргізіледі. Іздестіру барысында анықталған аналогтардың саны ең толық және айқын 
қайталаусыз және ақпаратты қажетсіз қайталауды болдырмай, техника деңгейі туралы толық 
және мазмұндысынан анықталуы тиіс.
 
      89. Ақпараттық іздестіру туралы есеп және іздестіру нәтижелерімен танысу:
 
      1) іздестіру туралы есепте:
 
      іздестіру жүргізілген өтінімнің нөмірі:
 
      өтінімді сараптама жасау ұйымына берген күн;
 
      өтінім берілген пайдалы модельді классификациялау кезінде белгіленген ХПК 
айдарының (айдарларының) индексі (индекстері);
 
      ақпараттық ізденіс жүргізілген пайдалы модельдер атауы;
 
      ізденіс аумағын сипаттайтын ХПК айдарының (айдарларының) индексі (индекстері);
 
      библиографиялық деректер түрінде ақпараттық іздестіру мәніне қатысты құжаттарға, 
олардың нақты бөліктеріне сілтемелер. Егер сілтеме пайдалы модель формуласының барлық 
тармақтарына қатысты болмаса, оған формуланың тиісті тармағы немесе тармақтары 
көрсетіледі. Егер өтінім бойынша ең ертерек басымдық сұралған болса, сараптама жасау 
ұйымына өтінім түскен күннен бұрын, бірақ басымдық күнінен кеш түскен жариялаған 
құжаттар ерекше белгіге алынады;
 
      ақпараттық іздестіру аяқталған күн;
 
      2) үшінші тұлғаның өтініші бойынша жүргізілген ақпарттық іздестіру туралы есептің 
көшірмесінің бір данасы патент иесіне жіберіледі;
 
      3) ақпараттық іздестіру туралы есептің өтінім иесіне, патент иесіне немесе үшінші 
тұлғаға жіберілетін даналарынан немесе олардың көшірмелерінен іздестіру көлеміне 
енгізілген өтінімдердің библиографиялық деректері алынады.
 
      90. Патенттік кооперация туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 2-бабына сәйкес 
сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасында алушы ведомствоның функцияларын 
Патенттік кооперация туралы Келісімнің нұсқаулығын (бұдан әрі – Келісімге нұсқаулық), 
Патенттік кооперация туралы шартқа сәйкес Әкімшілік нұсқаулықты (бұдан әрі - Әкімшілік 
нұсқаулық), басшылыққа ала отырып, Халықаралық ДЗМҰ бюросы жариялайтын құжаттарға, Заңға 
және осы Қағидаларға сәйкес тиісті түрде орындайды. Келісімнің 43-бабының негізінде 
заңнамасы пайдалы модельдерге қорғау құжаттарын беруді көздейтін кез-келген көрсетілген 
немесе таңдап алынған мемлекетке қатысты өтінім иесі осы мемлекетке қатысты оның 
халықаралық өтінімінде пайдалы модельді қорғау сұралатынын көрсете алады.
 
      91. Халықаралық өтінімді беру:
 
      1) егер өтінім иелерінің ең болмағанда бірі Қазақстан Республикасының азаматы 
болып табылса немесе Қазақстан Республикасында тұрса, сараптама жасау ұйымы өтінімге 
қатысты алушы құзыретті ведомство болып табылады. Қазақстан Республикасында жұмыс 
істейтін өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорнына иелік ететін кез-келген тұлға Қазақстан 
Республикасында тұратын немесе болатын тұлға ретінде қаралады;
 
      2) халықаралық өтінім сараптама жасау ұйымына орыс немесе ағылшын тілдерінде 
беріледі;
 
      3) халықаралық өтінім үш данада беріледі, олардың әрқайсысы тікелей репродукциялау 
үшін жарамды болуы керек. Егер халықаралық өтінім аз данада берілсе, Келісім 
нұсқаулығының 21.1 (с) ережесіне сәйкес өтінім иесінің өтініші бойынша халықаралық 
өтінімнің талап етілетін санының көшірмесін өтінім иесі белгіленген тарифті төлеген 

жағдайда алушы ведомство дайындауы мүмкін;
 
      4) халықаралық өтінімнің өтініші арнайы бланкіде немесе компьютерлік тәсілмен 
басып шығарылған түрде беріледі. Егер халықаралық өтінім РСТ-EASY бағдарламалық қамтуын 
пайдалана отырып ресімделген болса, халықаралық өтінімге қағаздағы түрде РСТ-EASY 
форматында өтініш бар машина оқитын тасымалдаушы және txt форматында реферат қоса 
беріледі;
 
      5) Қазақстан Республикасында құрылған пайдалы модельді қорғау сұралған халықаралық 
өтінім мына талаптардың бірі орындалған жағдайда:
 
      халықаралық өтінім берілгенге дейін сараптама жасау ұйымына Қазақстан 
Республикасының инновациялық патентін, өнертабысқа патентін немесе пайдалы модельге 
патентін беруге тиісті өтінім (бұдан әрі – ұлттық өтінім) берілген болса;
 
      халықаралық өтінім берілгенге дейін сараптама жасау ұйымы арқылы еуразиялық патент 
беруге тиісті өтінім берілген болса;
 
      халықаралық өтінімнің өтінішінде өтінім иесі патент алуға ниет еткен мемлекет 
ретінде Қазақстан Республикасы көрсетілген болса берілуі мүмкін;
 
      6) сараптама жасау ұйымы халықаралық өтінімнің Келісімнің 11 (1) және 14-бабының 
талаптарына сәйкестігін тексереді. Тексеруден оң нәтижелермен өткен халықаралық өтінім 
бойынша оны халықаралық беру күні белгіленеді.
 
      92. Халықаралық өтінімді қайта жіберу:
 
      1) халықаралық беру күні белгіленген халықаралық өтінімнің тіркеу данасын 
сараптама жасау ұйымы ДЗМҰ халықаралық бюросына жібереді;
 
      2) халықаралық өтінімді алғаннан кейін егер ол берілгенге дейін еуропалық өтінім 
немесе ұлттық өтінім берілген болса, еуразиялық өтінім немесе ұлттық өтінім берілген 
күннен бастап үш ай өткеннен кейін халықаралық өтінім берілген жағдайда сараптама жасау 
ұйымы тіркеу данасын қайта жібереді;
 
      3) егер осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнен бұрын берілген болса, 
егер ол өтінім иесі патент алуға ниет білдірген мемлекет ретінде қазақстан Республикасын 
көрсеткен болса, не еуразиялық патентті көрсетсе, сараптама жасау ұйымы алдыңғы ұлттық 
өтінім берген күнге сәйкес үш ай мерзім өткен соң халықаралық өтінімнің тіркеу данасын 
қайта жібереді.
 
      Сараптама жасау ұйымы тіркеу нөмірін көрсетілген мерзімнен бұрын, бірақ алдыңғы 
ұлттық өтінімге не еуразиялық өтінімге сәйкес мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерге 
заңнамада белгіленген тәртіппен тексеру жүргізгеннен кейін қайта жібере алады;
 
      4) халықаралық өтінім данасы - өтінім иесі тиісті баж салығын («іздестіруге 
арналған тариф») төлеген жағдайда «іздестіруге арналған көшірме» халықаралық өтінім 
өтінішінде көрсетілген Халықаралық іздестіру органына жіберіледі;
 
      5) РСТ өтініші алушы ведомствоның өтінім иесіне ұсынатын РСТ/RO/10 бланкісінде 
ресімделеді (Келісім нұсқаулығының 3 және 4 ережесі).
 
      Өтінім иесінің халықаралық өтінім құжаттарын ресімдеуіне қойылатын талаптар 
Келісіммен, Келісім нұсқаулығымен және Әкімшілік нұсқаулықпен реттелген.
 
      93. Хат-хабар алмасу:
 
      1) Келісім рәсімімен көзделген барлық хат-хабарлар Қазақстан Республикасының 
аумағындағы бір мекен жайға және бір данада жіберіледі, бұл ретте:
 
      егер РСТ өтінішінде, Келісім нұсқаулығының 3 және 4 ережесінде көзделген бағанда 
алдын ала жазылғандай агент немесе ортақ өкіл және оның мекен жайы көрсетілсе, онда хат-
хабар осы адамның атына және сол мекен жайға жіберіледі;
 
      егер көрсетілген бағанда хат алмасу үшін мекен жай берілсе, онда хат-хабар осы 
мекен жайға алушы ведомствоға халықаралық өтінім беруге құқылы адамдардың ішінен 
өтініште бірінші болып көрсетілген адамға, яғни 90.2 (b) ережесі бойынша ортақ өкілдің 
атына жіберіледі;
 
      егер көрсетілген баған толтырылмаса, онда хат-хабар алушы ведомствоға халықаралық 

өтінім беруге құқылы адамдардың ішінен өтініште бірінші болып көрсетілген адамға және 
оның мекен жайына жіберіледі;
 
      2) алушы ведомствоның өтінім иесінің, сондай-ақ өтінім иесінің алушы ведомствомен 
хат алмасуы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
 
      94. Халықаралық өтінім жарияланғанға дейін ол туралы кез-келген мәлімет тек өтінім 
иесінің өзіне (өкіліне) не өтінім иесінің жазбаша өтініші бойынша осы өтініште 
көрсетілген адамға (өкілге) ғана беріледі.
 
      95. Келісімнің 2-бабының мәні бойынша көрсетілген және таңдап алынған ведомствоның 
функцияларын Қазақстан Республикасында сараптама жасау ұйымы орындайды, бұл ретте ол 
Келісімді, Келісім нұсқаулығын, Әкімшілік нұсқаулықты, ДЗМҰ Халықаралық бюросы 
жариялайтын құжаттарды, сондай-ақ Келісімде көзделген жағдайларда Заңды және осы 
Қағидаларды басшылыққа алады.
 
      96. Халықаралық өтінімді сараптама жасау ұйымына қараудың ұлттық фазасына 
ауыстыру:
 
      1) оған қатысты Келісімнің 11 (1) бабына сәйкес халықаралық беру күні белгіленген, 
Келісімнің 24-бабына сай алынып қойылмаған және алынып қойылды деп есептелмейтін, 
сондай-ақ әрекеті Қазақстан Республикасына қатысты сақталған өтінім иесі пайдалы 
модельге патент алуға ниет білдірген мемлекет ретінде Қазақстан Республикасын көрсеткен 
халықаралық өтінім Заңға сәйкес сараптама жасау ұйымында қаралуы мүмкін (бұдан әрі – 
ұлттық фаза).
 
      2) сараптама жасау ұйымында халықаралық өтінімді қараудың басталған күні ретінде 
Заңға сәйкес Келісімнің 11 (1) бабында көрсетілген халықаралық өтінімнің басымдық 
күнінен бастап отыз бір ай өткен күн қаралады.
 
      3) халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру үшін өтінім иесіне халықаралық 
өтінімнің басымдық күнінен отыз бір ай өткенге дейін сараптама жасау ұйымына ең кем 
дегенде орыс тілінде халықаралық өтінімге өтініш немесе басқа тілде жазылған халықаралық 
өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасын ұсыну, сондай-ақ белгіленген 
төлемді төлеу керек.
 
      Халықаралық өтінімдегі өтінішті мемлекеттік немесе орыс тіліне аударудың орнына 
пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы өтініш ұсынуға болады.
 
      Ұлттық фазаға кірудің көрсетілген мерзімі дәлелді себептер және РСТ Нұсқаулығының 
49.6 Ережесін сақтай отырып тиісті төлем болған жағдайда өтінім иесінің өтінімхаты 
бойынша кемінде екі айға ұзартылуы мүмкін.
 
      4) халықаралық өтінім өтінішінің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасына 
халықаралық өтінім сипаттамасының, пайдалы модель формуласының, сызуларға және рефератқа 
қатысты кез-келген мәтіннің мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы өтінімді 
халықаралық беру күнінде қандай болса, сол түрде ұсынылуы керек.
 
      Егер өтінім иесі Келісімнің 19-бабына сәйкес өзгертілген формуласы бар халықаралық 
өтінімді қараудың ұлттық фазасына ауыстырса, өтінім иесі өтінім иесі енгізген 
өзгерістерге қатысты түсініктемелерді мемлекеттік немесе орыс тіліне аудара отырып, 
пайдалы модельдің өзгертілген формуласының мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын 
ұсынуы қажет.
 
      Егер өтінім иесі Келісімнің 34(2)(b) бабына сәйкес енгізілген пайдалы модель 
формуласын, халықаралық өтінімнің сипаттамалары мен сызуларын өзгертулерді ескере 
отырып, халықаралық өтінімді қараудың ұлттық фазасына ауыстырса, өтінім иесі Халықаралық 
алдын ала сараптау органы қабылдаған енгізілген өзгерістерді ескере отырып, халықаралық 
өтінімнің мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасын ұсынуы керек.
 
      Келіп түскен материалдарда құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы 
болмаса, егер олар басқа тілде ұсынылса, өтінім иесіне ұлттық фазаға кіру үшін 
белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап екі ай ішінде оны ұсыну қажеттігі туралы 
хабарландырылады. Аударманы ұсыну мерзімі тиісті төлем болған жағдайда кемінде екі айға 

ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзімде аударма ұсынылмаған жағдайда өтінім ұлттық фаза 
енбеген болып есептеледі, бұл туралы өтінім иесіне хабарланады. Тіркелген құжаттар 
қайтарылмайды, іс жүргізу қалпына келтірілмейді.
 
      97. Ұлттық фазаға ауыстырылған халықаралық өтінімді сараптама жасау ұйымында 
қарау:
 
      1) Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы халықаралық өтінімде 
сұралған басымдық күнінен отыз бір ай өткеннен кейін халықаралық өтінімді өтінім иесі 
кем дегенде халықаралық өтінімдегі өтінішті орыс тілінде немесе мемлекеттік не орыс 
тіліндегі аудармасын не пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы 
өтініш ұсынған жағдайда қарауды бастайды;
 
      2) өтінім иесінің өтініші бойынша халықаралық өтінімді қарау белгіленген мерзімнен 
ерте басталуы мүмкін.
 
      Өтінім беруші халықаралық өтінімді белгіленген мерзімнен ерте яғни оның 
халықаралық жариялану күніне дейін қарауды бастау туралы өтініп, бірақ ДЗМҰ Халықаралық 
бюросы осы өтінімнің таралуын жүргізбеген жағдайда, өтінім иесі халықаралық беру күні 
белгіленген халықаралық өтінімнің алушы ведомство тіркеген көшірмесін ұсынуы керек. Егер 
өтінім иесі халықаралық өтінімнің алушы ведомство тіркеген көшірмесін ұсынбаған 
жағдайда, ол өтінім ДЗМҰ Халықаралық бюросы таралуын жүргізген кейін қаралады;
 
      3) осы Ережеге сәйкес ұлттық фазаға ауыстырылатын халықаралық өтінім құжаттарының 
келіп түсу фактісі туралы өтінім иесіне хабарлама жіберіліп, оған сараптама жасау ұйымы 
берген өтінімнің тіркеу нөмірі мен құжаттардың келіп түскен күні хабарланады.
 
      Белгіленген мерзім өтіп кеткен соң түскен құжаттар өтінім иесі белгіленген 
мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептерін растаған жағдайда және тиісті төлем 
жасалғанда қарау үшін қабылдануы мүмкін.
 
       98. Халықаралық өтінімге сараптама жасау Ұлттық фазаға ауыстырылатын халықаралық 
өтінімге сараптама осы Қағидалардың 3 Тарауының қосымшасына сәйкес жүргізіледі. 
 
      Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, 
сондай-ақ қорғау құжатын беру.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет