Кейіпкерлер



Дата13.04.2023
өлшемі26,03 Kb.
#82201
Байланысты:
Жыр туралы



Жыр туралы:

«Алпамыс батыр» қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана тыңдайтын, әртүрлі вариант, версиялары көп эпостың бірі.
Қазақ халқына көп тараған басқа эпостардан «Алпамыстың» бір ерекшелігі, бұл тек қазақта ғана емес, түрік тілдес елдердің көпшілігінде-ақ бар. Қарақалпақ, өзбек, башқұр, алтай елі, тағы басқа. Қарақалпақ, өзбек елдеріндегі «Алпамыстың» оларда да бірнеше вариант, версиясы табылып отыр. Зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл елдерде де «Алпамыс» эпосы көп замандардан бері сақталып келген.

Кейіпкерлер:

Сипаттамасы:

Жер мекендері:

Байбөрі

Алпамыстың әкесі (Жейделі байсын жеріндегі Қоңырат елінің байы)

Жейделі байсын

Аналық

Алпамыстың анасы




Қарлығаш

қарындасы




Гүлбаршын

Сүйген жары




Шұбар ат

тұлпары




Жәдігер

Алпамыстың баласы




Сарыбай

Гүлбаршының әкесі(Шекті елінің байы)




Алтыншаш

Гүлбаршынның анасы




Ұлтан

Күңнен туған ұл




Құлтай

Байбөрінің туысы




Бадамша

Ұлтанның сақау әйелі




Қараман

Қалмақ батыры




Қаракөзайым

Тайшық ханның қызы




Кейқуат

Қойшы жігіт




Тайшық хан

Байбөрінің жылқысын алып кеткен




Шашты Әзіз

Байбөріге ұл мен қыз сүйетінін айтқан




Тортай

Байбөрінің туысы




Мыстан кемпір

Алпамысты алдап қолға түсірген




Таймас

Алпамыспен шайқасқан




Алпамыс

Бартыр, басты кейіпкер



Алпамыс Батыр


Жыр
Туралы:

"Қобыланды батыр" - қазақ халқының батырлық, отаншылдық жайлы мазмұны терең эпостарының бірі. Жырдың дүниеге келуін ғалымдар әр түрлі дәуірлерге меңзейді. Дегенімен ерте замандарда дүниеге келгені даусыз. Сол себептен де жырдың айтушы жыршылары да, варианттары да көп. Жырдың 29 нұсқасы болса, солардың ішіндегі ең мазмұндысы Марабай жырау нұсқасы. Жырдың негізгі арқауы сырт жауларға қарсы күреске негізделген. Басты кейіпкері Қобыланды батыр. Қобыланды тоқсандағы Тоқтарбай мен Аналықтың қартайғанда көрген жалғыз баласы болып суреттеледі.

Кейіпкерлері:

Сипаттама:

Жер су аттары:

Тоқтарбай

Қобыландының әкесі

Қызылкөл

Аналық

Анасы

Қараспан

Құртқа

Сүйген жары

Қырлы Қала

Қарлығаш

қарындасы

Сырлы қала

Тайбұрыл

ТҰЛПАРЫ




Естеміс

Тоқтарбайдың 90 құлының бастығы




Сейілдің ұлы Қараман

жолдасы




Орақ

Қобыландыға көмектескен жас батыр




Көктім аймақ ханы

Қызылбас елінің ханы




Көбікті

Хан




Қарлыға

Көбіктінің қызы




Алшағыр

Қалмақ ханы




Қызыл ер, Қазан

Қызылбас елінің батырлары




Қара қасқа ат

Қазанның тұлпары




Қаражанұлы Қосдаулет

батыр



Қобыланды батыр



Жыр туралы:

Жырдың 19 нұсқасы белгілі. Қамбар туралы сюжетті (жыр желісін) алғаш жазып алған Л.Мейер оны «Киргизская степь Оренбургского края» (1865) атты журналда бастырған Бұл Қамбар оқиғасын Сыр бойындағы Алтыасар тарихымен байланыстыратын аңыз үлгісі. Қазан университетінде «Қисса-и Қамбар» (1888), Қазан қаласында «Тоқсан үйлі тобыр» (1903) деген атпен жырдың алғашқы нұсқалары жарияланған.

Кейіпкерлері:

Сипаттамасы:

Жер су аттары:

Қамбар

Елін сүйген батыр

Ноғайлы елі

Әлімбай

әкесі




Назым

Қамбарға ғашық жан




Жәдігер

Әлімбайдың хабаршысы




Қарақасқа ат

Батырдың тұлпары




Қараман

Қалмақ батыры




Керейұлы Келмембет

Қараманның елшісі




Құлбауым

Қараманның тұлпары




Қайырмақ
Қарымсақ
Сарымсақ
Қораз
Ораз
Дараз
Алшыораз

Назымның ағалары





Қамбар батыр жыры


Ер Тарғын


Жыр туралы:

Кейіпкерлері:

Сипаттамасы:

Жер су
аттары:

«Ер Тарғын» – батырлық жыры.
Ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғаларын бейнелейтін жырдың негізгі идеясы – ерлік пен батырлықты дәріптеу, ел бірлігін сақтау, кіршіксіз махаббат. і.

Ақжүніс

жары

Еділ

Ардаби

баласы

Шаған

Әжігерей,Айтқожа

Ардабидің балалары

Жайық

Тарлан ат

тұлпары




Қарасайұлы Көтен
Алшағырұлы Теген
Өмірұлы Себен

Батыр жолдастары




Ақшахан

Ақжүністің әкесі




Қартқонақ

Ақшаханның батыры




Сыпыра жырау

Ер тарғынның кеңесшісі




Домбауыл

Қалмақ батыры




Ханзада хан

Қалмақ батыры






Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады. Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес. Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады: 1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады. 2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.). 3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.). Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет