Қосымша жыныс бездері. Көпіршік тәрізді жұп бездер (gl. vfcsiculares), олар қуықтың дорсалдік бөлігінде, ұрық түтікшесінің кеңейген жерінде екі жағында орналасқан ұзындығы – іріқара малда және қабанда 10-15 см-re жетеді, диаметрі 4-5 см, тік ішек арқылы қол салып қарағанда анық білінеді. Төбетте және жабайы аңдарда бұл без жоқ.
Баданалық без (gl. prostata) жеке дара без, айғырда және төбетте жақсы дамыған, қуықтың дорсалдік жағында, несеп-жыныс өзегінің басталған жерінде орналасқан.
Купер бездері (gl. bulbouretralis) жұптасып, несеп-жыныс өзегінің дорсалдік бөлігінде, екі жағында жамбас қуысынан шығатын жерінде, қасаға сүйектерінің маңында орналасқан.Көлемі 3-4 см (қабанда 6-12 см) болатын екі бөлек безден тұрады. Төбетте бұл без болмайды. Осы жоғарыда айтылған бездердің арналары несеп-жыныс өзегіне келіп ашылады.
Уретралдық бездер несеп-жыныс өзегінің қабырғасында орналасқан.
Қосымша жыныс бездерінің негізгі қызметі, өзінің бөліп шығаратын сөлі арқылы ен қосалқысынан келген қою шәуетті сұйылтып, көлемін ұлғайтады, спермийлерді ұйқыдан оятып, қозғалыс белсенділігін артты-рады, ал шәует бөлінер алдында уретралық бездер өзінің секретімен несеп-жыныс өзегін тазалап өтеді.
Жыныстықмүше (penis) бұқада – қамшы, қабанда, қошқарда – шыбық, айғырда – қаса, төбетте, мысықта – шүкі деп аталады. Шәуетті (ұрықты) ұрғашы малдың жыныс жолдарына апарып салатын жыныстық қатынас органы.
Жыныстық мүшенің қасаға сүйектеріне бекитін түбірі, айғырда жуан, басқа малда жіңішкелеу, ұзын денесі және басы болады. Қабанның жыныстық мүшесі спираль тәрізді. Жыныстық мүшенің вентралдік бөлігінде несеп-жыныс өзегі орналасады. Бұл өзекті жан-жағынан каверналы дене қоршап жатады. Каверналы денені ірі-ірі қуыстарға айналған қан тамырлары деп білуіміз керек.
Эрекция кезінде осы каверналар (қуыстар) қанға толып, жыныстық мүше жуандап қатаяды. Ұзарып, күпектің сыртына шығып кетеді. Жыныстық мүшенің ұзындығы айғырда 100 см, бұқада 150 см, қошқарда 50 см, қабанда 80 см-re дейін жетеді. Күйіс кайыратын малдардың жыныстық мүшесінің басында 2-3 см бөлек шығып тұратын несеп-жыныс өзегінің өсіндісі болады, ол экуляция кезінде дірілдеп, шәуетті жатыр мойынына айналдыра шашады. Айғырда бұл өсінді өте қысқа жыныстық мүшесінің басынан аспайды.
Күпек (praeputium) – жыныстық мүшенің басын жауып тұратын, терінің қатпарларынан тұратын қапшық. Құрсақтың вентралдік бөлігінде, ұманың алдыңғы жағында орналасқан. Күпек ішкі жағынан кілегейлі қабықпен қапталған, бұл қабық өз кезегінде жыныстық мүшенің денесіне ауысады. Қалыпты жағдайда айғырдың күпегінің қатпарлары, қосқабат қапшыққа ұқсайды. Эрекция кезінде бұл қатпарлар жазылып кетеді.