Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§ 79. Сөз өзгеріп, түрленіп барып, әлденеше формата ие



Pdf көрінісі
бет102/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   174

§ 79. Сөз өзгеріп, түрленіп барып, әлденеше формата ие 
болады дедік. Сөздің элденеше формаларының ішінен бірі негізгі 
форма болып, басқалары сол негізгі формадан жасалған, туынды 
формалар болып саналады. Сөздің белгілі бір формасының негізгі 
форма ретінде саналуы үшін оның басқа формаларға ұйытқы 
болуы шарт. С онда ған а ол н егізгі форма ретін д е тан ы лад ы .
127


М ы салы , септік формаларының ішінде атау септік, әдетте, 
негізгі форма ретінде танылады да, ілік, барыс, табыс, шығыс, 
көмектес септік формалары туынды формалар ретінде саналады. 
Соңғылардың бірі екіншісінен, мысалы, барыс септік формасы 
ілік септік формасынан емес, бүлардың бэрі де негізгі басты форма
- атау септік формасынан жасалады. Етістіктің рай формалары 
да эртүрлі. Солардың ішінен түркі тілдерінде екінші жақ бұйрық 
рай формасы негізгі форма ретінде саналады, ашық рай, шартты 
рай, қалау рай формалары туынды формалар ретінде қаралады. 
Осылайша тұжырым жасауда екінші жақ бұйрық рай формасы- 
ның етістіктің ашық рай, қалау рай, шартты рай формаларының 
жасалуына негіз, ұйытқы болатыны ескеріледі.
Тіл-тілде сөз формаларының екі тұрі бар: оның бірі - сөз- 
дің синтетикалық формалары. екіншісі - сөздің аналитикалық 
формалары. Енді осы мәселелерге тоқталайық.
2. С өздің си н тети к а л ы қ ф ор м ал ар ы
§ 80. Сөздің синтетикалық формалары екі түрлі жолмен, атап 
айтқанда, 1) аффиксация арқылы, 2) дыбыстардың алмасуы (ішкі 
флексия) арқылы жасалады.
1. 
Сөзге эртүрлі аффикстердің жалғануы арқылы оның түрлі- 
түрлі формалары ж асалады . С өздің синтетикалы қ формалары- 
ның аффиксация тэсілі аркылы ж асалуы көптеген тілдерге тән 
жэне ол ж иіұш ы расады . М ысалы, қазақтілінде: 
етікіиілер, етік-
шілерге, етікиіілердің, ет ікш ілері

етікш ілерміз;
орыс тілінде: 
стол - столы; ағылш ын тілінде: ІаЫе (үстел) - ІаЫев (үстелдер). 
Сөздің синтетикалы қ 
формаларын жасаудың аффиксация 
жолы тіл-тілде суффиксация, префиксация жэне инфиксация 
түрінде кездеседі. Аффиксация орыс тілінде суффиксация жэне 
префиксация түрінде көрінеді, ал түркі тілдерінде мұның бір-ақ 
түрі - суффиксация түрі ғана қолданылады. Сөз түрлендіретін 
жэне оның формаларын тудыратын аффикстердің ішінде эсіресе 
жалғаулардың қызметі айрыкша. Олар сөздің формаларын жасай- 
ды, эртүрлі синтаксистік қатынастарды білдіреді. Жүрнақтардың 
ішінен кейбіреулері (ал олардың басым көпшілігі сөз тудырушы
128


кызмет атқарады) сөздің формасын тудырады. Мысалы, қазақ 
тілінде 
-рац (-рек, -ырақ, -ірек)
жұрнағы сын есімнің салыстыр- 
малы шырай формасын 
(жасырак,, көгірек, толыгырац, биігірек)
тудырса, орыс тілінде 
-аш и, -ейш
жұрнагы сын есімнің күшейтпе- 
лі шырай формасын 
(глубочайший, чистейший)
тудырады. Қазақ 
гілінде етістіктің шақ түрлерін жасауға қатысатын жұрнақтар 
да форма тудырушы аффикстердің қатарына жатады. Жалғау 
атаулының барлығы да (көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғау- 
лары) сөздерді түрлендіріп, оларды бір-бірімен байланыстырады 
және сөздің эртүрлі формаларын жасайды.
2. Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы 
немесе ішкі флексия тәсілі арқылы да жасалады. Мысалы, 
агылшын тілінде т а п - зат есімнің жекеше түрін («ер», «еркек») 
білдірсе, оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі - т е п («ерлер», 
«еркектер») зат есімнің көпше түрін білдіреді.
Сөздің синтетикалык формалары ішкі флексия тэсілі мен 
аффиксация тәсілінің екеуінің бірдей қатысуы арқылы да жасалуы 
мүмкін. Мысалы, неміс тілінде Оазі - «қонақ» дегенді білдірсе, 
оның аффиксация тәсілі мен ішкі флексия тэсілі арқылы жасалған 
формасы - Оаз*е «қонақтар» дегенді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет