Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§ 91. Аналитикалык форма, жоғарыда аталып өткеніндей, көп-



Pdf көрінісі
бет114/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   174
Байланысты:
file-4107 3


§ 91. Аналитикалык форма, жоғарыда аталып өткеніндей, көп- 
теген тілдерде өте-мөте етістіктерге тэн форма. Аналитикалык 
форма сөздің синтетикалық формаларымен қатарласа, жарыса 
жүріп, белгілі бір грамматикалық категорияның категориялық 
формаларының қатарына енеді. Бүл жерде аналитикалык форма 
етістіктердің қандай категорияларына тэн деген сүрақ туады. Енді 
осы мәселеге тоқталалық.
Аналитикалык форма етістіктің өте-моте рай, шақ катего­
рияларына тән. Етістіктің райларының ішінде ашық рай шақ кате- 
гориясының грамматикалық мағынасымен тікелей байланысты 
болып, үш түрлі шақта (осы шақ, өткен шак, келер шақ) айтылады. 
Осыған орай, ашық райдың синтетикалық формалары мен 
аналитикалык формалары шак түрлерінің формалары ретінде
141


де көріне алады. Қазақ тіліндегі шақ түрлерінің аналитикалык 
формалары мыналар:
1. Нактылы осы шақтың аналитикалык формалары -п, -а 
(-е) формалы көсемше етістікке 
отыр, түр, жүр, жатыр
деген 
көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Осы шақтың 
бұл түрінің аналитикалык формалары көсемшенің аталған түріне 
екі бірдей көмекші етістіктің тіркесуі аркылы жасалуы да мүмкін. 
Нақтылы осы шақтың аналитикалық форманттары мыналар: -п 
ж а ты р (-е ж аты р , -а ж аты р), -п келе ж аты р , -п бара ж аты р , -п 
о гы р , -п түр, -п жүр. Мысалы: 
оцып жатыр, жүріп жатыр, келе
жатыр, бара жатыр, жүріп келе жатыр
, (поезд) 
жүріп бара
жатыр, аитып отыр, оцып жур, көріп тур
жэне т.б. Етістіктің 
осы шағының аталған аналитикалык формаларының құрамын- 
дағы көмекші етістікке жіктік жалғауы тікелей жалғанып, жақтық 
мағыналарды білдіреді.
2. Жедел өткен шактың аналитикалык формалары шақ 
формаларын білдіретін негізгі етістікке 
еді
көмекші етістігінің 
тіркесуі арқылы жасалады. 
Мұндай тіркестің қүрамында 
көсемше, есімше формаларындағы немесе баска формадағы 
негізгі етістік бүрынғы өткен шақ немесе келер шақ мағынасын 
білдіру қызметінен айырылып, 
еді
көмекші етістігімен тіркескен 
күйінде басқа бір грамматикалық магына - жедел өткен шақ 
мағынасын білдіреді. Бұл регге мына бір мысалдарды бір-бірімен 
салыстыруға болады: 
оцыппын — оцып едім, оцыганмын - оқыга/і
едім, оцымацпын (оцы.мациіымын)
— 
оцымац едім (оцымацшы
едім).
Жүп-жұбымен келтірілген бұл мысалдардың алдыңғылары 
бүрынғы өткен шак 
(оқыппыи, оцығанмын)
магынасы мен келер 
шақ 
(оқымацпын, оқымацшымын)
мағынасын білдірсе, соңғыла- 
ры 
(оқып едім, оцыган еді.м, оцымац едім, оцымацшы едім)
жедел өткен шак мағынасын білдіреді. Етістіктің 
оцып отыр,
ж азып жатыр, ж азып жүр, көріп түр, ж үріп келе жатыр,
ж үріп бара ж атыр
тэрізді аналитикалы к формалары нак 
осы шақты білдірсе, бүларға 
еді
көмекші етістігі тіркескенде, 
етістіктердің аталған аналитикалык формалары осы шақты 
білдіру мағынасынан айырылып, жедел откен шақ мағынасын 
білдіреді. Бүл ретте мына мысалдарды салыстырыңыз: 
оцып отыр
— оцып отыр еді; жазып жатыр
-
жазып ж атыр еді; жазып
142


ж үр - жазып ж ур еді; корт түр - көріп түр еді; жүріп келе
ж атыр — ж үріп келе ж атыр еді; ж \р іп бара ж атыр — жүріп
бара ж атыр еді.
Бұлардың алдыңғылары нақ осы шақтың 
аналитикалық формалары ретінде таны лса, соңғылары жедел 
өткен шақтың аналитикалық формалары ретінде танылады. 
Аталган аналитикалык формалар бір-бірінен құрылымы жағы- 
нан тек 
еді
көмекші етістігінің қатысына қарай ажыратылады. 
Етістіктің аталған аналитикалық формаларының грамматикалық 
мағыналарындағы айырмашылык та, атап айтқанда, бірінің нақ 
осы шақты білдіруі, екіншісінің жедел өткен шақты білдіруі, 
аналитикалық формалардың құрамында 
еді
көмекші етістігінің 
болу я болмауына негізделеді. Мұнан етістіктің аналитикалық 
формаларының жасалуында жэне ол аналитикалык формалардың 
ш ақтық мағыналарының бір-бірінен аж ыратылуында 
еді
көмек- 
ші етістігінің қызметі айрықша екендігі көрінеді.
Қазақ тілінде етістіктің бұйрық райының аналитикалық 
формалары 
мынандай 
аналитикалық 
форманттар 
аркылы 
жасалады: 1) 
-а кор (аііта кө р )\
2) 
-т ы (-ші) болма (барушы болма,
келуіиі болма);
3) 
-а (-е) корме (айта көрме).
Етістіктің қалау райының аналитикалық ф о р м а ттар ы мы- 
налар: 1) 
гай (-гей) еді (баргай еді, келгей еді) \ 2) -са (-се) еді (барса
еді, келсе еді);
3) 
-са (-се) игі еді (барса игі еді, келсе игі еді
); 4) 
-са
(-се) екен (барса екен, келсе екен)\
-са (-се)
тұлғалы негізгі етістік пен 
еді
көмекші етістігінің 
тіркесуі арқылы жасалған етістіктің қалау райының аналитика­
лык формаларында негізгі етістік шартты рай тұлғасында қол- 
данылғанымен, іс-әрекеттің шартын білдіру мағынасынан, 
еді
көмекші етістігі 
оцып еді, келіп отыр еді, ж үріп келе ж атыр еді
тәрізді етістіктердің аналитикалык формаларында білдіретін өт- 
кен ш ақтық мағынасынан айырылып қалады. Осының нәтиже- 
сінде аталған форманттардан 
(-са (-се) еді, -са (-ее) игі еді)
етістік- 
тің қалау райының аналитикалык формалары жасалады.
Қалау райды ң аналитикалы к ф орм анттары ны ң іш інен - 
гай (-гей)
еді форманттарының жіктелетін сыңары -
еді
көмекші 
етістігі (м ы сал ы : 
б а р га й едім, б а р га й едің, б ар га й еді).
Ал 
-са (-се) еді, -са (-се) игі еді
форманттарының жалгануы 
мен тіркеуінен жасалған аналитикалык форманың бірде негізгі
143


етістіктен болған сыңары жіктелсе, бірде көмекші етістіктен 
болған сыңары жіктеледі. Мысалы: 
барсаң еді - барса едің; кореец
еді
-
көрсе едіц; барсаң игі еді - барса гігі едің; көрсец игі еді -
көрсе игі едің.
Етістіктің қалау райының аналитикалык форманттарының 
ішінен 
-са (се)
екен формантының жалғануы мен тіркесуі арқылы 
жасалған аналитикалык форманың жіктелетін сыңары - көмекші 
етістік емес, негізгі етістік. Бүл аналитикалық форманың 
негізгі етістіктен жасалған сыңары шартты рай формасында 
қолданылғанымен, 
шарттылық мағынасын білдірмей, 
екен
көмекші етістігімен тіркескен кұйінде қалау рай мағынасында 
жұмсалады.
Аналитикалық формалар етістіктің шартты рай түрінде де 
бар. Етістіктің шартты райының аналитикалык форманттары 
мыналар:
1
) -р (-ар, -ер) болса
(мысалы: 
сөйлер болса, шабар болса,
келер болса
); 2) 
-са (-се) болды
(мысалы: 
Айтссі болды, жетіп
келеді. Естісе болды, ж угіріп барады; -ган (-ген, -қан, -кен) болса,
(мысалы: 
Оцыган болса, білер еді. Бүл жсгі/ды естіген болса,
келер еді).
Бүл аналитикалык форманттардың ішінен алғашкы 
форманттың 
(-р (-ар, -ер) болса)
негізгі мағынасының - іс- 
эрекетгің шартын білдіру мағынасының үстіне болжалдыльщты 
білдіретін магыналык рең қосылады. Аналитикалык форманттың 
екінші түрі 
(-са (се) болды)
шарттылық мағынаның үзілді-кесілді 
екенін білдіреді. Мысалы: 
Хабарласа болды, жетіп келеді.
Жоғарыда аталған аналитикалык форманттардың үшінші 
түрі 
(-ган (-ген, -ңан, -кен) болса)
шартты райдың 
-са (-се)
жүрнағынсыз қолданылғанда (мысалы: 
оцыган бол, естімеген
бол),
іс-әрекеттің жорта істелу немесе істелмеу мағынасын 
білдірсе, шартты рай түлғасындагы 
бол
көмекші етістігі өткен 
шақтың есімшемен тіркескенде, шартты райдың аналитикалык 
формасы жасалады да, ондай формалары етістік басқа бір іс- 
эрекеттің іске асуының шартын білдіреді. Мысалы: 
Оцыган болса,
білер еді. Оны өзің көрген болсаң, тур-түсін айт.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет