болып саналады да, жалпының жеке (жалқы) құбылыстарда өмір
сүретіні жэне солар арқылы көрінетіні, танылатыны сияқты, ол
да (грамматикалық категория да) грамматикалык мағыналар мен
формалардан көрінеді, солар арқылы өмір сүреді. Керісінше,
грамматикалық мағыналар жалқы (жеке, нақтылы) қүбылыстар
ретінде,
қалайда болмасын, жалпыга, ягни грамматикалык
категорияга үласады. Бүл - бір. Екіншіден, мүның өзі «грам
матикалык категория мен грамматикалык мағына бір-бірімен
тыгыз байланысты болады» деген тұжырымның дүрыстыгын
тагы да дэлелдей түседі. Жалпылық сипаты бар грамматикалык
күбылыс ретінде қаралатын септік категориясы (грамматикалык
категория) жалқылылық сипаты бар жеке, нақтылы септіктердің
(грамматикалык магыналардың)
болуын аңгартады, жеке, нақ-
тылы септіктер болган жагдайда гана, грамматикалык категория
ретінде танылады.
Бір грамматикалык категорияга енетін біртектес, бір сипаттагы
грамматикалык магыналар өзара шарттас, бір-бірімен байланыс
ты болады. Белгілі бір грамматикалык категорияга енетін өзара
шарттас, ыңгайлас, біртектес грамматикалык магыналардың
ұқсас,
ортақ жақтарымен бірге, бір-бірінен айырмашылыктары
да болады. Осыдан келіп, белгілі бір грамматикалык категорияга
енетін грамматикалык мағыналардың ұксас, ортақ жақтары
жайында да, айырым жақтары жайында да сөз ете аламыз. Мысалы,
грамматикалык жақ категориясына енетін I жақ, II жақ,
III жакты
бір-бірімен байланыстыратын, олардың басын қосатын жалпыла-
ма ортақ магына - жақтық мағына. Бүлай болмаганда, олар бір гана
ортак атаумен
(жақ
деген атаумен) аталмаған болар еді, жалпы
жақ категориясы болмас еді. Сын есімнің шырай категориясының
мазмүнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі
шырайдың басын қосып біріктіретін,
солардың бэріне бірдей
ортақ жагы да, оларды бір-бірінен ажырататын айырым жақтары
да бар. Жай шырай, салыстырмалы шырай жэне күшейтпелі
шырайдың бэріне бірдей ортақ белгі - сындық, сапалық дәрежені
білдіру болса, оларды бір-бірінен ажырататын белгі - сындық,
сапалық дәреженің біркелкі
емес,
эртүрлі болуы.
Септік
категориясының қүрамына енетін жеке
септіктер есім сөздердің
есімдерге немесе етістіктерге қатысын білдіруі жагынан ұқсасады,
152
біртектес, бір ыңғайлас болып келеді. Бұл — олардың басын
қосатын, біріктіретін ортақ жағы. Ал септіктердің әрқайсысы
бір сөздің баска сөзге эртүрлі қатысын, мысалы, барыс септігі
бағыттың қатынасын, табыс септігі тура объектінің қатысын
білдіреді. Бұл - септіктердің бір-бірінен айырым жақтары.
Жеке, нактылы септіктердің бір-бірінен айырмаш ылықтары
олардың біртектестігін, ьщ ғайластығын,
ортақ жағын жоққа
шығара алмайды. Септіктер бір сөздің екінші сөзге қатынасын
білдіруі жағынан біртектес, ыңғайлас келіп, ж алпы лы қ сипаты
бар грамматикалык категория - септік категориясына ұласады.
М эселеге осы тұргы дан келгенде, септік категориясы, жақ
категориясы,
шақ категориясы, рай категориясы, шырай
ка
тегориясы грамматикалык категориялар ретінде қаралады. Ал
септіктердің эрқайсысы, ж ақ пен шақтың әрқайсысы, шырайдың
әр түрі - белгілі бір грамматикалык категорияга енетін, соны
күрайтын грамматикалык магыналар. Біртектес грамматикалык
магыналардан бір-бірімен байланысты қатарлар (связанные ряды)
күралады да, олар өздерінің формаларымен бірге грамматикалык
категорияга үласады.
Достарыңызбен бөлісу: