Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§ 19. Түбір соз бен түбірдің, негіз бен сөздің формасы жагынан



Pdf көрінісі
бет17/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   174
Байланысты:
file-4107 3


§ 19. Түбір соз бен түбірдің, негіз бен сөздің формасы жагынан 
бір-біріне сәйкес келуі, орыс тіліне қараганда, агылшын тілі мен 
түркі тілдерінде әлдеқайда жиі ұшырасады. Түркі тілдерінде, 
соның ішінде қазак тілінде, сөздің негізі ары карай морфемаларга 
бөлшектеуге келмейтін бір гана түбірдің өзінен (мысалы, 
жас,
цол)
қүралган жалаң негіз (непроизводная основа) түрінде де, екі 
немесе одан да көп морфемадан (
жас-тьщ, цол-тьщ-та)
қүралган 
туынды негіз (производная основа) түрінде де үшыраса береді. 
Жалаң негізден, ягни тек жалаң түбірдін өзінен, кұралган сөздер 
түбір создер (непроизводные слова) деп аталады, туынды негізден,
22


яғни түбір мен жүрнактың қосындысынан, кұралған сөздер туын­
ды сөздер деп аталады.
Түркі тілдерінде сөздің түбірі немесе негізі белгілі бір 
лексикалык жэне грамматикалык мағынасы бар дербес сөз ретінде 
колданылады да, осының нәтижесінде түбір (немесе негіз) мен 
сөз мағынасы мен формасы жағынан бір-бірімен сәйкес келе 
береді. Мысалы, етістіктің бұйрык райынын II жақ формасы 
етістіктің әрі негізі, эрі түбірі ретінде үғынылады жэне дербес сөз 
ретінде колданыла береді. Зат есімдердің атау септігінің ешбір 
көрсеткіші жоқ. Атау түлғасындағы зат есімдер тубір ретінде де, 
негіз ретінде де ұғынылады жэне дербес сөз ретінде де қолданыла 
алады. Демек, дербес сөз ретінде қолданыла алу түркі тілдеріндегі 
түбірге (немесе негізге) өте-мөте тэн қасиет. Орыс тілінде көптеген 
сөздердің кұрамында ол сөздердің қай сөз тобына тэн екендігін 
аңгартатындай грамматикалык көрсеткіштер болады жэне ондай 
грамматикалык көрсеткіштер (аффикстер) сөздердің негіздерінен 
ажыратылып алынғанда, ол негіздер (основы) өздігінен дербес 
колданыла алмайды. Ал ағылшын тілі мен түркі тілдерінде 
сөздердің түбірі немесе негізі дербес сөздер ретінде колданыла 
береді жэне олардың кұрамында ол сөздердің кай соз тобына ка- 
тысты екендігін аңғартатындай грамматикалык көрсеткіштердің 
болуы шарт емес. Мұны орыс тілі мен ағылшын тілі жэне казак 
тіліндегі төмендегі мысалдарды салыстырудан көруге болады:
книг-а - Ьоок - кітап 
счит-ать - соипі - окы 
больш-ой — Ьі§' - үлкен
Агылшын тілі мен түркі тілдерінде түбір сөздердің жоғарыда- 
гы тәрізді дара морфемадан кұралуы, соның нәтижесінде 
олардың оздерінің түбірлерімен немесе негіздерімен сәйкес 
келуі жиі ұшырасады. Ағылшын тілі мен түркі тілдерінде бір 
морфемадан кұралған түбір сөздердін көп болуын жэне осыган 
орай сөз таптарының морфологиялык қүрылымы жағынан бір-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет