Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§ 17. Сөздің морфологиялық қүрылымына дүрыс талдау жасау



Pdf көрінісі
бет15/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   174
Байланысты:
file-4107 3


§ 17. Сөздің морфологиялық қүрылымына дүрыс талдау жасау
1 Аталған мәселелер жайында сонғы жылдарда пікірталастар мен кон-
ференциялар өткізіліп, олардың материалдары төмендегі үш жинакта берілді:
«М орфологическая структура слова в языках различных типов» (Изд. АН СССР.
М .-Л .. 1963); «М орфологическая типология и проблема классификации языков».
Изд. «Наука», М .-Л ., 1965); «Аналитические конструкции в языках различных
типов» (Изд. «Наука», М .-Л ., 1965).
20


үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі 
морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте 
қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына 
морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі 
морфема) жэне аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп 
аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.
Сөздер морфологиялық кұрылымы, морфемалық құрамы 
жагынан алуан түрлі болады: бір морфемадан да 
(бас, цол),
екі 
морфемадан да 
(бас-та, цол-да),
бірнеше морфемадан да 
(бас-та-
у-шы, цол-да-н-ыс-ы)
құрала береді. Сөз құрамындагы морфемалар- 
дың эрқайсысының өзіне тэн мағынасы болады. Мысалы, 
көлиіікке
деген сөздің құрамындағы үш морфеманың біріншісі 
(көл)
заттық 
мағынаны білдірсе, екіншісі 
(-шік)
кішірейткіш мағынаны, 
соңгысы 
(-ке)
бағыт магынасын білдіреді. Мағыналық түргыдан 
Караганда, морфема сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең 
кіші магыналық бөлшегі болып саналады. Сөз де, морфема да 
дыбыстан немесе дыбыстардың тіркесінен қүралады. Дыбыс -
тілдің ең кіші бірлігі, бірақ ол өздігінен мағынаны білдіре алмайды. 
Дыбыс - тілдің мағыналық бірлігі емес, ең кіші фонетикалық 
бірлігі. Егер жеке дыбыс мағынамен байланысса, ягни мағыналық 
бірлік ретінде кызмет атқара калса, онда оның сөз немесе көмекші 
(аффикстік) морфема болғаны. Мысалы, орыс тіліндегі 
в городе, о
работе
дегендердегі в, о - предлогтар да, қазақ тіліндегі 
о баста,
о заманда
дегендердегі о -
ол
деген есімдіктің ықшамдалған түрі, 
ал 
іні-м, киім-і
дегендердегі 
-м, -і -
көмекші морфемалар (тэуелдік 
жалгаулары). Келтірілген бұл мысалдар магынаның дыбысқа емес, 
сөзге жэне сөздің мағыналық бөлшегі - морфемаға тэн екендігін 
дәлелдей түседі.
Сонымен, морфема дегеніміз тілдің ары қарай бөлшектеуге 
келмейтін ең кіші мағыналық бірлігі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет