жэне грамматикалық белгілеріне, атап айтқанда, семантикалық
тұтастық, синтаксистік тұтастық жэне морфологиялык тұтастық
белгілеріне қарай айқындалып ажыратылуы керек1.
Енді күрделі сөздерді фразеологиялық сөз тіркестері мен
синтаксистік сөз тіркестерінен ажырату мэселелеріне келелік.
4. К үр д ел і сөздер м ен ф р а зео л о ги я л ы қ сөз тір к ест ер і
ж эн е ол а р д ы ң бір -бір ін ен ж ігін аж ы р ату м әсел ел ер і
§ 46. Лингвистикалық зерттеулер мен эдебиеттерде және оқу
құралдарында күрделі сөздер мен фразеологиялық сөз тіркесте-
рінің жігі элі де болса ашык-айқын ажыратылмай келеді.
Әдетте, сөз атаулы құрамына қарай жалаң сөз жэне күрделі
сөз делініп екі топқа бөлініп қарастырылады. Жалаң сөздерге
қандай сөздердің жататындыгы туралы мэселе - тіл білімінде әб-
ден айқындалған, пікірталасын тудырмайтын мәселе. Ал эртүрлі
тілдердегі күрделі сөздердің шегін, олардың түрлерін айқындау,
әсіресе күрделі сөздерден фразеологиялық сөз тіркестерін ажыра
ту мәселелері тиянақты шешімін таба алмай келеді. Бұл мәселелер
түркологияда ғана емес, славистика, германистика, романисти-
када да жете айқындалмаған, өте-мөте күрделі проблема болып
саналады. Демек, бұл проблема - жеке тілдерге гана емес, сонымен
бірге көптеген тілдерге бірдей қатысы бар, жалпы лингвистика-
льщ проблема.
§ 47. Тіл білімінде тіркесіп қолданылатын сөздердің кейбір
тобын, мысалы, орыс тіліндегі
железная дорога
дегенді Л.В.
Щерба күрделі сөздің қатарына жатқызса, В.В. Виноградов жэне
т.б. ғалымдар тұрақты сөз тіркесінің қатарына жатқызады2.
Кейбір түркологтар фразеологиялық сөз тіркестерін күрделі
сөздердің қатарына жатқызады. Мысалы, Н.А. Кононов өзбек
тіліндегі
к,ули кенг, цули очик
(қолы ашық - «жомарт, береген»),
манглайи цара
(«бақытсыз») тэрізді фразеологиялық сөз тіркесте-
Достарыңызбен бөлісу: