грамматикалық мағыналары бар: 1) іс-әрекетгің өткен мезгілге
қатысты екендігін білдіреді (бұл - шақтық мағына, соның ішінде
жедел өткен шақтық мағына); 2) іс-әрекетгің бір емес, бірнеше
субъект арқылы істелгендігін білдіреді (бұл - көптік мағына);
3) іс-әрекеттің бірінші жаққа қатысты екендігін білдіреді (бүл
- жақтық мағына). Белгілі бір грамматикалық мағына (немесе
мағыналар) белгілі бір лексика-грамматикалық топқа (сөз тобына)
енетін сөздердің барлығына бірдей ортақ, күллісіне бірдей тән
болып келеді. Мысалы, жоғарыдағыдай шақтық, жекелік-көптік,
жақтық мағыналар - мысалға келтірілген екі етістікке ғана
(жырттъщ, салдыц)
емес, етістік атаулының барлығына бірдей
тэн грамматикалық магыналар.
§ 7. Грамматикалық мағыналар, сөздердің арасындағы эртүрлі
қатынастар тіл-тілде түрлі-түрлі грамматикалық (морфологиялық
жэне синтаксистік) қүралдар, амал-тэсілдер арқылы беріледі.
Грамматикалық мағыналарды, сөздердің арасындағы эртүрлі
қатынастарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады.
Грамматикалық тэсілдердің бірнеше түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: