Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


 А.  А.  Реформатский,  Введение  в языкознание.  М .,  1960,  стр.  225



Pdf көрінісі
бет55/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   237
1 А.  А.  Реформатский,  Введение  в языкознание.  М .,  1960,  стр.  225.
2 К.  Аханов,  Тіл  білім іне кіріспе,  Алматы,  1965,  399-бет.
47


(-тас)  аффиксі  -ла+-с (-та+-с)  түрінде  бөлшектене  алатын  болса, 
амандас,  дидарлас,  туыстас,  ауылдас,  тетелес,  жуздес,  өштес, 
қүрбылас  деген  сөздердің  құрамындагы  -дас  (-дес,  -лас,  -лес) 
аффиксі  элементгерге  бөлшектенбей,  біртұтас  аффикс  — сіңіскен 
аффикс  (опрощенный  аффикс)  ретінде  қолданылады.  Сіңіскен 
түбірлер  болатындығы  тэрізді,  сіңіскен  аффикстер  де  болады 
дейтініміз  осыдан.  Бұл  ретте  мынадай  аналогия  жасауға  әбден 
болады:  қазіргі  тілдің  түрғысынан  келгенде,  жаръщ  (мысалы: 
жарьщ  а й \  бүлік  дегендерді  негізгі  морфема  (түбір)  мен  кө- 
мекші  морфемаға (аффикске) бөлшектенбейтін  бір  бүтін  морфема 
(түбір),  яғни  сіңіскен  түбір  (опрощенный  корень)  деп  қараймыз 
да,  осы  үлгімен  жасалған  сызыц,  бөлік дегендерді  негізгі  морфема 
(түбір)  мен  көмекші  морфемаға  (аффикске)  бөлшектене  алатын 
(сыз+ъщ,  бөл+ік)  туынды  түбір  немесе  негіз  деп  қараймыз. 
Мәселеге  осы  тұргыдан  келгенде,  басыщ ы,  көтеріңкі  деген 
сөздердің  құрамындағы  -ыңқы  (-іңкі)  аффиксі  мен  амандас, 
жүздес,  цүрбылас  деген  сөздердің  құрамындағы  -дас  (-дес,  -лас) 
аффиксін  жэне  осылар  тэріздес  т.б.  аффикстерді  қазірде  эр  басқа 
элементтерге  бөлшектенбейтін  біртүтас  аффикс  -   сіңіскен  аф­
фикстер деп қарауга әбден болады»1.
Құранды жұрнақтардың қүрамын талдағанда,  олардың эртүрлі 
өзгеріске  ұшырап  ықшамдалуына  жэне  олардың  кұрамында 
төл  жұрнақпен  бірге  кейде  кірме  жүрнақтың  болу  мүмкіндігіне 
де  назар  аударған  макұл.  Бұл  жайында  қазақ  тіл  білімі  маманы 
А.Ы.  Ысқақов  былай  дейді:  «Құранды  жұрнақтарды  сөз  еткенде, 
мынадай  екі  түрлі  қүбылысты  ескерген  мақүл:  біріншіден, 
тіліміздің  дыбыстық  заңына  лайық  өзгерілу,  ықшамдалу  сияқты 
құбылыстардың  да  болатыны  шексіз.  Мысалы,  -нікі,  -дікі,  -т ікі 
жұрнағы  бастапқы  ілік  септік жалғауының  -нің  (-ның,  -дың,  -дің, 
-тың,  -тің)  қосымшасы  мен сын есім тудыратын -кі (-қы,  -гы, -гі) 
қосымшасының бірігуінен жасалған.  Бірак құранды жұрнак -піңкі 
болудың  орнына  ықшамдалып,  -пікі түрінде  қалыптасумен  қатар, 
өзінің  құрамындагы  екінші  компонентіндегі  жіңішке  к дыбысының 
эуенімен,  тек  жіңішке  вариантта  ғана  орныққан.  Демек,  -нықы, 
-дықы,  -тықы  түрі  шыгып  қалған.  Екіншіден,  қүранды  жүрнақ 
тек  байыргы  қосымшалардан  ғана  емес,  байырғы  төл  қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет