Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  50.  Қиындықтан  шыгудың  жолын  күрделі  сөздер  мен  фра-



Pdf көрінісі
бет88/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   237
Байланысты:
akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi


§  50.  Қиындықтан  шыгудың  жолын  күрделі  сөздер  мен  фра- 
зеологиялық  сөз  тіркестерін  бір-бірінен  ажырататын  белгілерден 
іздестіру қажет. Ондай белгілер кайсылар?
§  51.  Ащ үтан,  ащу,  көщүтан,  тасбақа,  көлбаца,  цүрбсщсі, 
көртыищан,  суық  торгай,  қара торгай,  боз торгай,  боз қырау,  су 
жылан,  оқ  жылан,  қосаяқ,  қазан  ңап,  тау  сагыз,  көк  сагыз,  кәрі 
жілік,  ащы  шек,  тоц  шек,  асыц  ж ілік  жэне  т.б.  осылар  тэріздес 
күрделі  сөздер  номинативті  немесе  атаушы  қызмет  (назывная 
функция)  атқарады,  бұлардың  әрқайсысы  бір-бір  атау  ретінде 
қолданылады.
Ал  қас  пен  көздің  арасында,  ит  өлген  жерде,  т ат а  таңба 
басқандаи,  ала  ауыз,  ала  аяқ,  сиіа  көз,  ала  жаздай,  ала  күздей, 
атам  замаяда,  ат  төбеліндей,  ашьщ  ауыз,  бармагын  тістеу,  екі 
жүзді,  ер жүрек,  ер цсіштпы болу,  еті тірі жэне т.б.  осылар тэрізді 
фразеологиялық  сөз  тіркестерінде  номинативті  немесе  атаушы 
қызмет  қана  емес,  мұнымен  бірге  оларда  эмоционалды  жэне  сти- 
листикалық бояу  да,  образдылык  касиет  пен  экспрессивті  қызмет 
те  бар.  Мысалы,  цас  пен  көздіц  арасында  деген  фразеологиялық 
сөз тіркесі «жылдам, тез» деген мағынаны күшейтіп, «жылдамның
78


жылдамы,  өте  жылдам,  лезде»  дегенді  білдірсе,  ала  аяц  деген 
фразеологиялық  сөз  тіркесі  жай  ғана  «қу»  дегенді  емес,  «қудың 
куы,  өте  қу,  залым»  деген  мағынаны  білдіреді.  Ашыц  ауыз 
тіркесі  «аңқау»  дегенді,  бармагын  тгстеу тіркесі  «өкіну»  дегенді 
әсерлеп,  күшейтіп,  бейнелеп  айту  қызметінде  жұмсалса,  тайга 
таңба  басцандай  немесе  соцырга  таяц  үстатцандай  деген 
тіркестер «ашық, белгілі, айқын» дегенді күшейтіп, бейнелеп айту 
қызметінде  жүмсалып,  «ашықтың  ашығы,  айқынның  айқыны» 
деген  мағынаны  білдіреді.  Бүлар  белгілі  бір үғымды  ғана білдіріп 
қоймайды,  сонымен  бірге  оған  сөйлеушінің  қатысын,  эмоциясын 
да  білдіреді,  номинативті  қызметпен  бірге экспрессивті  қызмет те 
атқарады, образдылык қасиетімен сипатталады.
Ал  аццүтан,  көлбаца,  суыц  торгай,  тау  сагыз,  цосаяц,  асыц 
жілік,  тоц  и/ек  тэрізді  күрделі  сөздерде  фразеологиялық  сөз 
тіркестеріндегі  тэрізді  эмоциялық  бояу  да,  экспрессивті  қызмет 
те  жоқ.  Олар  заттың  атауы  ретінде  тек  қана  номинативті  қызмет 
атқарады.
Жоғарыда  аталған  күрделі  сөздердің  термин  сөздерге  жақын 
жағы  да  бар.  Терминдер  келтірінді,  образды  мағынада  емес, 
номинативті  немесе  тура  мағынасында  қолданылады.  Терминдер, 
әдетте,  дара  магыналы  болады,  оларға  эмоциялық  бояу  да, 
экспрессивті  қызмет  те  тэн  емес.  Терминдер  ұғымға  атау  болып, 
таза  номинативті  қызмет  атқарады.  Дара  магыналы  болып,  таза 
номинативті  қызмет  атқару  -   термин  сөзге  тэн  ең  басты  касиет. 
Осындай қасиет көк жотел,  боз торгай, суыц торгай, ала өкпе,  тоц 
шек,  соцыр  шек,  кэрі  жілік,  асыц  ж ілік  тәрізді  күрделі  сөздердің 
бойында  да  бар,  олар  белгілі  дәрежеде  терминдік  сипатқа  ие 
болады.  Бүл  сөздердің терминдік  сипаты  эсіресе  олар  ғылымның 
белгілі  бір  салаларында,  мысалы,  биология,  ботаника,  анатомия, 
зоология,  медицина жэне т.б.  салаларда қолданылғанда  айқында- 
ла түседі.
Күрделі  сөздер  мен  фразеологиялық  сөз  тіркестерінің  бір- 
бірінен  жігін  ажырату  үшін  бүларға  тікелей  қатысы  бар  тағы  бір 
мәселені  айқындап  алу  қажет.  Лингвистикалық  әдебиеттерде, 
эсіресе  соңгы  жылдары  шықкан  эдебиеттерде,  фразеологиялық 
бірліктердің  қатарына  қандай  тіркестерді  жатқызу  керек  деген 
мәселе  қарастырылып,  тұрақты  сөз  тіркестерін  кэдімгі  тұрақты
79


тіркестер  (собственно  устойчивые  сочетания)  жэне  фразеология- 
лык бірліктер (фразеологические единицы) деп аталатын екі топқа 
бөлу  қажет  деген  пікір  айтылып  ж үр1.  Мысалы,  ағылшын  тілін 
зерттеуші  И.В.  Арнольд  бүлар  жайында  мынандай  ой  айтады: 
«Устойчивые  словосочетания  в  свою  очередь,  подразделяются  на 
две  большие  группы:  а)  собственно  устойчивые  сочетания  и  б) 
фразеологические единицы.
Собственно  устойчивые 
сочетания 
лишены 
образности 
и  эмоциональной  экспрессивности,  не  выражают  отношения 
говорящего  к  предмету  речи  и  часто  являются  единственным 
названием для  выражаемого ими  понятия.
Несмотря  на  большую  распространенность  их  в  английском 
языке,  изучены  они  сравнительно  мало,  и  в  лингвистической 
науке  пока  не достигнуто  единство  мнений  о  том,  к  какой  группе 
лексических  единиц  их  следует  относить.  Некоторые  из  них 
чрезвычайно  близки  к сложным  словам.  Отнеся  их  к устойчивым 
сочетаниям мы  исходим из  их раздельнооформленности»2.
«Второй  тип  устойчивых  словосочетаний  -   фразеологические 
единицы  отличаются  как  образностью  так  и  эмоциональной  и 
стилистической  окраской,  они  имеют  не  только  назывную,  но  и 
оценочную функцию,  выражая  отношение говорящего  к предмету 
речи»3.
Тұракты  сөз  тіркестерін  жогарыдағыдай  екі  топқа  бөлуде 
функциональды  критерий  негізге  алынып,  фразеологиялық  бір- 
ліктердің  қатарына  номинативті  қызметімен  бірге  эмоциональды 
бояуы жэне экспрессивті  қызметі  бар фразеологизмдер,  ал  кэдімгі 
тұрақты  тіркестердің  қатарына  тек  номинативті  қызметі  гана 
бар  тіркестердің  жатқызылуында  күрделі  сөздердің  табиғатын 
айқындауға қатысты тағы  бір  мэн бар.  Күрделі  сөздерді  жогарыда 
аталған  екі  топпен  салыстырудан  мынаны  көреміз:  күрделі 
сөздер,  функциональды  тұргы дан  алганда,  фразеологиялық 
бірліктерден  эмоциональды  бояуы  мен  экспрессивті  қызметі 
болмауы  жагынан  ажыратылады  да,  кэдімгі  тұрақты  тіркес-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет