Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


§  48.  Күрделі  сөздерді  синтаксистік  сөз  тіркестерінен  ажыра-



Pdf көрінісі
бет84/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   237

§  48.  Күрделі  сөздерді  синтаксистік  сөз  тіркестерінен  ажыра- 
тудан  гөрі  фразеологиялық  сөз  тіркестерінен  ажырату  элдеқайда 
қиын.  Күрделі  сөз  бен  фразеологиялык  сөз  тіркесінің  жігін 
ажыратудың  қиындығы  фразеологиялык  сөз  тіркестерінің  жалпы 
сөз  атаулымен,  соның  ішінде  әсіресе  күрделі  сөздермен,  ортак,
1 А.  Ыскаков,  Қазіргі  казак тілі  (морфология),  Алматы,  1964,  130-бет.
75


ұқсас  жақтарының  болуында.  Ол  ұқсастық  пен  ортақ  белгілер 
қайсылар?
1.  Лексикалық  бірлік  ретіндегі  сөз  де,  фразеологиялық 
сөз  тіркесі  де  карым-қатынас  жасауда,  сөйлеу  процесінде 
конструкцияланбай  (құрастырылмай), тілдің бұрыннан жасалып, 
қалыптасқан  даяр  бірліктері  ретінде  қолданылады.  Мысалы, 
адалдык,  деген  сөз  де,  аң  ж үрек  деген  фразеологиялық  сөз 
тіркесі  де  -   сөйлеу  кезінде  жасалмай,  тілде  бұрыннан  жасалып, 
жадымызда  сақталған,  керек  кезінде  сол  даяр  қалпында 
синтаксистік  сөз  тіркесінің  немесе  сөйлемнің  құрамына  енетін 
тілдік бірліктер. Ал  еркін  сөз тіркесі  мен сөйлем фразеологиялық 
сөз  тіркесі  немесе  сөз  тэрізді  даяр  тұрған,  «өздігінен»  жасалып 
қойған  бірліктер  емес,  олар  сөйлеушінің  ойды  айтып  жеткізу 
мақсатына  орайласып,  қарым-қатынас  жасау  процесінде,  сөйлеу 
кезінде  тілдің  грамматикалық  зандары  бойынша  сөздердің  емін- 
еркін тіркесуі арқылы жасалып отырады.
2.  Құрамы  мен  құрылысы  жағынан  сөз  де,  фразеологиялық 
оралымдар  да  тұракты  болып  келеді.  Фразеологиялык  оралым- 
дар  бүтіннің  бөлшектері  ретінде  танылатын,  өзара  бір-бірімен 
тығыз  байланысты  белгілі  бір  сөздерден  жасалады,  оны  құ- 
растырушы  сыңарлардың  (сөздердің)  эдетте  орны  да  өзгермейді, 
басқа  сөздермен  алмастыруға  да  көнбейді.  Орыс  тіліндегі  фра- 
зеологизмдерді  зерттеуші  Н.М.  Шанский  сөздің  морфемалық  құ- 
рамының  тұрақтылык  сипаты  қандай  болса,  фразеологизмдердің 
құрамының  жэне  компоненттерінің  орын  тэртібінің  тұрақтылық 
сипаты да сондай деп есептейді1.
Сөз  құрамындағы  морфемалардың  эрқайсысының  өз  орны 
бар,  олар  белгілі  бір  тәртіппен  бірінен  соң  бірі  орналасады 
да,  орны  өзгермей,  эрдайым  тұрактылық  қасиетін  сақтайды. 
Мысалы,  түркі  тілдерінде  сөз  құрамында  түбір  морфема  мен 
аффикстік  морфемалар  мынандай  тәртіппен  орналасады:  бірінші 
орындағы  түбір  морфемаға  ең  алдымен  сөз  тудырушы-аффикстер 
(жұрнақтар),  онан  кейін  сөз  түрлендіруші  аффикстер  (жалғау- 
лар)  жалғанады.  Сөзге  сөз  түрлендіруші  аффикстердің  бірнешеуі 
жалғану  керек  болғанда,  олардың  ішінен  ең  алдымен  көптік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет