Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы


 А .В .  Кунин,  Английская  фразеология,  Изд.  «Высшая  школа».  М.,  1970,  стр. 142



Pdf көрінісі
бет93/237
Дата31.12.2021
өлшемі5,78 Mb.
#21265
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   237
1 А .В .  Кунин,  Английская  фразеология,  Изд.  «Высшая  школа».  М.,  1970,  стр. 142.
83


жэне  ажыратыла  тұлғалану  белгілері  өлшем  (критерий)  бола 
алмайды.  Сонда,  көк  кептер,  су  жылан,  тасбаца  тәрізді  күрделі 
сөздер  мен  кок  ми,  су  ми,  тас  бсіуыр  тәрізді  фразеологиялық 
бірліктерді қалай ажырату керек деген сұрақ туады. Бұлар тәріздес 
күрделі  сөздер  мен  фразеологиялық  бірліктерді  бір-бірінен 
ажыратуда,  біріншіден,  -   олардың  өзгеру,  түрлену  ерекшеліктері 
таяныш  етілуге  тиіс.  Егер  фразеологиялық  сөз  тіркесі  белгілі-бір 
сөз  табына  жататын  сөздің  эквиваленті  ретінде  жүмсалса,  сол 
сөзге  тән  сөз  түрлендіруші  формалармен  түрленеді.  Мысалы, 
жоғарыда аталған көк ми,  су ми,  тас бауыр деген фразеологиялық 
сөз тіркестері  мағыналық жақтан алғанда, мисыз,  ацылсыз,  қатал, 
мейірімсіз  деген  сын  есімдерге  эквивалент  болып,  осы  сын 
есімдерге  тэн  шырай  формаларын  (мысалы:  көк милау,  су милау, 
су ми болганда тым су ми,  тас  бауырлау,  өте  тас  бауыр)  қабыл- 
дайды. Ал осы фразеологиялық сөз тіркестерінің соңғы сыңарлары 
(ми,  бауыр)  өз  алдына  жеке  дара  сөз  ретінде  қолданылғанда, 
зат  есім  мағынасын  білдіреді  де,  шырай  формаларын  қабылдай 
алмайды.  М үның  өзі  аталган  фразеологиялық  сөз  тіркестерінің 
сын  есімдердің эквиваленті  ретінде  жүмсала алатындығын  дәлел- 
дей  түседі.  Ал  көк  кептер,  су  жылан,  тасбақа  тәрізді  күрделі 
сөздер  зат  есімдер  ретінде  танылып,  соган  орай  зат  есімдерше 
түрленеді.
Қүрылымы  жағынан  бір-біріне 
сәйкес 
келетін 
күрделі 
сөздер  мен  фразеологиялық  сөз  тіркестерін  бір-бірінен  ажырату 
үшін,  екіншіден,  жогарыда  аталып  өткеніндей,  функциональды 
критерийді  таяныш  етіп,  күрделі  сөздің заттың (үғымның) бірден- 
бір  атауы  ретінде  таза  номинативті  қызмет  атқаратындыгын,  ал 
фразеологиялық сөз тіркесінің (мысалы, көкм и,  сум и,  тас бауыр
номинативті  қызметпен  бірге,  тілде  бұрыннан  бар  сөздердің 
экспрессивті  синонимі  ретінде  де  қызмет  атқаратынын  ескеру 
кажет.
Сонымен,  күрделі  сөз бен  фразеологиялық сөз тіркесі эр басқа 
қүбылыстар,  эр басқа бірліктер ретінде танылады.
84




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   237




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет