сөз табына (зат есімге) енетін күрделі сөздің бөлшегіне (сыңары-
на) айналған. Аталған күрделі сөздердің бәрі де бүтін күйінде зат
есімдердің тобына енеді.
Боз торгай, цара торгай, ащы шек, тоц
іиек, кәрі ж ілік тэрізді күрделі сөздердің алдыңғы сыңарларының
(боз, цара, ащы, тоц, кәрі) жалпы дербестік қасиеттен,
соның ішінде
морфологиялық дербестігінен айырылғандығын мынадан көруге
болады:
боз, цара, ащы, тоц, кәрі дегендер еркін сөз тіркестерінің
қүрамында келгенде, сын есім болу қасиетін сақтай отырып, сын
есімнің шырай формаларын қабылдаса (мысалы:
ащырац (ащылау)
көже, кәрілеу жылцы жэне т.б.), күрделі сөздердің құрамында
олар сын есім болу қасиетінен айырылып, шырай формаларымен
өзгере алмайды.
Боз торгай, цара торгай, ащы шек жэне т.б.
осылар тәріздес күрделі сөздердің алдыңғы сыңарлары шырай
формаларын қабылдамайды, егер шырай формалары жалғанса
(мысалы,
ащырац шек), онда олар күрделі сөз болудан қалып,
синтаксистік сөз тіркесіне айналып кетеді.
Осындай морфологиялық түтастық курделі сын есімдердің
табиғатынан да көрінеді. Күрделі сын есімдердің сыңарларының
бірі зат есімнен (мысалы:
қүс түмсыцты, цасцыр ішікті, түлкі
тымацты) болуы мүмкін, бірақ ол сыңар күрделі сын есім
кұрамында зат есім ретінде емес, біртүтас күрделі сын есімнің
бөлшегі ретінде танылады. Демек, күрделі сөз бір бүтін лексикалық
бірлік ретінде, ал оның сыңарлары бүтіннің бөлшегі ретінде
қаралуға тиіс.
Сонымен, күрделі сөз бен синтаксистік сөз тіркесі тілдік
табиғаты эр басқа құбылыстар болып саналады. Ал оларды бір-
бірінен ажыратуда жоғарыда аталған айырмашылықтар мен
ерекшеліктер негізге алынады.
Достарыңызбен бөлісу: