топтарға (сөз табына) қатысы жағынан, бесіншіден, - сөз тіркесі
мен сөйлемнің құралуына қатысы және олардағы қызметі жағынан
қарастырылады.
Грамматикалық бірлік ретінде қаралатын сөздің басқа барлық
бірліктердің ішінде алатын орны да, атқаратын қызметі де айрық-
ша. Сан алуан грамматикалық құбылыстар сөзден тарайды жэне
сөзге келіп тірелмейтін, оның (сөздің) қатысы болмайтын бірде-
бір грамматикалық бірлік жоқ десе де болады. Сөз, біріншіден,
- грамматикалық жүйенің ішінде морфемамен бірлікте болып, бұл
бірліктер (сөз бен морфема) бір-бірімен өзара тығыз байланысқа,
қарым-қатынасқа түскен күйінде грамматикалық қүрылыстың
морфологиялық саласын құраса, екіншіден, - сөз тіркесі жэне
сөйлеммен өзара қарым-қатынасқа, тығыз байланысқа түсіп,
олармен бірге грамматикалық құрылымның синтаксистік саласын
құрайды.
Сөз де, сөз тіркесі де сөйлем құрауға қажетті бірліктер ретінде
қызмет атқарады. Сөйлемнен тыс, тек соған керекті құрылыс
материалы ретінде қаралатын сөз бен сез тіркесі тілдің номинатив-
ті қүралдарының қатарына енеді. Сөйлем ойды айтып жеткізудің
негізгі қүралы болып саналады да, коммуникативті қызмет
атқарады. Мүнан, әрине, сөз бен сөз тіркесінің коммуникативті
қызметке қатысы жоқ деген ұғым тумауға тиіс. Мүндай қызметті
олар да атқара алады. Бірақ сөз бен сөз тіркесі коммуникативті
қызметті өздігінен, жеке дара күйінде емес, сөйлем арқылы, сөйлем
құрамында қолданылу арқылы атқара алады. Сөз де, сөз тіркесі
де сөйлемнің құрамында қолданылғанда, оның құрылымдық
элементтері ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: