Байланысты: akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi
§ 127. Тіл білімінде сөйлемдер эртүрлі түрғыдан қарастыры-
лады да, осыған орай, оларға түрліше классификация жасалады.
Хабардың (сообщение) мақсатына қарай сөйлемдер екі топқа
бөлінеді: оның бірі - хабарлы сөйлемдер, екіншісі - сүраулы
сөйлемдер. Сөйлемдердің бұл екі түрі сөйлеуші (немесе жазушы)
мен тыңдаушының (немесе
оқушының)
өзара бір-бірімен
хабар алысуы үшін жүмсалады. Хабарлы сөйлем сөйлеушінің
(немесе жазып отырған адамның) информациясын тындаушыға
(қабылдаушыға) білдіру үшін жұмсалса, сүраулы сөйлем хабар
(ақпарат) алу үшін жүмсалады. Сүраулы сөйлем коммуникативті
қызметі жағынан басқа бір хабардың келіп тууын қажет ететін
хабар болып саналады.
Хабарлы сөйлем сұрау интонациясымен айтылса немесе сөй-
лемнің құрамына сүрау есімдіктері не сүраулық демеуліктер
енгізілсе, сүраулы сөйлемге айналады. Хабарлы сөйлем де,
1 Бұл да сонда, 613-бет.
224
сұраулы сөйлем де қосымша интонациялык тәсілдер арқылы лепті
сөйлемдерге айналады да, сөйлемдер эмоциональды-экспрессивті
қасиетке ие болады.