морфема деп аталады да (аталған сөздің кұрамындагы түбір немесе
негізгі морфема —
көл), грамматикалык мағыналарды білдіретін
морфема аффикстік морфема немесе көмекші морфема деп аталады
(аталған сөздің кұрамындағы аффикстік немесе көмекші морфема
-
-ш ік жэне
-ке).
Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалык күрылысы жагынан
алуан түрлі. Осыған орай, ол тілдердегі сөздердің морфологиялық
құрылымы да, сөз құрамындагы түбір морфема мен аффикстік
морфемалардың табиғаты да түрлі-түрлі болып келеді. Негізгі
(немесе түбір) морфеманың жалпылама лексикалық мағынасы
(общее лексическое значение) заттық магына (вещественное
значение)
деп
аталады.
Орыс
тіліндегі
письмо,
писать,
письменный, писание деген сөздердің кұрамындагы түбір морфема
(пис-) осындай заттык магынаны білдіреді де, өздігінен дербес
колданыла алмай, сөз құрамында гана колданылады. Кейбір негізгі
морфемалар (түбірлер) нақтылы лексикалык магынаны да білдіруі
мүмкін. Мүндай жагдайда заттық магынаны білдіретін негізгі
морфема (түбір) нактылы лексикалық магынаны білдіретін сөз
ретінде колданылады да, заттық магына (вещественное значение)
мен нактылы лексикалык магына бір-бірімен түйісіп, өзара сайма-
сай келеді. Мысалы, орыс тіліндегі
бег, дар, дом, ум дегендер
түбір морфемалар бола тұрып, лексикалык магыналары бар дербес
сөздер ретінде де үгынылады. Демек, орыс тілінде түбір деген
лингвистикалық ұғым бүл күнде өз алдына дербестігі жоқ
пис-
(тіс-ать), веж- (веж-ливый) тэрізді негізгі морфемаларды да, өз
алдына дербестігін сактаган
бег, дар, дом, ум тәрізді туынды емес
сөздерді де (непроизводные слова) қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: