Келді көктем ауылға



жүктеу 8.36 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.03.2017
өлшемі8.36 Kb.

Келді көктем ауылға 

Алтын жұлдыз кеудесінде, 

Көсем сөзі зердесінде 

Шықты қырға колхозшылар; 

Тумен, думен, әнмен, күймен 

Әр ауылдан, әрбір үйден 

Сертпен бекіп шықты бұлар. 

Иелерін келген көріп, 

Еміренгендей төсін керіп 

Құтты дала кетті толқып 

Төңіректі сүйрегендей. 

Құдіретімді көр дегендей 

Тракторлар да шықты жортып. 

Алтын кірпік, дөңгелек көз 

Күлім қағып шықты сол кез, 

Қарады еңбек даласына, 

Мол егінге болсын ырым 

Дегендей-ақ төкті нұрын, 

Өрлеп асқар тау басына. 

Жалт-жұлт етіп бұйра жоны 

Тиген сайын адам қолы 

Бара жатты дала түлеп... 

Құрып көкте сейіл-серуен 

Ақ желегі үлбіреген 

Бұлттар өтті жай сіркіреп. 

Ақ бас алып асқар таудан 

Асау өзен тас аударған 

Ақты асыға егін жайға... 

"Қыймылдаңдар, жамағаттар!" 

Деп қояды дана қарттар, 

Шіркін көңіл осындайда!.. 

Қарты қайсы, жасы қайсы? 

Қайратыңмен қанат жайшы, 

Берілші адал ұлы еңбекке! 

Неткен шабыт, неткен рахат 

Сенен артық, сенен қымбат 

Барма екен жан жер мен көкте! 

Туған жердің топырағы 

Қолың тисе құлпырады — 

Дейді жастар, агрономдар 

Алтын дәндер тердей сіңіп. 

Адамына жер сүйсініп 

Түсті үгіліп қатал тоңдар. 

Қарттары жоқ жастан қалар, 

Қуанып жүр басқармалар, 

Ойлап өткен, кеткенін де... 

Құтты болсын қайырлы еңбек! 

Алайық бір сермеп-сермеп 

Коммунизм көктемінде! 

Қасым АМАНЖОЛОВ. 

Социалистік Қазақстан. - 1950. -



7 май (№ 95). - 3 б. 

Каталог: kasym
kasym -> Қасым аманжолов (1911-1954)
kasym -> Қасым а м а н ж о л о в поэзияның өзге жанрлардан бір өзгешелігі онда
kasym -> Ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 105 жыл) Поэт с огненным сердцем
kasym -> Өмір м е н ө л е ң (Қасымның өмірбаяны, ақындық сапары туралы)
kasym -> Презентация PowerPoint
kasym -> Қасым аманжолов. Ақын өлімі туралы аңыз
kasym -> Асым Аманжоловтың ақындық, адамдық қалып-тұл
kasym -> А. С. Пушкиннің туғанына 150 жыл толу қарсаңында қысқы кеш А. С. Пушкин
kasym -> А. С. Пушкин қЫСҚЫ


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет