«келісемін» Қожа Ахмет Ясауи атындағы


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата08.02.2023
өлшемі0,73 Mb.
#66189
1   2   3   4
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
УЕ-ХҚТУ-072-2019 
2-ші нұсқа 
Сапа менеджментінің жүйесі 
Университет ережесі 
Республикалық «Ясауи» олимпиадасының ережесі 
7 беттің 4 - беті 
Олимпиадаға қатысушы екі бағыттың бірін таңдайды. Бір бағытты таңдаған 
оқушыға екінші бағытты таңдауға рұқсат етілмейді.
Тіркеу аяқталған соң, оқушының енгізген мәліметінде көрсетілген 
электронды поштасына олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысу үшін арнайы логин 
және пароль жіберіледі. Алынған логин және пароль арқылы оқушы онлайн тестке 
қатысады.
6. Олимпиаданы өткізу тәртібі: 
Республикалық «Ясауи» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады.
Бірінші іріктеу кезеңі:
- Пәндік олимпиада бойынша қатысатын оқушылар онлайн жүйесі бойынша 
таңдаған пәнінен тест тапсырады. Тест тапсырмаларының саны 50.
- Ғылыми жоба бағытын таңдаған оқушылар ғылыми жобасын беріліп отырған 
үлгі бойынша электорнды нұсқасын talapker@ayu.edu.kz электронды поштаға
жібереді.
Екінші іріктеу кезеңі.
Екінші кезең Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университетінде өткізіледі.
- Пәндік олимпиада бойынша қатысатын оқушылар жазбаша немесе тест 
түрінде емтихан тапсырады.
- Ғылыми жоба бағытын таңдаған оқушылар ғылыми жұмысын презентация 
арқылы қорғайды. Презентацияны қорғауға 10-15 минут беріледі. 
Ескерту: олимпиадаға қатысушының өзімен бірге жеке басын куәландыратын 
жеке куәлігі болуы керек. 16 жасқа болмаған оқушылар үшін оқу орнынан фото 
суреті бар, мектеп директорының қолы қойылған және мөрі басылған анықтама 
көрсетіледі.
7. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау: 
Олимпиаданың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары ұпай 
жинаған және үздік ғылыми жоба жұмыстарының жеңімпаздары марапатталады. 
Олимпиаданың қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған жеңімпаздарға 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін 
Түркия гранты беріледі. Түркия грантының иегері университетті бітіргенше тегін 
білім алады. Жеңімпаздарға арнайы Түркия грантын иеленгендігі туралы 
сертификат беріледі.
Республикалық «Ясауи» олимпиадасының жеңімпазы Қожа Ахмет Ясауи 
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу үшін ҰБТ-ға қатысып
шекті балды алуы тиіс.
Республикалық «Ясауи» олимпиадасының жеңімпаздары Қожа Ахмет Ясауи 
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі өзі таңдаған мамандыққа 
оқуға жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет