ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен ұсыныстар дайындау. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелерді, креативті ойлар мен авторлық бағдарламаларды зерттеу, талдау және енгізу. Оқу-әдістемелік құралдарын қолдану, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмысы тәжірибесін енгізу. Этнопедагогика және психология, қазақ халқының игілігін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жыл сайын оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізбесіне тәрбиелік және дамытушы сипаттағы оқу әдебиеті кітаптарын, хрестоматиялар мен альманахтарды қосу.
Тәрбие мәселелері бойынша заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, мектепішілік бұқаралық ақпарат құралдары, баспа қызметін ұйымдастыру және т.б. Бұқаралық ақпарат құралдарында салауатты өмір салтын, үздік мұғалімдер, озат білім беру ұйымдары, ең үздік мемлекеттік қызметкерлердің, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбектерін, үлгілі отбасыларды және т.б. насихаттауды ынталандыру механизмдерін дайындау.
Адамның жалпы мәдениетін құраушылардың бірі; дәстүрлі, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды қолданып жеке ақпараттық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру бойынша мақсатты дербес қызметті қамтамасыз ететін ақпараттық дүниетанымның және білім мен білік жүйесінің жиынтығы.
Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары
№
Тәрбие жұмысының атауы
Аяқтау нысаны
жауапты
мерзімі
I. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар