Байланысты: Дене шынықтыру перспект жоспар ортаңғы тобы 2022 2023
Келісілді №79 НОМ КММ жанындағы шағын-орталығының әдіскері Шайкенова А.А. ________________ 2022 ж.
Келісілді Директор №79 НОМ КММ ______________Жазыбеков А.С. «31» тамыз 2022 жыл
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 -2023 дене шынықтырудан ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Айы
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Наурыз
Дене шынықтыру
Спорттық жаттығулар:
Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедті тура, шеңбер бойымен, оңға және солға бұрылып тебу;
Жалпы дамытушы жаттығулар
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар:
қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен);
заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару, басынан жоғары көтеру;
қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артқа апарып шапалақтау;
қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Дене мүшелері мен ағза жүйесін нығайтатын жаттығулармен таныстыру.
Өзінің денсаулық жағдайы туралы ересектерге айту, науқастанған кезде дәрігерге қаралып, емделу қажеттігін білу.