Келісілді №79 НОМ КММ жанындағы шағын-орталығының әдіскері Шайкенова А.А. ________________ 2022 ж.
Келісілді Директор №79 НОМ КММ ______________Жазыбеков А.С. «31» тамыз 2022 жыл
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 -2023 дене шынықтырудан ортаңғы тобына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Жалпы дамытушы жаттығулар.
Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету.
Жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтай қалып, жүрелеп, бұрылып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, төбешікке шығып және төбешіктен түсіп саппен жүру;
Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.
Жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындау;