Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қосымша
|
наурыз-сәуір, 2023
|
наурыз-сәуір, 2023
|
Зерттеу жұмысының 4 бөлімі дайындалды
|
3 семестрдегі оқытылатын пәндер бойынша емтихан қорытындысы:
№
|
3 - ші семестр
|
|
Пәннің коды
|
Пәндер
|
Кредит саны
|
Аудиторсағаттр
|
МӨЖ сағаты
|
Оқытушының аты жөні, тегі
|
Жоғары оқу орнының компоненті (ЖООК)
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
ЖООК бойынша кредит саны
|
|
Таңдау компоненті (ТК)
|
1
|
KTGBMMA 1204
|
Жоғары мектепте қазақ тілін дамыта оқытудың технологиялық болмысы
|
5
|
30/15
|
50/55
|
Тоқтағұл Б.С.
|
2
|
ZhMKTDOT 2205
|
Қазіргі қазақ прозасы
|
5
|
30/15
|
50/55
|
Жакипбеков Б.А.
|
3
|
KKP 2206
|
Әдеби сын және баспасөз
|
5
|
30/15
|
50/55
|
Жакипбеков Б.А.
|
4
|
ASB 2207
|
Әуезов және әлем әдебиеті
|
5
|
30/15
|
50/55
|
Тоқтағұл Б.С.
|
5
|
AAA 2208
|
Қазақ әдебиетінен жаңартылған білім мазмұнын меңгерту әдістемесі
|
5
|
30/15
|
50/55
|
Қалыбеков Б.А.
|
6
|
ҒЗЖ
|
Ғылыми-зерттеу жұмысы
|
5
|
|
|
Омаров Н.К.
|
|
ТК бойынша кредит саны-5
|
|
Жалпы кредиттер саны-30
|
Магистрлік диссертацияның орындалуы
Магистрлік диссертация тақырыбы Тұрлаулы мүшелерді оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі
Жұмыстың өзектілігі:Алайда қазақ тіл білімінде тұрлаулы мүшелер проблемасы толық шешіліп болды деген тумаса керек. Сөйлемнің бас мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан бастап, оның арнайы грамматикалық формаларының мәнін ажыратуда бір ізді пікірдің болмауы соны дәлелдейді. Осы мәселеге қатысты бастауышқа анықтама беруде ғалымдардың бір тобы оның сөйлемдегі ой иесі болатындығына сүйене отырып, өзге мүшелерге тәуелсіз деп таниды. Дұрысында бастауыштың грамматикалық мәні ой иесі болуымен бірге атау тұлғада тұруы, сол арқылы жіктік жалғаулы баяндауышпен жақ жағынан қиыса байланысуынан ашыла түседі.
Ал баяндауышқа алғашқы оқулықтарда берілген анықтамаларда оны тек қимылмен байланысты ғана суреттесе, кейінгі анықтамаларды бастауыштың етістікпен қатар есім сөздерден де жасалатыны ескеріледі. Бірақ баяндауышқа анықтама семантикалық тұрғыда емес, таза грамматикалық тұрғыдан берілгені дұрыс. Өйткені баяндауыш, алдымен, синтаксистік категория, сонымен бірге тілімізде баяндауыш қызметінде жұмсалмайтын сөз жоқ. Ал әр сөз табына енетін сөздердің білдіретін жалпы грамматикалық мағыналары да әр алуан. Сондықтан анықтамада баяндауыш болатын сөздің мағыналық түрлерін түгел қамту мүмкін емес. Ал баяндауыш қай сөз табынан жасалмасын, оларға ортақ белгілі бір грамматикалық белгісі болады. Олар, алдымен, баяндауыштың предикативтілікті білдіруі, екіншіден, сөйлемдегі ойды біршама тиянақтап тұруы. Себебі предикативтілік ұғымы тек грамматикалық бастауыш пен баяндауышты байланыстырумен ғана шектелдмейді, сондай-ақ логикалық субъектпен предикаттық қатынасын да білдіреді. Ал баяндауыштың сөйлемдегі ойды тиянақтау қызметін ешбір сөйлем мүшесі ауыстыра алмайды.
Тұрлаулы мүшелер категориясында нақтылауды қажет ететін проблеманың бірі – бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғалары.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелерге тән грамматикалық белгілер мен олардың арнайы грамматикалық тұлғасын нақтылау. Осыған байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- тұрлаулы мүшелер туралы көзқарастарды жүйелеу;
сөйлем мүшелерінің грамматикалық тұлғаларын топтастыруда қолданылатын ұстанымдарды нақтылау;
семантика-грамматикалық ұстаным бойынша тұрлаулы мүшелерді жіктеу;
аталған жайттарды нақты тілдік фактілермен дәлеледеу
тұрлаулы мүшелердің грамматикалық тұлғаларын айқындау.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сөйлем – адам ойын білдірудің негізгі құралы. Айналадағы нақты өмір құбылыстары негізінен зат және оның қимыл – қозғалыстары мен іс - әрекеттерінен тұратыны мәлім.
Сөйлем жасалуы үшін алдымен сөздер бір – бірімен тіркеседі. Ол тіркестердің тілдік жүйесі, заңдылықтары арқылы іске асады. Жай сөйлем, оны құрайтын тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер, осы қиыса байланысқан сөз тіркестері негізінде жасалады. Сөз тіркестері сөздердің синтаксистік байланысуы деп аталса, жай сөйлем синтаксисінде бұлар предикативті қатынастарға жатқызылады.
Тіл білімінде сөйлем туралы ғылыми ойдың тарихи бастауы көне дәуірдегі логикалық зерттеулерден басталады. Бұл тұжырым бойынша сөйлем – пікірге, бастауыш – субъектіге, баяндауыш – предикатқа негізделді. Сондықтан да тіл туралы зерттеулерде бастауышты субъект, баяндауышты предикат деп қолдану дәстүрі де сақталған. Сөйлемнің негізі болып табылатын предикативтілік осы атаудан пайда болған.
Тұрлаулы мүшелер тек қана зат есім мен етістіктен жасалмайды. Бастауыш зат есім мәніндегі басқа сөз таптарынан, ал баяндауыш өзге де есім сөз таптарынан жасала береді.
Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелерді айтамыз.
Қазақ тілі білімінде болсын, басқа да түкітану саласындағы еңбектерде болсын тұрлаулы мүшелерге негізінен бастауыш пен баяндауышты жатқызатыны белгілі.
Алайда, кейбір еңбектерге көз жүгіртсек тұрлаулы мүшелерге тек бастауыш пен баяндауышты ғана емес, басқа да сөйлем мүшелерін жатқызушылық кездеседі.
Осы тіл білімінің өзінде баяндауышты арнайы сөйлем мүшесі дейді де, ал бастауышты толықтауыштың бір түрі дейді. Кейде тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауышты жатқыза келіп, тіпті, оның аясын кеңейтіп те жібереді. Сондықтан да кейде тұрлаулы мүшелердің құрамына толықтауыштың кейбір түрін, тіпті, пысықтауыштың да кейбір түрін қосып жіберетіні кездеседі. Міне, осы сияқты талас пікірлерді түркітану еңбектерінен де байқауға болады. В.Насилов «Роль сказуемого в уйгурском предложении» деген мақаласында тұрлаулы мүшелерге тек баяндауышты ғана қатысты деп біледі. Автор сөйлемді тиянақтау жағынан келгенде тек баяндауыш қана басты тұлға деп ұғады да, оған ерекше мән береді. Сол сияқты екінші бір көзқарас бойынша тұрлаулы мүшелерге, яғни бастауыш пен баяндауышқа тура толықтауышты да қоса қарайды.Әрине, бұл сияқты тұрлаулы мүшелер туралы әр түрлі пікірлер болғанымен, қазіргі кезде тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауышты жатқызу орынды деп білеміз. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не басқа сапаның субъектісі (иесі) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |