Келісім министрлігінде тіркелген. Куәлік №2988-ж 2008 жылдың 25 наурызы



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,23 Mb.
#7080
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

27.  РҮСТЕМ:  Өнер  сайсы  осылай  болды.  Қазылар  алқасы  қорытынды 
шығарғанша,  өнерлі  студентіміз  Нұрлымова  Ляззттың  орындауында  әсем  әнді 
тыңдай отырайық! 
28. МӨЛДІР: Қазылар алқасын сахна төріне шақырамыз. 
29.  РҮСТЕМ:  Мөлдір,  байқауға  қатысушы  қыздарымызды  бірінші  ортаға 
шақырайық. 
30.МӨЛДІР: Әрине, Рүстем, байқауға қатысып, батылдық танытқан құрбы-
құрдастарымыз бүгінгі сахнаның сәнін, байқаудың мәнін келтірді.  
(Қолдарында гүл дестесі бар жігіттер қыздарды сахнаға алып шығады) 
 
 Назарларыңызға рақмет!  
31.РҮСТЕМ:  Қандай  байқау  не  сайыс  болсын  жеңімпаз  біреу  болады. 
Алайда бүгінгі қазылар алқасы қалай шешті екен, тыңдайық! 
«Тәуелсіздік аруы» атанған студентке Тәж, лента табыстау. 
Номинациялармен марапаттау. 
32.МӨЛДІР:  Рүстем,  осы  кештің  режиссері  де,  продюсері  де  және 
жаңалыққа жаны құмар Ұстазымыз, ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері, «Жыл 
оқытушысы»  номинациясының  жеңімпазы,  «Үздік  оқытушы»  медалінің  иегері, 
қазақ  тілі  оқытушысы  Маржан  Бектұрсынқызының  да  сахнаға  көтерілуін 
сұрайық! 
МУЗЫКА ӘУЕНІ.  
 
 
Сарсенбаева Е. 
 
ИДУ НА УРОК  
 
Вниманию читателей представлена методическая разработка учебного 
занятия. 
 
Presented to the readers methodical development of a training session. 
 
Сабақтың тақырыбы: Жоңғар шапқыншылығы 
Мақсаты: 
а)  білімділігі:  Жоңғар  хандығының  Қазақстан  аумағына  басқыншылық 
жорықтар жасауының басты себептері жайында мағлұмат беру. 
ә) 
дамытушылығы: 
«Ақтабан 
шұбырынды, 
алқакөл 
сұлама» 
жылдарының қазақ халқына төнген қиын-қыстау кезеңдерін оқушыға түсіндіру. 
б) тәрбиелілігі: Ғасырлар бойы найзаның ұшымен, білектің күшімен ата-
бабамыздың  қызғыштай  қорыған  жерімізді,  тәуелсіз  елімізді  аман  сақтау 
борышымыз екенін есте сақтау. 
Көрнекілігі: карта, слайд, тест материалдары. 
Түрі: аралас сабақ 

 
 
84 
Әдісі: түсіндірмелі әдіс, проблемалық сұрақтар қою. 
 
Сабақтың барысы 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 
Сұрақтар қоя отырып, «Кім жылдам?» ойынын ойнату. 
XVIII  ғасырдың  бірінші  ширегіндегі  қазақ  хандығының  ішкі  және 
сыртқы жағдайы. 
1.  Тәуке хан билік еткен жылдар? (1680-1715) 
2.  «Жеті жарғы» заңдар жинағын кім жасаған? (Тәуке хан) 
3.  Тәуке  ханның  тұсында  қазақтардың  үш  жүзінің  ең  таңдаулы  да 
беделді  деген  өкілдері  жыл  сайын  бас  қосып,  аса  маңызды  мәселелерді 
талқылайтын жиын қай жерде өтті? (Оңтүстік Қазақстан, Күлтөбе) 
4.  Қазақ еліне қауіп-қатер төндірген мемлекет (Жоңғар мемлекеті) 
5.  Жоңғар хандығының  қонтайшысы  Цеван-Рабтан  қай жылы  билеуші 
болды? (1697 жыл) 
6.  Жоңғар  әскерлерінің  Қазақстан  аумағына  баса  көктеп  кірген  ең  ірі 
жорықтары қай жылдары болды? (1710 және 1717 ж.ж.) 
7.   Қазақтар  қару  жарақтың  қандай  түрлерін  пайдаланған?  (найза, 
қылыш, садақ, айбалта, гүрзі шоқпар) 
8.  «Алғадай» сөзінің мағынасы (ер жүрек, жас жауынгер) 
9.  Жоңғарлар  деген  кімдер?  (Бұл  атаумен  батыс  монғол  тайпалары 
белгілі  болған. Түркі  тілдес  халықтар  өздері  мен  көршілес  оларды  «қалмақтар» 
деп атаған. 
10.  Жоңғар мемлекеті қай жылы құрылған? (1635 ж.) 
11.  «Құрылтай»  сөзінің  мағынасы  қалай?  (көшпелі  ақсүйектердің  аса 
маңызды мемлекетттік шешімдер қабылдайтын жиналысы) 
12.  Қонтайшы деген кім? (Жоңғар хандығы билеушісінің лауазымы) 
 
ІІІ. Жаңа сабақ 
 Сынып  топтарға  бөлініп,  әр  топқа  тақырыптар  бөлініп  беріледі. 
Тақырыпты оқып түсінуге 10 минут уақыт беріледі. 
  
 Одан соң мұғалім слайдтан тірек сызбалар арқылы толықтырады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
85 
І. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ІІ.  Жоңғарлардың  Қазақстан  аумағында  басқыншылық  соғыс  жүргізуінің 
себептері 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1635 жылы Батыр 
қонтайшы бастаған 
Жоңғар хандығы 
құрылды. 
Жоңғария тұрғындары қазақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халық 
еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Халқының саны 1 
миллионға жуықтайтын. 
Ол Қазақстанның 
оңтүстік шығыс 
жағында еді. 
1640 жылы жоңғарлар 
«Даланың жорығы» деген 
атпен әскери және азаматтық 
заңдар жинағын шығарды 
Жоңғар хандығы 
жауынгерлерінің жалп ысаны 
100м мыңға дейін жететін 
қуатты
 
атты әскері болды. 
Жоңғария өзімен көрші 
мемлекеттердің жерін 
тартып алуды көксеген 
әскерилендірілген мемлекет. 
 Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы 
Зеңбірек жасауды 
қолға түскен Иоганн 
Густав Ренат үйретті. 
Жетісу мен сырдария өңірін басып 
алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей 
мемлекеті мен Сібірмен, Орта Азия 
хандықтарымен де байланыстыратын 
аса маңызды сауда жолдарының 
торабын өз бақылауымызда ұстаймыз. 
Одан әрі Ауғанстанға, Иран мен 
Закавказьеге жол ашылатын
 
болады деп 
үміттенді.
 
Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың 
Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып 
жүрген қолдас тайпалары құба қалмақтарымен 
кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-
қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. 
Жоңғар мемлекеті 
қазақтарды құл етіп 
ұстаудың мол мүмкіндігіне 
ие боламыз деп дәмеленді. 
Жоңғарлардың қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, 
осындай себептері болды. 
Қазақстанды жаулап алсақ 
өз хандығымыздың 
солтүстіктегі шекарасын 
әлдеқайда нығайтамыз, 
бағынған халықтан 
қосымша алым-салық алып 
тұрамыз деп ойлады. 
Басқыншыларды қазақтың 
кең-байтақ даласындағы 
шұрайлы мал жайылымы 
мен Қазақстанның 
оңтүстігі мен оңтүстік 
шығысындағы сауда-
қолөнер орталықтары 
қызықтырды. 
Екіншіден 
Үшіншіден 
Бесіншіден 
Төртіншіден 
Біріншіден  

 
 
86 
ІІІ. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 
Оқушылар  15  минут  тақырыпты  өздері  оқып  шығады.  Мұғалім  сұрақтар 
қою арқылы білімін тексеріп, шыңдай түсуіне ықпал жасайды. 
1.  1723-1727 жылдардың қазақ тарихында алатын орны. 
Оқушы  жауабы:  1723  жылдың  көктемінде  Цеван-Равтан  өз  әскерінің 
қалың  қолын  Қазақстанға  қарай  аттандырды.  Жау  жеті  бағытта  шабуылға 
шықты. Жоңғар шапқыншылығының алғашқы соққысына ұшыраған Жетісу мен 
Ертіс  бойының  қазақтары  болды.  Бұл  кезең  қазақ  тарихында  «Ақтабан 
шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. 
Оқушы  жауабы:  -Оның  қазақ  халқына  тигізген  зардабы  –  қайғы-қасіреті, 
аштығы  мен  қайыршылық  халге  душар  етуі  өте-мөте  ауыр  болды.  Мыңдаған 
адам  қырылды немесе  тұтқын  ретінде  айдалып  кетті.  Жүздеген,  мыңдаған ауыл 
қатты  күйзеліске  ұшырады,  мал-мүлік  талан-таражға  түсті.  Патша  үкіметі  өзіне 
бодан  болған  халықтарды  қорғау  үшін  бірқатар  кешенді  шаралар  қабылдады: 
шекара  күзеті  күшейтілді.  Орал  аймағында  жаңадан  әскери  бекіністер  салу 
шаралары  күшейтілді.  Қазақтардың  едәуір  бөлігі  Орта  Азия  мемлекетінің 
аймағына  қарай  ойысты.  Орта  жүз  руларының  көпшілігі  Самарқанд  қаласына, 
кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшіп кетті. 
Жоңғар 
шабуылының 
өрт-жалыны 
өзбектерді 
де, 
қырғыздарды 
да 
қарақалпақтарды да шарпығанымен ауыр соққы қазақтарға берілді. 
 
IV. Қазақтардың жеңілу себептері 
3 оқушы 
Біріншіден,  қазақ  жүздері  ыдырап,  қазақ  хандығының  басшылығында 
ауызбірлік қалмады.  
Екіншіден,  Жоңғарлар  бұл  шабуылға  өте  тыңғылықты  әрі  мұқият 
әзірленген еді. Оның үстіне, шабуылдың басталатын уақыты қазақ ауылдарының 
бір-біріне алыс, қыстаудан көктеуге көшіп шығар абыр-сабыр кезі болатын. 
Үшіншіден, 1723 жылы қазақтар қатты жұтқа ұшырағанда жорыққа мінетін 
жөні түзу ат жетіспеді. 
Төртіншіден, аймақта қалыптасқан осындай гео саяси жағдайда қалмақтар 
дұрыс  әрі  мұқият  ескере  білді.  Қытаймен  бейбіт  келісім  жасасты.  Аяуда  ғана 
аяқталған орыс-швед соғысынан кейін әлі ес жиып үлгермеген Ресейдің күрделі 
жағдайы да еске алынды.  
Бесіншіден,  шабуылдың  күтпеген  жерден  тұтқиылдан  жасалу  факторы  да 
қазақтарға қолайсыз әсер етті.  
Алтыншыдан,  жоңғарлар  жақсы  қаруланған  болатын,  әрі  соғыс 
қимылдарын қалай жүргізудің мол тәжірибесіне де қанық еді. 
 
IV. Жаңа сабақты бекіту. 
Ашық тест сұрақтары. (Интерактивті тақтада көрсетілген) 
1.  Жоңғар хандығы қашан құрылды? (1635ж.) 
2.  Жоңғарлар 1640 жылы әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды, 
ол қалай аталды? (Далалық жарғы) 
3.  Жоңғарлардың  рухани  бірлігін  қамтамасыз  етуде  кімдер  елеулі  роль 
атқарды? (тибет ламалары) 

 
 
87 
4.  Жоңғарларда білтелі мылтық қашан пайда болды? (ХVIIғасыр аяғында) 
5.  Зеңбірек құюды оларға кім үйретті? (қолға түскен Иоганн Густав Ренат) 
6.  1723-1727  жылдар  қазақ  тарихында  қандай  атпен  белгілі?  (Ақтабан 
шұбырынды, Алқакөл сұлама) 
7.  Қазақтар  басынан  кешірген  сол  бір  орасан  ауыр  қайғы-қасіреттің 
символы «Елім-ай» атты жыр болды. Оның авторы кім? (Оның мәтіні мен әуенін 
ақын әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған) 
8.  Жоңғар  шапқыншылығының  қазақ  халқына  тигізген  қиыншылықтары 
жайында кімнің дерегінде келтірілген? (Шәкәрім Құдайбердіұлының) 
 
V. Қорытынды  
Мұғалім  сөзі:  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұламаның»  қазақ  қоғамына 
тигізген зардабы орасан зор болды. Ең ауыр азапты қайғы-қасірет туған-туыстар 
мен  жақын  жандардың  қазасы  болды.  Халық  ашаршылыққа  душар  болды.  Тірі 
қалғандар  басқыншыларға  шектен  тыс  ауыр  салық  төлеп  тұрған  Қазақ 
хандығының халқы елдің әр түрлі алыс аймақтарына тіпті шекаралас жатқан шет 
мемлекеттерге де тарап, босып кетті. Қазақтардың Орал казактарымен де Батыс 
Сібірдегі  орыстармен  де  өзара  қарым-қатынастарын  шиеленістіріп  жіберді. 
Міне,  бұның  бәрі  әбден  әлсіреп,  қожыраған  қазақ  хандығын  Ресей 
империясының оңай олжа ретінде отарлап алуымен аяқталды. 
 
VI. Үйге тапсырма: 
  Қазақ-жоңғар  соғысы  кезінде  ерлік  көрсеткен  батырлар  туралы  айтып 
беріңдер. 
  Берілген  термин  сөздердің  мағынасын  дәптерге  жазып  келу:  жұт,  лама, 
жоңғар, құрылтай, сеператизм, қонтайшы.  
 
 
Сатпаева В.К.  
  
ПРИЕМЫ И МЕТОДЫ ПРОВЕРКИ ЗНАНИЙ И УМЕНИЙ  
НА УРОКАХ ИСТОРИИ 
 
Тәжіберибелік  жоспарлау  педагогиқалық  әдіс-тәсілдерді  жүзеге 
арттыру 
арқылы 
оқушылардың 
қызығушылықтарын 
дамытады: 
материалдарды  анализ  жасау  дағдыларын  қалыптастыру  ақпаратты 
интеграл  мен  синтез  арқылы  қолдану,мәселелерді  қойып  шешу,білім  сапасын 
жоғары деңгейге көтеру. 
 
Working  out  using  in  practice  new  forms  and  methods  Of  pedaqoqical 
techniguis stimulates students interest: 
to  the  subject,develops  theirability  to  analyse  the  material,to  integrate  and  syntheze 
information,to solve problems and to perfect the guality of educftion. 
 
Проверка  и  оценка  знаний,  умений  и  навыков  учащихся  является 
важным  структурным  компонентом  процесса  обучения  и  в  соответствии  с 

 
 
88 
принципами  систематичности,  последовательности  и  прочности  обучения 
должна 
осуществляться 
в 
течении 
всего 
периода 
обучения. 
Этим 
обусловливаются  различные  виды  проверки  и  оценки  знаний.  На  мой  взгляд, 
основными из них являются: 
а)  текущая  проверка  и  оценка  знаний, проводимая  в  ходе  повседневных 
учебных занятий; 
б)  четвертная  проверка  и  оценка  знаний,  которая  проводится  в  конце 
каждой учебной четверти; 
в) годовая оценка знаний, т.е оценка успеваемости за год; 
г) выпускные экзамены, результаты ПГК 
е) результаты ЕНТ 
При проверке и оценке качества успеваемости необходимо выявлять, как 
решаются  основные  задачи  обучения,  т.е  в  какой  мере  учащиеся  овладевают 
знаниями,  умениями  и  навыками,  мировоззренческими  и  нравственно-
эстетическими  идеями,  а  также  способами  творческой  деятельности. 
Существенное значение имеет также то, как относится тот или иной учащийся к 
обучению,  работает  ли  он  с  необходимым  напряжением  постоянно  или  же 
рывками  и  т.д.  Все  это  обусловливает  необходимость  применения  всей 
совокупности методов проверки и оценки знаний, которые названы выше. 
 Какова же сущность и дидактические основы использования каждого из 
методов? 
Повседневное наблюдение  за  учебной  работой  учащихся.  Этот метод 
позволяет составить представление о том, как ведут себя учащиеся на занятиях, 
как они воспринимают и осмысливают изучаемый материал, какая у них память, 
в  какой  мере  они  проявляют  сообразительность  и  самостоятельность  при 
выработке  практических  умений  и  навыков,  каковы  их  учебные  способности. 
Если  по  всем  этим  вопросам  у  учителя  накапливается  достаточное  количество 
наблюдений,  это  позволяет  ему  более  объективно  подходить  к  проверке  и 
оценке  знаний  учащихся,  а  также  своевременно  принимать  необходимые  меры 
для предупреждения неуспеваемости. 
Устный опрос - индивидуальный, фронтальный, уплотненный. Этот 
метод  является  наиболее  распространенным  при  проверке  и  оценке  знаний. 
Сущность  этого  метода  заключается  в  том,  что  учитель  задает  учащимся 
вопросы  по  содержанию  изученного  материала  и  побуждает  их  к  ответам, 
выявляя, таким образом, качество и полноту его усвоения. Будучи эффективным 
и  самым  распространенным  методом  проверки  и  оценки  знаний  учащихся, 
устный  опрос  имеет,  на  мой  взгляд,  свои  недочеты.  С  его  помощью  на  уроке 
можно  проверить  знания  не  более  3-4  учащихся.Поэтому  на  практике 
применяются различные модификации этого метода и, в частности, я использую 
фронтальный и уплотненный опрос. 
Сущность фронтального опроса состоит в том, что учитель расчленяет 
изучаемый  материал  на  сравнительно  мелкие  части  с  тем,  чтобы  таким  путем 
проверить  знания  большего  числа  учащихся.  При таком  опросе  не  всегда  легко 
выставлять  учащимся  оценки,  т.к  ответ  на  1-2  мелких  вопроса  не  дает 
возможности  определить  ни  объема,  ни  глубины  усвоения  пройденного 
материала. 

 
 
89 
Сущность  уплотненного  опроса  заключается  в  том  что  учитель 
вызывает  одного  ученика  для  устного  ответа,  а  4-5  учащимся  предлагает  дать 
письменные  ответы  на  вопросы,  подготовленные  заранее  на  отдельных  листках 
(карточках).  Уплотненным  этот  опрос  называется  потому,  что  учитель  вместо 
выслушивания  устных  ответов  проверяет  письменные  ответы  учащихся  и 
выставляет  им  оценки,  несколько  «уплотняя»,  т.е  экономя  время  на  проверку 
знаний,  умений  и  навыков.  Приведу  примеры  некоторых  приемов,  которые  я 
наиболее часто использую на уроках истории при проверке домашнего задания, 
чтобы учащимся было интересно.  
Прием «Особое задание». В классах есть ребята, которым нужно уделять 
особое  внимание  (высокая  мотивация  к  предмету).  Раз  особое  внимание,  то  и 
особое задание. 
Прием  «Игра  в  знатоков».  Выполняется  в  особой  тетради,  вопросы 
включают в себя тренировочные и творческие задачи повышенной трудности. 
Прием  «Лови  ошибку».  Спрашивая  домашний  материал,  учитель 
намеренно допускает ошибки (ученики заранее предупреждаются об этом).  
Прием  «Да-Нетка».  Учит  связывать  разрозненные  факты  в  единую 
картину;  систематизировать  уже  имеющую  информацию;  слушать  и  слышать 
соучастников.  Подобные  «Да-Нетки»  на  отгадывание  истрического  деятеля, 
литературного  героя,  ученого.  Загадать  можно  не  только  персонаж, но  и  любой 
объект, слово. 
 
Прием  «Опрос  по  цепочке».  Применим  в  случае,  когда  предполагается 
развернутый,  логический  связный  ответ.  Рассказ  одного  ученика  прерывается  в 
любом  месте  и  передается  жестом  учителя  другому  ученику.  И  так  несколько 
раз до завершения ответа. 
 
Прием  «Перепутанные  логические  цепочки».  Учитель  предлагает  ряд 
утверждений,  среди  которых  есть  верные,  а  есть  и  неверные.  Ребята  работают 
индивидуально, отмечая перепутанные цепочки. 
 
Прием  «Толстый  и  тонкий  вопрос».  «Толстый»  вопрос  предполагает 
развернутый, 
обстоятельный 
ответ. 
«Тонкий» 
вопрос 
предполагает 
однозначный, фактический ответ. 
 
Прием  «Вопросы  к  тексту».  Перед  изучением  учебного  текста  ребятам 
ставится  задача:  составить  к  нему  список  вопросов.  Примеры  вопросов 
предлагаются. 
Прием  «Своя  опора».  Ученик  составляет  собственный  опорный 
конспект по новому материалу. Этот прием актуален при подготовке к экзамену. 
Системное  использование  приемов  педагогической  техники  на  уроках 
истории как основы эффективного усвоения знаний и умений по предмету дало 
свои результаты: 
 
Уроки  способствуют  яркому  эмоциональному  восприятию 
учебного материала. 
 
Развивают творческие способности учеников и учителей. 
 
Формируют 
внимание 
и 
стремление 
к 
самостоятельной 
деятельности. 
 
Вызывают интерес к предмету. 
 
Улучшают качество знаний. 

 
 
90 
Таким  образом,  представленная  система  работы  позволяет  повысить 
эффективность 
обучения, 
выработать 
у 
учащихся 
сознательное, 
заинтересованное  отношение  к  учебе,  научить  их  рассматривать  исторический 
процесс в причинно-следственной связи. 
 
  
 Смаилханова А.К.  
  
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ  
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 
 
Эта статья посвящена развитию творческих способностей учащихся. 
 
This report is about ways of develjping students” creative abilities. 
 
Су түбінде асыл тас, 
Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде асыл сөз, 
Шер толқытса шығады. 
Асан Қайғы.  
 
Бүгінгі  күні  мемлекетіміздің  өркениетке  жету  жолындағы  өр  талабына 
тұғыр  боларлықтай  ұрпақ  оқыту,  тәрбиелеу  ісін  жаңа  сапалық  өзгерістер 
деңгейіне  көтеруді  талап  етіп  отыр.  Мектеп  құрылымында  болып  жатқан 
өзгерістер,  білім 
беру  мақсаттарының  алмасуы,  оның  дамытушылық 
сипаттарының  бекітілуі,  көпнұсқалық  оқытуға  көшу  сияқты  мәселелер 
орындаушылардан  шығармашылық  бастамалық,  жұмыстың  жоғары  сапасын 
және кәсібилікті талап етеді. 
Шығармашылық —  бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға 
ұмтылуы,  ізденуі.  Өмірде  дұрыс  жол  табу  үшін  адам  дұрыс  ой  түйіп,  өздігінен 
сапалы,  дәлелді  шешімдер  қабылдай  білуге  үйренуі  қажет.  Адам  бойындағы 
қабілеттерін  дамытып,  олардың  өшуіне  жол  бермеу,  оның  рухани  күшін 
нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес 
жаратушы да.Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін 
ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар 
әрбір 
азаматтың 
жеке 
басының 
қасиеттерін, 
қабілеттерін 
дамытып, 
шығармашылығын,  талантын  ұштайтындай  болып  ұйымдастырылуы  қажет. 
Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс  енгізе  алатын, өз бетінше өмір сүру 
жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. 
Баланы  бастауыш  сыныптардан  бастап  шығармашылық  ойлауға, 
қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға 
әкелудің  жолдарын  көрсету  керек.  Шығармашылық —  бүкіл  тірішіліктің  көзі. 
Адам  баласының  сөйлей  бастаған  кезінен  бастап,  бүгінгі  күнге  дейін  жеткен 
жетістіктері  шығармашылықтың  нәтижесі.  Бұған  бүкілхалықтық,  жалпы  және 
жеке  адамның  шығармашылығы  арқылы  келдік.  Әр  жаңа  ұрпақ  өзіне  дейінгі 
ұрпақтың  қол  жеткен  жетістіктерін  меңгеріп  қана  қоймай,  өз  іс-әрекетінде  сол 

 
 
91 
жетістіктерді  жаңа  жағдайға  бейімдей,  жетілдіре  отырып,  барлық  салада 
таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. 
Ал  бүгінгі  күрделі  әлеуметтік-экономикалық  жаңарулар  тұсында 
шығармашылық  қабілеттер  басты  нысана  болып,  керісінше,  оқушыда 
шығармашылық  қабілеттің  болмауы  үлкен  проблема  саналып,  ойландыруы 
тиісті  деп  ойлаймыз.  Себебі  өмірдегі  сан  алуан  қиыншылықтарды  шешу  тек 
шығармашыл  адамдар  ғана  қолынан  келеді.  Тек  шығармашылық  қана  қандай 
түрде,  қандай  деңгейде  болмасын  адамға  өмірдің  мәнін  түсінуге,  бақытын 
сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру 
ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше. 
Баланың 
шығармашылық 
қабілеттерін 
дамытудың 
жолдарын, 
құралдарын  анықтау  психология  мен  педагогика  ғылымдарында  өте  ертеден 
зерттеліп  келеді.  Шығармашылық  әлемдік  мәдениеттің  барлық  дәуіріндегі 
ойшылдардың  назарында  болғандығын  «шығармашылық  теориясын»  жасауға 
деген  көптеген  ізденістердің  болғандығынан  байқауға  болады.  Бұл  әрекеттер 
өзінің 
логикалық 
шегіне 
жеткен 
деп 
айтуға 
болмайды. 
Сондықтан 
шығармашылық  педагогикасының  негізгі  мақсаты —  бүгінгі  күн  талаптарынан 
туындаған,  озық  қоғамға  лайықты  жаңа  сана,  рухани  сапа  қалыптастыру  және 
дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. 
Баланың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  мәселесін  талдау  ең  алдымен 
«қабілет»  ұғымының  мәнін  терең  түсініп  алуды  қажет  етеді.  Философияда 
«қабілеттерді»  тұлғаның  белгілі  бір  әрекеті  орындауға  жағдай  жасайтын  жеке 
еркешеліктері  дей  келе,  олар  қоғамдық —тарихи  іс-әрекеттердің  нәтижесінде 
қалыптасып,  әрі  қарай  дамып  отыратындығын атап  көрсеткен.Демек,  бастауыш 
сынып  оқушыларының  тұлғалылығын  тәрбиелеу  үшін,  ең  алдымен  олардың 
қабілеттерін  дамытудың  мәні  зор.  Қабілеттер  мәселесін  қорытындылай  келе, 
педагогикалық  практика  үшін  мәні  ерекше  мына  жағдайларға айрықша  тоқталу 
жөн. Бірінші — адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. 
Қабілеттердің  бірдей  емес 
екендігін  сыныпта  отырған  оқушылардың 
әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге 
болады.  Бірі  есепке  жүйрік  болса,  екіншісі  тілге  бай,  ал  енді  біреулері  сурет 
салғанды  тәуір  көреді.  Олардың  қабілеттерінің  құрлымы  да,  оны  құрайтын 
компоненттер  де  әр  түрлі  болады.  Мәселен:  математикалық  қабілеті  басым 
балаларда  ойлау  операциялары  тез,  дәл  болады  да,  бейнелеу  өнеріне  қабілетті 
балаларда  нақты  заттардың  бөліктерінің  арақатынасын  жылдам  анықтай  білу 
сияқты  белгілер  басым  болады.  Музыкаға  қабілетті  бала  есту,  ритмді  түсіну, 
сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді. 
Екінші —  адамдар  бойында  қабілеттің  бір  түрі  ғана  бола  ма,  әлде  әр 
түрлі  қабілеттің  белгілері  бола  ма  деген  сауал  төңірегіндегі  пікірлер  жайлы. 
Ғалымдар  керісінше  көзқарастардың  бар  екендігіне  қарамастан,  адам  бойында 
әрекеттің  бірнеше  түрін  оындай  алу  мүмкіндіктерін  бар  екендігін  дәлелдейді. 
Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар. 
Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, 
білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба 
білу  үшін,  дұрыс  ой  түйіп,  өздігінен  саналы  шешім  қабылдай  білуге  үйренуі 
қажет.  Осы  мәселені  шешу  үшін  оқыту  мазмұнында  әдіс-тәсілдердің  де  озығын 

 
 
92 
пайдалану  керек  деп  ойлаймыз.  Өз  іс-тәжірибемізде  дамыта  оқыту  және  сын 
тұрғысынан  ойлау  арқылы  төменгі  сынып  оқушыларының  танымдық 
қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлеміз. 
Шығармашылық  іс-әрекеттер  алға  қойған  проблемамен  бетпе-бет  келген. 
Оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  жұмыстарын  әдебиеттік 
оқу сабағында қалай іске асыратыныма тоқталып өтейін. 
Оқушыларды 
шығармашылық 
жұмысқа 
баулып, 
олардың 
белсенділіктерін,  қызығушылықтарын,  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруда 
түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз: 
1.  Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. 
2.  Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау. 
3.  Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу. 
4.  Мәтін бойынша мақал құрастыру. 
5.  Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ 
құрастырту. 
6.  Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу. 
7.  Шығарма,  мәтін,  ертегі  құрастыру.  (тақырып  бойынша,  жоспар 
бойынша, тірек сөздер арқылы) 
8.  Өлең, мақалдар құрастыру. 
9.  Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу. 
10. Кейіпкерге мінездеме беру. 
11. Шығарма  бойынша  сурет  салғызу,  ауызша  суреттеу,  қиялдау  арқылы 
суреттеу,мүсіндеу. 
12. Рөлге бөліп оқыту. 
13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды 
шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус) 
14. Диалог-ертегі. 
15. Образға кіру. 
Осы  сияқты  жұмыс  түрлерін  жүргіземіз.  Енді  осы  шығармашылық 
тапсырмалардың  кейбіреуіне  тоқтала  кетейік.  Олар:  образға  кіру,  талдау  және 
қиялдау, суырыпсалма ақын, диалог-ертегі, жұмбақ-мақалдар құрастыру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет