2.4 Кәсіпорын/мекеменің құқықтары:
2.4.1 Жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес бағдарлама әзірлеуге қатысу;
2.4.2 Кәсіпорынның/мекеменің қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсыну;
2.4.3 Білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысу;
2.4.4 Білім алушылардың Жоспарды орындауына бақылау жасау;
2.4.5 Білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрату.
2.5. Білім алушының міндеттері:
Кәсіпорын/мекеме қызметкерлері үшін міндетті Практикадан өту орнында еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын және өндірістік тәртіпті сақтау;
Кәсіпорынның/мекеменің жабдықтарына, құралдарына, құжаттамаларына және басқа да мүлкіне ұқыпты қарау;
Жоспарды қатаң сақтау және орындау;
Кәсіптік практикадан өту күнделігін жүргізу, Практика бағдарламасын меңгеру үшін жеке тапсырмаларды уақтылы орындау;
Практикадан өту үшін кәсіпорынға/мекемеге уақтылы келу;
Ауырған жағдайда және сабақтарда болмауының өзге де дәлелді себептері болған жағдайда кафедра меңгерушісіне және кәсіпорынның/мекеменің жетекшісіне растайтын құжаттарды (медициналық анықтамалар, күн тәртібі, түсініктемелер және т. б.) ұсыну;
Практикадан өту процесінде және ол аяқталғаннан кейін кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеу.
Достарыңызбен бөлісу: |