Кәмелетке толмағандар арасында


Балалар мен жасӛспірімдердің психологиялық ерекшеліктері



бет4/52
Дата15.11.2023
өлшемі0,53 Mb.
#123667
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52

Балалар мен жасӛспірімдердің психологиялық ерекшеліктері


Құқықтық тәрбие беру орта және жоғары сынып оқушылары үшін ӛте маңызды. Жасӛспірімдік кезең – бұл құқықтық тәрбиеге қалыптастырудың ең қолайлы кезеңі. Осы жастағы оқушылар құқық, еркіндік жӛніндегі ақпараттарды және заңды толық түсіне алады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты- мемлекеттің заңын құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу. Құқықтық тәрбиенің бастамасы оқушыларға терминдер мен ұғымдарды түсіндіру. Терминдік түсініктерді еркін меңгеру арқылы оқушы жауапкершілікті сезініп, іс - әрекеттің құқықтық жағын саралайтын болады.
Жасӛспірімдік кезең – есею, жетілу, мүмкіншілік кезеңі. Бұл кезеңде ӛзгерістер, әсіресе ӛзара қарым – қатынастағы ӛзгерістер жедел түрде болады.

  1. жас- балалардың алтын уақыты, бұл жастағы балалар ӛмірді жеңіл қабылдайды, сенгіш, ата- аналарына бірдей қарайды, ӛз түр – тұлғасына аса кӛп мән бермейді.

  2. жастағы балаларда ағзаның қалыптасу кезеңі басталады, бала импульсивті болады, қарсылық әрекеттері байқалады, кӛңіл – күйі жиі ауысып тұрады, қатарлас балалармен келіспеушіліктер, ата –аналарына қарсы шығу байқалады.

  3. жаста балалардың ӛмірге деген кӛзқарасы жақсарады, олай болмаған жағдайда тәртібі нашарлайды, отбасында ӛзін – ӛзі билеуі артады, достарының әсері кӛп болады. Жасӛспірім ӛзіне түр – тұлғасына мән бере бастайды. Ұлдардың немесе қыздардың мәселеріне қызығушылық таныта

бастайды. (Еркіндік іздейді, қатарластарымен және қыздар ұлдармен, ал ұлдар қыздармен қарым – қатынасты іздейді)

  1. жаста ішкі ойлары пайда бола бастайды, ӛзінен мін іздеу, сынау пайда болып, сынға келгенде сезімтал болады, психологияға қызыға бастайды, ата – аналарына сыни кӛзқараспен қарайды, араласатын достарын да таңдайды (Жалғыздық тақырыбы, ішкі келіспеушіліктер, ата – аналарымен келіспеушіліктер, ӛзін басқалардан бӛлек сезіну, жаңа ортада ӛзін жайсыз сезінуі).

  2. жаста – интроверсия экстраверсияға ауысады, жасӛспірім экспансивті болады, адамдармен жақсы қарым – қатынаста болуға ұмтылады, кӛпшіл болады, ӛзіне деген сенімділігі, адамдарға деген қызығушылығы артады, олардың әр түрлілігі қызықтырады. (Барлығына сыйластықпен қарайды, ӛзіне де, ӛзгеге де сыйластықпен қарауға талпынады)

  3. жас- жаңа жоғары даму кезеңі:

- еркіндік сезімінің жоғарылауымен байланысты отбасында, мектепте жасӛспірімнің күйгелектігі байқалады. Ең жағымдысы, ӛз еркімен жүруге талпыныс ӛзін-ӛзі басқарумен үндеседі және жасӛспірімнің ӛзін – ӛзі тәрбиелеу санасының оянуы басты болып табылады. Бұл жасӛспірімнің зиянды әсерлерге тез бейімделіп кету сезімталдығының күшеюіне, жаман әдеттерге үйір болуына алып келеді. Топтық қажеттілік пен топтық идентификасия мӛлшері артады (ең үлкен мәселелер: еркіндік іздеу, ата- аналарымен келіспеушіліктер, ӛзін іздеу, жалғыздық, жаман әдеттердің әсері, сәнге айналған дәстүрлі емес топтарға қатысу).
Жоғары сыныптағы жасӛспірімдердің ар – намыс сезімдері алда тұрады, парыз, серіктестік, ғашықтық сезімдерге бой алу басым болады. Жасӛспірімдер бір – біріне жоғары моральдік талаптар қояды. Бір-бірімен дос болуда сабақты жақсы оқу қасиеттері аса маңызды болмайды, тек адамгершілік қасиеттеріне кӛп мән береді: жолдастарын батылдығы, ерлігі, қиын сәттерде кӛмек кӛрсету т.б қасиеттеріне қарап бағалайды. Достық қарым-қатынас орнату қажеттілігі тән болады, яғни, достарымен әңгімелескенді ұнатады, достықты жоғары бағалайды және келіспеушіліктер болса соған қатты алаңдайды.
Жасӛспірім жеке тұлға болып толық қалыптаспағандықтан және әлі қоғамдық ортада ӛз орнын таппағандықтан, осы кезеңде оқушыларға отбасы тарапынан, мектептен, қоғамнан әлеуметтік бақылауды күшейту керек. Ӛйткені, жасӛспірімге ата – аналардың ықпалынан гӛрі араласатын ортасының, топтардың ықпалы басымырақ болады және бұл- жасӛспірімдерде қоғамға қарсы жат әрекеттерге бейім болу қылықтарының кӛбеюіне бірден-бір себеп болушы фактор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет