Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мӛлшерде жасалған, бӛтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу, – бір жүз айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға не сол мӛлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру – бес жүз айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға не сол мӛлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға
жазаланады.
бап. Ҧрлық
1. Ұрлық, яғни бӛтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға не сол мӛлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
бап. Алаяқтық
1. Алаяқтық, яғни бӛтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бӛтен мүлiкке құқықты иемдену – мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға не сол мӛлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
бап. Тонау
1. Тонау, яғни бӛтеннің мүлкін ашық жымқыру –мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға не сол мӛлшерде түзеу жұмыстарына не тӛрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
194-бап. Қорқытып алу
1. Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бӛтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін тӛндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн ӛзге де мәлiметтердi тарату қатерін тӛндіріп бӛтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, тӛрт мың айлық есептiк кӛрсеткiшке дейiнгi мӛлшерде айыппұл салуға не сол мӛлшерде түзеу жұмыстарына не тӛрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.