80-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
Осы бӛлімнің күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытқа қарай жасы он тӛртке толған, бiрақ он сегiзге толмаған адамдар танылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкiн не оларға тәрбиелiк ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
81-бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза тҥрлерi
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:
белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынанайыру;
Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.
Айыппұл кәмелетке толмаған сотталған адамның дербес табысы немесе ӛндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл айлық есептiк кӛрсеткiштің оннан екі жүз елуге дейiнгi мӛлшерінде тағайындалады.
Түзеу жұмыстары дербес табысы немесе ӛзге тұрақты кірісі бар кәмелетке толмағандарға айлық есептік кӛрсеткіштің оннан екі жүз елуге дейінгі мӛлшерінде тағайындалады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан бір жүз елу сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмыстарды орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың бұл жаза түрiн орындау ұзақтығы – күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу – екi жылға дейiнгi мерзiмге, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның ӛтелмеген бӛлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру жағдайында жазаның қалған ӛтелмеген бӛлігінің бүкіл мерзіміне тағайындалады.
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру – он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде адам ӛлтiргенi немесе терроризм актісі үшiн не қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiреуi ауырлататын мән-жайлар кезінде адам ӛлтiру немесе терроризм болып табылатын олардың жиынтығы бойынша он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Онша ауыр емес қылмыс немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
Кәмелетке толмаған сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған еркек жынысты кәмелетке
толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар – жалпы режимдегi тәрбиелеу колонияларында;
бұрын бас бостандығынан айыруды ӛтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар – күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларында ӛтейдi.
Іс-әрекеттің сипатына және қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне, кiнәлi адамның жеке басына және істің ӛзге де мән-жайларына қарай сот қабылданған шешiмнiң уәждерін кӛрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмаған сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегi тәрбиелеу колониясында ӛтеуiн тағайындауы мүмкiн.
Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмаған сотталған адаммен қарым-қатынас кезiнде оның жеке басының белгiлi бiр ерекшелiктерiн ескеру туралы нұсқау беруi мүмкiн.