Кен байыту әдістері, процестері және операциялары



Дата03.10.2024
өлшемі19,84 Kb.
#146737
түріҚұрамы
Байланысты:
лекция3 (1)


Кен байыту әдістері, процестері және операциялары

Минералдарды бір-бірінен бөлу олардың әр түрлі қасиеттерінің арасындағы айырмашылықтарьша негізделген. Минералдардың барлық қасиеттері екі топқа бөлінеді: физикалық және физика-химиялық қасиеттер. Физикалық қасиеттерге жататындар: тығыздық, магниттелуі, ток еткізгіштік, түс, жылтырлық, радиоактивтілік, үйкеліс күші жэне т.б. Физикалық-химиялық қасиеттер минерал құрамына кіретін әртүрлі элементердің байланыс түріне және кристалды тордың структурасына байланысты езгеріп отырады. Соның нәтижесінде минерал бетінің сумен әрекеттесуі әртүрлі дәрежеде болады. Минералды бөлуде олардың бетінің сулану қасиеті кең түрде пайдаланылады. Аталған қасиеттерге сай дамыған байыту әдістері мынандай топтарға бөлінеді: гравитациялық, флотацшільщ, магнитті, электірлі, қолмен сұрыптау, механикалық сұрыптау және радиоактивті сұрыптау әдістері.


Гравитациялық байыту әдісі минералдың тығыздықтарының арасындағы айырмашылыққа негізделген. Мысалы, тығыздықтары әртүрлі, бірақ көлемдері бірдей екі минерал түйіршіктерінің суда бату не ауада құлау жылдамдықтары тең болмауы нәтижесінде олардың қозғалыс траекториялары өзгереді де, әртүрлі бағытта жылжып бөлінеді. Гравитациялық әдіс ірі сеппелі кен байытуда жиі қолданылады. Бұл әдіс жабайы түрде көне замандардан бері қолданып келе жатқан әдіс.
Флотация әдісі минерал түйіршік беттерінің сулануының әртүрлілігіне негізделген. Егер беті нашар суланатын минерал түйіршігі су ішінде ауа көпіршігімен соқтығысса ол оған жабысады да, су бетіне қалқьп шығады, ал жақсы суланатын түйіршіктер ауа көпіршігіне жабыспайды да, су ішінде қалып қояды.Флотация әдісінің басқа әдістермен салыстырғанда ерекшелігі сол, майда сеппелі не өте майда сеппелі кендер тек осы әдіспен байытылады. Мысалы, түсті металдар кендері тек майда сеппелі болып кездеседі. Олай болса бұл кендерді байытуда флотация әдісінің маңызы зор. Бұл әдіспен басқада көптеген кендердің майда сеппелі түрлері байытылады. Минералдардың сулануындағы табиғи айырмашылық оларды толық бөлуге әдетте жетіспейді. Сондықтан айырмашылық дәрежесін арттыру үшін көптеген химиялық заттар қолданылады. Олар флотореагенттер деп аталады.
Магнитті байыту әдісі құрамында магнитті қасиеті бар кендерді байытуға қолданылады. Мұндай кендерге темір, марганец және тағы басқа кейбір кен түрлері жатады. Минерал түйіршіктері (не кесектері) арнаулы аспапта магнит өрісінен өтеді. Магнитті минерал магнитті полюске тартылады да, ал магнитсіз түйршіктер қозғалыс бағытын өзгертпейді. Сөйтіп олардың жолы айырылады.
Электрлі байыту әдісі минералдардың ток өткізу қасиеттеріне негізделген. Электр өрісінде ток өткізгіштігіне және бет зарядына қарай минералдар әртүрлі бағытта қозғалып бөлінеді. Минералдардың түрлеріне және жылтырлығына негізделген әдістерді қолмен және механикалық сұрыптау әдістері деп атайды.
Радиометриялық сұрыптау минералдардың радиоактивті қасиеттерінің ара айырмашылығына негізделген. Үйкеліс күшке негізделген байытуда минералдардың жазық бет үстінде қозғалғанда үйкеліс коэффиценттері айырмашылықтары пайдаланылады.
Химиялық және бактериялды байыту минералдардың қышқыл ортаға және бактериялар көмегімен еру қасиеттерінің ара айырмашылығына неғізделген. Көптеген кен түрлерін байытуда тек бір ғана байыту әдісі емес, екі кейде тіпті үш байыту әдістері қатар қолданылады. Тек сонда ғана кен құрамынан бағалы заттар толығырақ бөлініп алынады. Кейбір байыту әдістерін жүргізгенде әртүрлі аппараттар қолданылады. Оларда байыту әдісінің негізі сақталғанмен минералдардың бөлінуі әртүрлі жағдайда жүргізіледі. Демек, бір байыту әдісі әртүрлі процестер арқылы іске асады. Мысалы, гравитациялық әдіспен байытқанда отсадка әдісі, жинағыш столда байыту, шлюзде байыту, ауыр ортада байыту, винтті бөлгіште байыту процестері қолданылады.
Байыту процестерін жүргізгенде бірден дайын концентрат және қалдық алу қиын. Процесс бірінші кезеңінен өткенде кеннен сапасы қойылған талапқа жеткіліксіз концентрат алынады. Оның сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін бірнеше рет тазалау керек. Демек, ақырғы өнімдер (концентрат, қалдық) тек бірнеше операциялардан өткенде ғана алынады. Яғни, байыту әдісі әртүрлі процестер арқылы жүргізілуі мүмкін, ал процес бірнеше операция-
дан тұрады. Мысалы, флотация әдісін қолданғанда кен алдымен негізгі флотация операциясынан өтеді. Одан алынған сапасыз концентрат тазалау операцияларынан өтуі қажет. Кен байытудың қандай болсада әдістерін не процестерін қолданғанда минералдарды бір-бірінен бөліп алу тек алдын ала бір шарт орындалса ғана іске асады: кен құрамындағы минералдар өзара ажыратылатын күйде болулары керек. Ол үшін кен кесектері ұсатылады және ұнтақталады. Қандай ұсақтық не ұнтақтыққа жеткізу керек екендігі кен кесегіндегі бағалы минералдардың түйіршіктерінің ірілі-ұсақтық мөлшеріне байланысты. Мысалы, кейде байыту алдында кенді 1-10 миллиметрғе дейін ұсақтау жетсе, кейде 0,1-0,2 миллиметрғе дейін ұнтақтау керек. Мұндай кендерге ұсақ (майда) сеппелі кендер жатады. ¥сақтау және ұнтақтау процестерін қолданғанда олармен бірге көмекші процестер ретінде елеу жэне
сұрыптау (классификациялау) қолданылады. Осы аты аталған процестер жалпы дайындау процестері деп аталады. Дайындау процестерінен кейін басталатын байыту процестері негізінде су ішінде жүргізіледі. Қолданылған
өнімдермен бірге шығады. Сондықтан суды ол өнімдерден бөліп алу қажет. Ол үшін дренаж, қойылдыру, сүзу жэне құрғату процестері қолданылады. Олардың барлығы сусыздандыру не болмаса көмекші процестер деп атайды. Сусыздандыру үшін қай процесті қолдану керектігі су ішіндегі қатты зат түйіршіктерінің ірілік-ұсақтығына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет