Мұнайды жинау және тасымалдау. Жоғары қысым жағдайындағы жерастындағы мұнай құрамында газдар еріген. Мұнайды жер бетіне шығарған кезде қысым төмендейді де нәтижесінде құрамындағы еріген газдар бөлініп шығады. Бөлінген газды ұстап қалу маңызды. Мұнайды жинау мен тасымалдаудың бірнеше кәсіби әдістері бар. Бұл әдістерде мұнай мен газ әрқилы жолмен бөлініп, тасымалданады.
Бұрғылау ерітінділері. Мұнай өндіру барысында бұрғылау ерітінділері пайдаланылады. Бұрғылау ерітінділері бірнеше маңызды функцияларды атқарады.
Мысалы, бұрғылау барысында мұнайдың атқылап шығуын болдырмау. Бұрғылау ерітінділерінің қысымы жерасты қысымының шамасынан басым болуы тиіс. Бұрғылау ерітінділері ұңғы қабырғасын құрайтын жынысқа әрқилы әсер етуі мүмкін. Егерде ұңғы қабырғасын құрайтын жыныс құрамында тұз болса онда сулы бұрғылау ерітіндісі ол тұзды ерітеді де, ұңғы қабырғасын жартылай жуады. Бұл жағдайда мұнай негі-зінде даярланған бұрғылау ерітінділерін пайдаланған жөн.

Бұрғылау ерітінділерінің негізгі атқаратын функцияларына мына-лар кіреді: бұрғылау жұмыстарын уақытша тоқтатқанда ұсақ қатты бөлшектердің шөгуіне жол бермеу; жер қыртысындағы ішкі қысымды реттеп отыру; ұңғы қабырғаларының қиыршықтануын және құлап түсуін болдырмау; қазу системасына түсетін жүкті азайту және доло-таны майлау және салқындатып тұру.
Әдетте ұңғыдан газ-мұнай қоспасы жеке ажыратқыш қондырғыға келіп түседі. Ол мұнайдың газбен бірге ұшып кетуін болдырмайтын жабдықпен қамтамасыз етілген ыдыстан (трапа) және өлшегіштен (мерник) тұрады. Трапада мұнайды газдан ажыратудың бірінші сатысы іске асады. Бұдан шыққан газ коллектор арқылы ары қарай өңдеу үшін газ өңдеу (газбензин) зауытына жіберіледі.