Кен орындарында мұнайды өңдеуге даярлау және дайындау әдістері. Мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру. Термохимиялық әдіс Теориялық негіздері

бет2/5
Дата03.04.2023
өлшемі130,4 Kb.
#78673
1   2   3   4   5

Мысалы, ромашкин мұнайында су құрамының 5 – 20 % - ға артуына орай жабысқақтығы 17 – ден 33 с СТ – қа дейін, яғни екіи есе артып отыр. Жоғары дисперсті құмның, топырақтың ізбес тасының және басқа жыныстардың бөлщектерінен тұратын мұнайдың механикалық қоспалары су үстінде адсорбцияға ұшырап, мұнай эмульсиясының тұрақтануына әкеп соғады. Қалыпты эмульсияның пайда болуы кәсіпшілік мұнайын сорғыту мен тұзсыздандыруға орай пайдалану шығынын арттырады, сондай – қоршаған ортаға зиян келтіреді.

Тұндырғыштар мен резервуарларда жыныстық суды мұнайдан айыру кезінде мұнайдың біраз бөлігі сумен бірге эмульсия түрінде шығарылып тасталады, ал бұл ағын суларды ластайды. Іркіліп, тоқтап қалған эмульсия ылдиларға, шұқырларға жиналады да «ембарлық» мұнай болып қалып қояды, олар пайдаланылмайды және тазартылмайды. Механикалық қоспалар салдарынан құбырдың тозуы жылдамдайды және мұнай аппараттарында сарқындылар қалып қояды да жылудың берілуі мен қондырғылардың өнімділігі коэффициентін төмендетеді.

Мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру.

Кенді шығару орнында дайындалған мұнай МӨЗ екінші рет құрамындағы тұз 5 мг/л, су 0,1 % азайғанға дейін тазартылады. Мұнай кәсіпшіліктерінде мұнайды жинау мен дайындаудың әр түрлі жүйесі пайдаланылады. Пайдалану кезінде газ бен мұнайдың жеңіл фракцияларын жоғалтуға әкеп соққан герметизацияланбаған схемалар орнына жинау, тазарту және сақтаудың барынша экологиялық тұрғыда таза герметизацияланған жүйесі пайдаланыла бастады. Шикі мұнай скважиналар тобына, трап – газсеператорларына келеді, бұл жерде қысымды төмендету арқылы ілеспелі газ сұйықтықтан (мұнай мен су) бөлінеді, содан кейін аралық қабылдағыштарда конденсаттан ажыратылады да газ өңдеу зауыттарына (немесе жер қабаты қысымын сақтау үшін скважиналарда қалады) жөнелтіледі. Трап – газсеператорларынан кейін мұнайда әлі де еріген газ массаның 4 % көлемінде қалып қояды. Трап – газсеператорларында бір мезгілде газды бөлумен бірге шикі мұнай механикалық қоспалармен кәсіпшіліктегі судың негізгі массасынан тұндырып бөліп алу жүреді, сол себепті бұл аппараттарды тұндырғыш деп те атайды. Бұдан кейін мұнай тұндырма резервуарларға жіберіледі, ол жерден мұнай дайындау қондырғысына (МДҚ) ауыстырылады, бұл жерде сорғыту, тұздан айыру және қалыптастыру процестері жүреді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет