Коллекторге жүзге жуық, кейде одан да көп ұңғылар немесе жа-қын жатқан барлық мұнай кенорындары жалғанады.
Өлшегіштен шыққан мұнай мен су деңгейлерінің әркелкілігіне байланысты бөлек жинағыш орынына (резервуарларға) келіп түседі.
Резервуарлардан мұнай мен су насос арқылы тұзсыздандыруға және сусыздандыруға арналған қондырғыларға жеткізіледі.
Резервуарлардан мұнай мен су насос арқылы тұзсыздандыруға және сусыздандыруға арналған қондырғыларға жеткізіледі.
Мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру. Жерасты (ұңғы) суларынының құрамында әртүрлі тұздар болады. Көбінесе натрийдің, магнийдің және кальцийдің хлоридтері мен бикарбонаттары, тіпті карбонаттары мен сульфаттары да кездеседі. Бұл сулардағы тұздардың үлес салмағы кейде 30%-ке дейін жетуі мүмкін.
Суда еритін және ерімейтін тұздар жылуалмастырғыштар мен пештер құбырларының қабырғаларына отырады да, соның нәтиже-сінде олардың жылубергіш коэффициентінің шамасы кемиді. Суда еритін хлоридтер (NaCl, KCl) гидролизденбейді, олар электрохимия-лық коорозияның ұйытқысы болып саналады. Керісінше, СаCl2 –ң 10 %-і , ал МgCl2-ң 90 %-і гидролизге ұшырайды:
МgCl2 + Н2О = МgОНCl + НCl
Түзілген НCl қышқылы қондырғыларды химиялық коррозияға ұшы-ратады.
Мұнайдың құрамындағы су мен тұздарды бөліп алуды – сусыздандыру және тұзсыздандыру деп атайды. Екі процесс те мұнай эмульсияларын бұзуға негізделген. Алайда сусыздандыру барысында мұнайды бұрғылау ерітіндісімен шапшаң түрде араластырғанда түзіл-ген табиғи эмульсиялар бұзылады.
Тұзсыздандыру кезінде сусыздандырылған мұнайды тұщы сумен араластылады да, тағы эмульсия алады. Сонан соң ол эмульсияны қайтадан бұзады.
Мұнайды шапшаң түрде сумен араластырғанда тұрақты эмульсиялар түзіледі.
Мұнайды тұзсыздандыру. Мұнай құрамындағы тұздарды бөліп алу үшін көбінесе термохимиялық шөктіру процесін мұнайды электр өрісімен өңдеу құбылысымен ұштастыра отырып жүргізеді. Бұл кезде өндірістік цикл электрлік тұзсыздандыру қондырғысынан – ЭТҚ-данбасталады. ЭТҚ – электродтармен қамтамасыз етілген үлкен ыдыс. Электродтарға үлкен кернеулі тоқ беріледі. ЭТҚ вертикал, шартәріздес және гори-зонталь болуы мүмкін.