Кеніштің өнімділігі және қызмет ету мерізімі Кеніштің өнімділігін анықтау


Теспелер өлшемдері мен санын анықтау



бет16/22
Дата06.01.2022
өлшемі373,94 Kb.
#13123
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
stud.kz-69390

3.Теспелер өлшемдері мен санын анықтау
3.1. Теспелердің диаметрі.

Бұрғылаудың диаметрлері: 32, 36, 40, 42, 46, 55, 59, 65 мм. Теспелердің диаметрі оған оқталатын ЖЗ оқшанының диаметріне байланысты негізделіп анықталады. Себебі жерасты қазбаларын өтудің санитарлы-нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкес оқталған оқшан мен теспелердің қабырғаларының арасында, оқшандарды кедергісіз еркін оқтау үшін, саңылау болуы керек. Ережелер (СНиП) бойынша оқтамды электрлі, отты және электрлі-отты әдістермен қоздырғанда теспенің диаметрі ЖЗ оқшанының диаметрінен 5-6 мм кең және оталдырғыш оқшан теспенің ауыз жағында бірінші болып орналасуға тиіс. Ал оқтамды от әдісімен қоздырғанда және оталдырғыш оқшан теспеде бірінші болып орналаспаса, онда теспенің диаметрі ЖЗ оқшанының диаметрінен 7-8 мм кең болуға тиіс.

Теспелердің диаметрлері ұлғайған сайын жарылыс энергиясы шоғырланады және дүмпу жылдамдығы өседі. Соның салдарынан жарылыс жұмыстарының әсері жоғарылайды және қазбадағы Теспелердің саны азаяды, әрі ЖЗ шығыны азаяды. Сонымен қатар жарылыс энергиясының шоғырлануы салдарынан жарылыс қуаты таужынысын бұзуға толығырақ қолданылады және теспелердің ЖЗ-мен толу коэффициенті жоғарылайды. Бірақ теспелердің диаметрін ұлғайту қазбалардың көлденең қимасының ауданын жиектеудің дәлдігін нашарлатады. Себебі қазбаның жобаланған жиегінен тыс таужыныстары да қопарылады. Теспелердің диаметрлерінің ұлғаюы оларды бұрғылаудың жылдамдығын төмендетеді, ал соның салдарынан бұрғылау жұмыстарының қарқыны тежеледі

Теспелердің бұрғылау жұмыстарының өнімділігін арттырудың бір жолы – теспелердің диаметрін кішірейту. Теспелердің диаметрі таужыныстарының физикалық және механикалық қасиеттеріне, оларды бұрғылауға қолданылатын бұрғылау машинасының қуатына, ЖЗ оқшанының диаметріне және түріне байланысты қабылданады. Әрбір ЖЗ оқтамына тән диаметр шектеуі болады және одан кіші диаметрде ЖЗ от алмайды. Сондықтан ЖЗ оқшанының диаметрінің ең кіші мәні ЖЗ-тың қозу қасиетінің мөлшерімен шектеледі.

Өндірістік тәжірибелердің негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: көлденең қимасының ауданы 6 м2-тан артық жазық қазбаларды қазғанда ЖЗ оқшанының диаметрі 36-40 мм, ал қазбаның көлденең қимасының ауданы 6 м2-тан кем болғанда, ЖЗ оқшанының диаметрі 32-36 мм болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет