3.2. Теспелердің саны.
Қазбадағы бұрғыланатын теспелердің саны олардың диаметрі сияқты бұрғылап-аттыру жұмыстарының қиындығына, таужыныстарының бұзылуының сапасына, теспелерді пайдалану коэффициентіне және жарылыстың басқа да көрсеткіштеріне әсер етеді. Забойдағы теспелердің саны көптеген факторларға байланысты, олардың ең бастылары мыналар: қазбадағы таужыныстарының бекемдігі, қазбаның көлденең қимасының пішіні мен өлшемдері, қолданылатын ЖЗ-тың түрі және олардың оқшандарының диаметрі, оқтам құрылымы және теспенің ЖЗ-қа толу коэффициенті.
Таужыныстарының бекемдік коэффициенті f
|
Оқшандар диаметрі 36–37 мм болғандағы, ЖЗ жұмыс істеу қабілеттігіне (см3) байланысты қабылданатын жұп үңгіме Теспелердің арақашықтығы (см)
|
Забой кеңістігіне шпурлардың қиғаштану бұрышы α, градус
|
Үңгімедегі шпурлардың саны nв
|
350-395
|
400-450
|
7–8
|
46–48
|
49–51
|
62–64
|
4–6
|
9–10
|
43–45
|
46–48
|
59–61
|
6–8
|
11–13
|
40–42
|
43–45
|
56–58
|
6–8
|
14–18
|
37–39
|
40–42
|
53–55
|
8–10
|
19–20
|
34–37
|
37–39
|
50–53
|
8–12
|
3.3.Теспелердің тереңдігі.
Теспелердің тереңдігі бұрғылап-аттыру жұмыстарының негізгі параметрлерінің бірі болып табылады. Теспелердің тереңдігі қазбаны өту циклінің ұзақтығын, қазбаны өтудің жылдамдылығын, оған кететін жалпы қаржының көлемі мен еңбек шығымдылығын анықтауға мүмкіндік тудырады.
Теспелердің тереңдігінің оптимальды мәнінің негізгі көрсеткіштері ретінде қазбаның 1 метрін жүргізу үшін жұмсалатын еңбек пен уақыттың және қаржының ең аз кететін шамалары алынады.
Теспелердің тереңдігін анықтағанда қазба өтудің геологиялық, техникалық және еңбек ұйымдастыру факторларын ескеру керек.
Негізгі геологиялық факторларға таужыныстарының бекемдігі, жарықшақтығы, тақталануы (напластование) және судың қазбаға келімінің көлемі мен газ режимі жатады.
Техникалық факторларға – қазбаны жүргізудің технологиялық үлгісі, қазбаның көлденең қимасы, қолданылатын бұрғылау және тиеу машиналарының түрлері, ЖЗ-тың сапасы және тағы басқалары кіреді.
Ұйымдастырушылық факторларына – қазбаны өту циклінің ұзақтығы және осыған байланысты қазбаны өтудің жылдамдығы жатады [5, 8, 18].
Теспелердің тереңдігі тайыз (1,0–1,5 м) болғанда қазбаны ілгері жүргізудің 1 метріне шаққанда жұмсалатын көмекші жұмыстардың (қазбаны желдету, теспелерді бұрғылау және таужыныстарын тиеу кезеңдерінің, даярлау – қорытындылау операциялары және т.с.) уақыт мөлшері ұзарады.
Қазбаларды өтуге терең теспелер (3,5–4,0 м) қолданылса, онда таужынысының уатылу сапасы және теспелерді пайдалану тиімділігі төмендейді. Бұл жағдайда да қазбаның 1 метрін қазуға жұмсалатын уақыт мөлшері ұзарады.
Негізі теспенің тереңдігін қазба өтудің мөлшерленген техникалық жылдамдығына, қолданылатын тау-кен жабдықтарының түрлеріне және олардың санына немесе қазба өтудің өнім шығару мөлшеріне, яғни бұрғылау қарнақтың ұзындығына (0,7-4,3м, әдетте 1,5; 1,8; 2,2м.) байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |