Кеніштің өнімділігі және қызмет ету мерізімі Кеніштің өнімділігін анықтау



бет6/22
Дата06.01.2022
өлшемі373,94 Kb.
#13123
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Кеніштің жылдық өнімділігі бір жылда өндірілетін кен массасының мөлшерімен анықталады. Оның көлемі кен шоғырында кеннің өнеркәсіптік қорларын ескере отырып белгіленеді. Кен орнын игеру тиімділігі, кеніштің экономикалық лайықты жылдық өнімділігі кезінде жетеді. Есептелетін қор шахта қуатын (жылдық өнімділігін) тағайындайтын негізгі тау-кен-геологиялық мәлімет болып саналады.

Кенорынның қуаты жоғарылаған сайын кеніштің жылдық өнімділігі артады.Кеніштің жылдық өнімділігі келесі факторлар арқылы анықталады: өңдіру жұмыстарының жылдық төмендеуі, кеннің тығыздығы, кеншоғырдың горизонталь бойынша қазу ауданы, кеннің жер қойнауынан шығару коэффициенті, кеннің құнсыздану мөлшері.

Мысалы: 1990 жылдардың басына дейін Қарағанды көмір бассейнінде «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінде барлығы 26 көмір шахталары қызмет істеген. Шахталардың жалпы жылдық көмір өнімділігі 48,0—49,0 млн. тоннаға дейін жеткен. Орташа, әр шахтаның жылдық өнімділгі 1,95 млн. тоннаға жеткен.

Кеніштің жылдық өнімділігін келесі теңдік арқылы есептеледі:


, т/жыл
мұнда:

A – кеніштің жылдық өнімділігі, т/жыл;

V – өңдіру жұмыстарының жылдық төмендеуі, т/жыл;

– кеннің тығыздығы, т/м3;

S – кеншоғырдың горизонталь бойынша қазу ауданы

- кеннің жер қойнауынан шығару коэффициенті;

Қ – кеннің құнсыздану мөлшері;


Көлемдік салмақ – бір көлемнің заттық саны,яғни кен өнеркәсібінде 1 текше метрдегі тау жынысының салмағы (т/м3).

Кен тығыздығы тұрғысынан, яғни 1 текше метр жыныс массасының шамасына қарай үш түрге бөлінеді:


А) ауыр - 3,5 – 4,0 т/м3;

В) орта – 2,5-3,5 т/м3;

Г) жеңіл – 2,5 т/м3 - ден кем.

Кеншоғырдың горизонталь бойынша қазу ауданы:


S = , м2
Кеннің жер қойнауынан шығару коэффициенті:
=
мұнда: Ж = кеннің жобаланған жоғалымы

Кен орнын игеру кезінде кеннің бөлігі немесе пайдалы компонент алынбай қалып қоюы мүмкін. Бұл -жер қойнауында алынбай қалған қорлар пайдалы қазба жоғалымы деп аталады.

Жоғалымның екі түрі болады: сандық және сапалық.

Кен шығарудағы қымбат жүйелі әдістерді қолдана отырып, өте бағалы кендерді кен орынынан игеру кезіндегі жоғалымды 2-3% - ға дейін төмендетуге болады (толтырмалармен, қазба кеңістігінің қатайған толтырмаларымен).Көптеген құндылығы орташа кен орындары үшін жоғалым - 10-12% болуы қалыпты болып саналады . Төмен құндылықты кендер үшін - 20% . Ал кейде құндылығы төмен кендер үшін жоғалым 50%-ға дейін жетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет