89
Үлгіні талдау үдерісі екі кезеңге бөлінеді:
1. Үлгілерді құрастырушы бөлшектерге бөлу.
2. Əрбір бөлшектің құрамын детектрлеу жəне өлшеу.
Бөлу хроматографиялық бағаналар көмегімен орындалады, яғни бұл
бағаналар сорбентпен толтырылған түтікшелер арқылы ұсынылады.
Хроматографиялық бағана арқылы талдауды жүргізу кезінде белгілі
құрамды сұйықтықты тұрақты жылдамдықпен береді. Осы ағымға
үлгінің нақты, тура өлшенген мөлшерін енгізеді.
Хроматографиялық бағанаға енгізілген үлгілердің құрамдас
бөлiктері олардың сорбенттерге əркелкі туыстықтарының арқасында
бағаналар онда əртүрлі жылдамдықпен жылжиды жəне əртүрлі уақыт
кезеңінде детекторға жетеді.
Сөйтіп, хроматографиялық бағана бөлшектерінің бөлінуінің
селективтілігіне жəне тиімділігіне жауап береді. Бағаналардың əртүрлі
тұрпатын таңдай отырып, талданатын заттардың бөліну деңгейін
басқаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: