Мор әдісі индикаторлы әдіс, аргентометрияда пайдалана ды,индикатор-калий хроматы,ол ТСН-да күміс ионымен Ag2CrO4 қыш түсті тұнбасын түзеді. Галогенид-ион титр леніп бітпейінше бұл тұнба түзілмейді,себебі оның ерігіштігі жоғарылау.Алайда K2CrO4концсын дұрыс таңдау кк, егер концсы жоғары болса, онда тұнбасы ерте түзіледі,ал егер конц төмен болса, тұнба уақытында түзілмейді. Сондықтан титрленетін галогенид-ион конц 0,1М болса, тиімді конц 0,005-0,01М болуы тиіс. Мор әдісінде титрлеу әлісіз қышқылдық ортада жүргізеді, себебі күшті қышқылдық ортада хромат бихроматқа айналып кетеді: 2CrO4+2H+→Cr2O4 2-+H2O ал сілтілік ортада күміс гидроксиді түзіліп кетеді; Ag++OH-→AgOH↓ Анқ;Cl-,Br-
Полидентантты органикалық лигандтармен-комплек сондармен титрлеу әдісі комплексонометриялық титр леу д.а. Комплоксондар-құрамына бірнеше донорлық топтары бар органикалық лиганттар. Алғашында комп-
Лексондар деп аминополикарбон қышқылдар мен олар- дың тұздарын атаған.Жиі пайдаланатын тиртант н/е комплексон-ЭДТА, алайда практикада оның орнына қос натрий тұзы-трилон Б пайдаланады,себебі оның суда ерігіштігі ЭДТА-дан әлдеқайда жоғары. Комплексонометрияда титрлеудің соңғы нүктесін (ТСН) көзбен байқау арқылы және аспаптық әдістермен де анықтауға болады. Титрлеудің соңғы нүктесін көзбен байқау арқылы анықтауда металлиндикаторлар қолданылады. Металлиндикаторларлар– бұлар металл иондарының концентрацияларының өзгеруіне байланысты түсін өзгертетін қосылыстар. Әдетте металл иондарымен боялған комплексті қосылыстар түзетінорганикалық заттар.
Фаянс әдісі-индикаторлы әдіс,аргентометрияда, меркуро- метрияда қолданылады, адсорбциялық индикаторлар пайдаланады(флуоресцеин, эозин, дифенилкарбазид, дифенилкарбазон) Бұл ерітіндіде бір түсті, ал тұнба бетіне адсорбцияланып, басқа түс береді.
Мысалы:Флуоресцеин өзі жасыл түсті, ал AgI тұнбасының бетінде қызыл түске боялады, себебі ол тұнба бетіне адсорбцияланған күміс иондарымен қызыл түсті комплес түзеді: AgI/Ag+*Ind- Анқ: Br-, Cl-, I- , SeO32-
Меркурометрия – сынап(І)-дің ерімейтін қосылыстары- ның түзілуіне негізделген көлемді талдау әдісі
+ 2 →
Меркурометрияда индикатор ретінде темір роданидінің қан-қызыл ерітіндісі қолданылады, сынап артық болған кезде ерітінді түссізденеді
3 + 2 → 2 + 3
немесе -пен дифе нилкарбазон көк түсті тұнба түзеді
Аргентометрияда негізінен галогенидтерді анықтау үшін күміс нитратының ерітіндісін қолданады. Әдістің әр түрі бар: Мор әдісі бойынша хлорид және бромид иондарын олардың тұздарынан анықтау; Фаянс әдісі бойынша бромидтер, иодидтер және родонидтерді адсорбциялық флуоресцеин индикаторымен анықтау; Фольгард әдісі бойынша бромидтер, иодидтерді анықтау.титрант AgNO3
Электродтардың жіктелуі электродта жүретін процестің сипаты және электродтық реакцияға қатысатын заттың химиялық табиғаты бойынша анықталады.Осы белгілері бойынша электродтарды жіктейді: Ι-ші текті электродтар ΙΙ-ші текті электродтар, Газдық электродтар. Оттегі электроды (сілтілік орта) Хлорлық электрод Тотығу-тотықсыздану электродтары
Ол дегеніміз газбен шаймаланатын және осы газдың иондары бар ерітіндіге немесе қышқылдар мен негіздердің ерітінділеріне батырылған (оттегі электроды) электродтар. Кеңінен қолданылатын газдық электродтар
Тура потенциометрия. Бұл әдіс бойынша ерітіндідегі талданатын заттың концентрациясын немесе активтілігін табу үшін тәжірибе кезінде өлшенген тізбектің ЭҚ күшін немесе салыстыру электроды арқылы анықталған индикаторлық электрод потенциалының мәнін Нернст теңдеуіне қояды. Тура потенциометрияда рН-метрия және ионометрия дейтін екі түрлі тәсіл бар. Ионометрияны ионның құрамына енетін катион және анионға сәйкес катионометрия және аниомегрия деп екі түрге жіктейді. Мұндағы рН-метрия әдісі өз алдына үлкен бір топ құрайды, өйткені бұл сутек иондарына өте сезімтал шыны (рН) электродының ертерек пайда болған, өзінін қарапайымдылығымен тез және кең таралған түрі. Ал ионометрия әдісі ионды таңдап, талғап, оларды бөле алатын электродтар мен сенсорлардың жасалуына байланысты дамыды.
Полярографиялық талдау әдісі – электрохимиялық талдау әдісінің бірі болып табылады. Ол электро полярографиялық ұяшықтағы зерттелетін ерітіндінің электролизі кезінде алынатын вольтамперлі қисықтарды анықтауға негізделген. Полярографиялық тәсілдің басты ерекшелігі – катод ретінде сұйық тамшылауыш сынапты пайдалану Ерітіндідегі электрлік активті зат мөлшерінің диффизионды токқа байланыстылығы Илькович теңдеуімен өрнектеледі:
• Id = 607 ∙ z ∙ F ∙ С ∙ D1/2 ∙ m2/3 ∙ τ1/6
Мұндағы: Id – диффузионды ток күші, мкА;
z – электродтық реакцияға қатысатын электрон саны;
F – Фарадей саны, Кл/моль; С–концентрация, моль/л;
D – диффузия коэффицциенті, м2/с;