Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна



Pdf көрінісі
бет21/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Байланысты:
Diss Kenzhebayeva

 
 
 
 


66 
Кесте 4. Болашақ мҧғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытудың 
қҧрылымдық-мазмҧндық моделі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мақсаты: 
болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамыту 
Әдіснамалық негізі 
Ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық қамтамасыздандыруы арқылы 
зияткерлік әлеуетті дамытудың компоненттерін жҥзеге асыру.
 
Ҧстанымдар
1. Ізгіліктік. 
2. Субъектілік. 
Амалдар: 
1. Жүйелі, кешенді 
2. Іс-әрекеттік 
3. Тұлғалық – іс-әрекеттік 
4. Мәдениеттанымдық. 
Педагогикалық-
психологиялық 
шарттар 
2.ЖОО-нда 
зияткерлік әлеуетті 
дамытуға ықпал 
етуші зияткерлік 
орта. 
1. Болашақ мұғалімнің 
зияткерлік әлеуетін 
дамытуда 
оқытушылардың 
кәсібил
ілігі

3. Білім беру 
үрдісін 
проблемалы етіп 
ұйымдастыру. 
4. Студенттердің жалпы 
және арнайы 
дайындығының қажетті 
және жеткілікті деңгейі. 
Мотивациялық компонент: 
Зияткерлік мотивация 
Зияткерлік бағыттылық 
Зияткерлік компонент: 
Тапқырлық 
Қиылыстыру қабілетілігі 
Дивергенттік ойлау 
Ассоциация еркіндігі 
Бақылаушылық-_диагностикалық'>Болашақ мҧғалімдердің зияткерлік әлеуетін дамытудың 
кезеңдері 
 
 
Бақылаушылық-
диагностикалық: 
Зияткерлік әлеуеттің, оны 
дамыту механизмдерінің 
динамикасын 
талдау, 
салыстыру және іс-әрекет 
перспективасын анықтау 
кезеңі.  
Мазмҧндық-
әрекеттік: 
ЖОО 
үрдісінде 
зияткерлік әлеуетті 
дамыту,  
педагогикалық-
психологиялық 
шарттарды жүзеге 
асыру 
Мотивациялық-
мақсатты: 
-болашақ 
мұғалімдердің 
зияткерлік 
әлеуетінің бастапқы 
деңгейін анықтау;- 
дамытуға 
қажеттілігін сезіну; 
К е з 
е ң
 д
 е 
р і
 
К
 е з 
е ң 
д е р 
і 
Мотивациялық-мақсатты: 
-болашақ 
мұғалімдердің 
зияткерлік әлеуетінің бастапқы 
деңгейін анықтау; 
- дамытуға қажеттілігін сезіну; 
-белсенді 
іс-әрекетке
ынталандыру кезеңі.
Мазмҧндық-әрекеттік: 
ЖОО үрдісінде зияткерлік 
әлеуетті дамыту,  
педагогикалық-
психологиялық шарттарды 
жүзеге асыру кезеңі.
 
Бақылаушылық-
диагностикалық: 
Зияткерлік 
әлеуеттің, 
оны 
дамыту 
механизмдерінің 
динамикасын 
талдау, 
салыстыру 
және 
іс-әрекет 
перспективасын 
анықтау
кезеңі.  
Әдістер: іскерлік ойындар, ми шабуылы, топтық дискуссия, жағдайды талдау, диалогты 
жүргізу, тренинг, жаттығулар т.б.
Қҧралдар: материалдық-техникалық негіздеме, ғылыми-теориялық білім, оқу-әдістемелік 
және ғылыми әдебиет. 
Формасы: топтық және жеке талқылау, жұптық жұмыс, сұрақ-жауап, жобалар, кесте 
толтыру, рефлексиялық шығарма және т.б. 
Механизмдер: рефлексиялық, ӛзін басқару, ӛзін-ӛзі бағалау. 
 
Нәтиже –
зияткерлік әлеуеті дамыған болашақ мұғалімнің сипаттамасы


67 
Біздің модель келесідей құрылымдардан тұрады: негізге алған 
әдіснамалық-теориялық амалдар, педагогикалық – психологиялық шарттар, 
зияткерлік әлеуеттің кӛрсеткіштері, механизмдері, дамыту кезеңдері, әдістері, 
формалары және болжамды нәтиже.
Модельде кӛрсетілгендей, болашақ мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін 
дамытуды ұғымын кешенді тұрғыдан анықтау негізінде екі критерийден 
тұратын кӛрсеткіштер және зияткерлік әлеуетті дамытудың психологиялық 
тетіктері нақтыланды:
1) Зияткерлік 
критерий: 
тапқырлық, 
қиылыстыру 
қабілеттілігі, 
дивергенттік ойлау, ассоциация еркіндігі; 
2) Мотивациялық: зияткерлік мотивация және зияткерлік бағыттылық. 
Психологиялық дамыту механизмдері: рефлексиялық, ӛзін басқару және ӛзін-
ӛзі дамыту. 
Соңғы кезде кәсібилік жайлы жаңа кӛзқарастар қалыптасуда. Яғни, 
кәсібилік ӛз іс-әрекетін шығармашылық тұрғыдан ӛндеуде және жүзеге асыруда 
белсенді, еркін, жобалауда жауапты және тұтас субъект ретінде қарастырылады 
[210].
Б.А. Тұрғынбаева мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін орындауға қажетті 
біліктерінің тӛмендегідей ретін ұсынады: 
- оқушылардың танымдық әрекетін және оқу үрдісін ұйымдастыра алу 
қабілеті; 
- оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізе алу және олардың ӛзін-ӛзі 
тәрбиелеуіне басшылық жасай білу біліктері; 

озық педагогикалық тәжірибені оқып үйрену ӛз қажетіне 
шығармашылықпен пайдалана алу біліктері; 
- ӛзінің жеке тәжірибесіне сыни тұрғыдан қарап, баға бере алу біліктері; 
- ӛз білімін тұрақты кӛтеріп отыру біліктері [211]. 
Студенттердің кәсіби дайындығының тиімділігін және оны бағалаудың 
критерийлері В.А. Сластенин еңбегінде кӛрініс тапқан. Олар: 
1) кәсіби салада маманның тұлғалық ӛздігінен жетілуінің тиімділігі;
2) тұлғаның кәсіби ортамен табысты ӛзара әрекеттесуі;
3) мамандарды дайындау сапасының ортаның әлеуметтік мәдени 
талаптарына сәйкестігі [212, 138-143б.]. 
Талдауларды қорыта келе, кәсібиліктің белгілері: кәсіби міндеттерді 
шешуде ӛзінің ішкі мүмкіндіктерін, яғни зияткерлік әлеуетін толыққанды 
қолдана алатын, тұлғалық ӛзін-ӛзі даму, ӛздігінен жетілу, ӛздігінен іске 
асуының тиімділігі, зияткерлік қиындық тудыратын педагог жұмысындағы 
жайттарда стандарттан тыс шешімдер қабылдауға икемі бар, іс-тәжірибесіне 
сыни тұрғыдан қарайтын (рефлексия) заманауи технологияларды меңгерген, 
оларды ӛз жұмысында мақсатты түрде қолдана алатын жаңашыл мұғалім деген 
тұжырым жасалады. 
Педагогикалық іс-әрекет зияткерлік әлеуетпен анықталады. «Әлеует» 
ұғымы философияда белгілі бір мақсатқа жетуде, міндетті шешуде 
қолданылатын қор, кӛзі, құрал, мүмкіндік деген түсінік беретінін алғашқы 


68 
тарауда айттық, ал педагогикалық әлеует кең мағынада педагогикалық үрдістің 
ішкі мүмкіндіктерін әрекетке келтіру, қосу деген мағынаны білдіреді. 
Сондықтан болашақ мұғалім әлеуетін педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігін 
арттыруға, оны табысты етуде толығымен қолданғаны абзал. Себебі, әлеует 
динамикалық сипатқа ие: ол әрқашан тұлғаның мотивациясымен мақсатты 
әрекет барысында толығады или баи түседі, дамиды, ашылады. 
Педагогикалық іс-әрекеттің бірқатар ерекшеліктері бар: 
Біріншіден, ол кеңістікте, уақытта регламенті бар; яғни зияткерлік 
үрдістің кезеңдері-педагогикалық ойлардың туындауы, оны құру, жүзеге асыру 
және т.с.с. уақыт негізінде ӛзара қатты тығыз байланысты, бір кезеңнен екінші 
кезеңге оперативті түрде кӛшуді талап етеді. 
Екіншіден, зияткер, шығармашыл мұғалім ізденісінің нәтижелері ұзақ 
болашаққа меңзелген. Материалдық тұрғыдан, іс-әрекет нәтижелері бірден іске 
аспай, кӛзделген мақсатқа сәйкестендірілетіні болады, ал мұғалім жұмысының 
нәтижелері оқушыларының білім, іскерлік, дағдыларында, іс-әрекеттері мен 
мінез-құлықтарының формаларында кӛрініс табады. 
Үшіншіден, кәсіби іс-әрекет мақсатының бірлігіне негізделген педагог 
пен оқушының әрекеттесуі, зияткерлік, шығармашылық жұмысқа бағытталған 
орта, ондағы ізденіс атмосферасы күшті ынталандырушы фактор болады. Оқу-
тәрбие үрдісінде педагог ӛз қабілеттері мен мүмкіндіктерін жан-жақты 
кӛрсетеді. 
Тӛртіншіден, болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетінің кӛрінісі оқу-
тәрбие 
үрдісінің 
әдістемелік, 
материалдық-техникалық 
қамтамасыздандырылуына 
байланысты. 
Оқу 
құралдары, 
техникалық 
қамтамасыздандырылу, мұғалімнің әдістемелік даярлығы және оқушылардың 
бірлескен әрекетке психологиялық тұрғыдан дайын болуы ақыл-ой, зияткерлік 
іс-әрекетінің ерекшелігін сипаттайды.
Бесіншіден, педагогтың эмоционалды-психологиялық кӛңіл-күйді басқара 
алу және оқушылардың адекватты тәртібін орната алу іскерлігі. Зияткерлік 
үрдіс ретінде оқушылармен қарым-қатынас орнату қабілеті, олардың 
инициативасы баспай, жоққа шығармай, ӛздігінен ӛзін асыруға жағдай жасайды 
[212, 138-143б.]. 
Жоғарыда аталған, студенттің дамуына және ӛзіндік дамуына, еркін ӛзін 
кӛрсете алу таңдау жасау мүмкіндігіне бағытталған кәсіби дайындық үрдісінде 
дамитын, педагогикалық іс-әрекетте маңызды рӛл атқаратын болашақ 
мұғалімдердің зияткерлік әлеуетінің кӛрсеткіштерін тереңірек қарастырамыз. 
[213]. 
Педагогикалық жұмыста ең бастысы, маңызды сапаның бірі- зияткерлік 
мотивацияның болуы қажет, яғни нақты, айқын емес жағдаятта мұғалімнің 
жаңаны іздеуде табандылығы, беталысы. Мұндай мотивация болашақ 
мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытуға жетелейтін іс-әрекеттерге 
итермелейді.
«Кәсіби мотивация тұлға мен кәсібилікті дамытудың ішкі қозғалмалы 
факторы ретінде қызмет етеді. Себебі, кәсіби мотивация жоғары дәрежелі 


69 
негізіне қарай кәсіби біліктілік пен тұлға мәдениетін тиімді дамытуға мүмкіндік 
туады» [214]. 
Мысалы, оқыту мен тәрбиелеу әдісін меңгерту барысындағы оқу 
материалының ӛзі мотивациялық факторымен тікелей байланысты болып тұр. 
Тікелей мамандыққа бейімдейтін осындай тәжірибелердің түбегейлі негізін 
түсіну студенттің қызығушылығын арттырады немесе керісінше, қиындық 
тудырады. Осы тұрғыдан алғанда студент жұмысқа не белсенді не енжар 
қатынасады. 
Психологиялық аспектіде қарайтын болсақ, қызығушылық – бұл 
танымдық қажеттілікке жету алдындағы эмоционалды күй. А.А. Бодалевтың 
пікіріне сүйенетін болсақ, ғылымға деген қызығушылық кең ауқымды, арнайы 
жоспарланған, нәтижелі, мазмұнды-атқарушылық, танымдық-оқыту үлгісінде 
болуы мүмкін [215]. 
Студенттердің оқу іс-әрекеті ең алдымен ішкі мотивке қарай орындалады. 
Мысалы, олардың тануға деген мұқтаждығы сол оқу әрекетінің түрімен 
«сәйкес» келетін болса, білім алу талпынысы да оянады. Сондай-ақ тануға 
деген мұқтаждық әртүрлі мотивтердің ықпалымен де жүзеге асырылады. 
Мысалы, ӛз ойын дәйектеп, дәлелдеу нәтижесіне жеткенде, оқу әрекетінің 
нәтижесін кӛріп, толық қанағаттанған жағдайда тану мұқтаждықтары оянады. 
Н.С. Лейтестің пайымдауынша, академиялық жетістікке жету тануға 
деген мұқтаждық пен жоғары нәтижеге жету талпынысы ӛзара үйлескен 
жағдайда жүзеге асырылады [216]. Егер ықпал етуші мотивтер болмаса, белгілі 
бір әрекетті үйрену мүмкін емес екені белгілі. Зияткерлік әрекетке жетелейтін 
тұрақты мотивация және осы қызметте нәтижелі жетістікке жетуге 
талпындыратын мотивация біріге отырып, мұғалімнің зияткерлік әлеуетін 
дамытудың ерекше катализаторы болып табылады. 
Зияткерлік іс-әрекетке жетелейтін мотивация тұлға бойында зияткерлік 
әлеуетін ашу, дамыту, қалыптастыру құрылымымен тікелей байланысты. 
Сонымен, зияткерлік мотивация кәсіби іс-әрекет үрдісінде туындайтын 
әртүрлі міндеттерді шешуге ықпал етеді және сол міндеттерді шешу жолдарын 
іздеуге ұмтылысы барысында ӛзінің бар ішкі мүмкіндіктерін, қорын, яғни 
әлеуетін кӛрсетеді. 
Пайдакүнемдік емес
танымға деген ұмтылыс, педагогтың іске жоғары 
мәні бар, ӛзінің құндылығы ретіндегі қарым-қатынасы зияткерлік бағыттылық 
кӛрсеткішінің кӛрінісін сипаттайды. Шығармашылық негізі бар зияткерлік іс-
әрекеттің мәні түсіну, алған білімін шығармашылықпен қолдануға септігін 
тигізеді, зияткерлік іс-әрекеттің стратегиясын жасайды, сонымен қатар осы іс-
әрекетке тұлғаның ұмтылысын сипаттайды. 
Зияткерлік бағыттылық мұғалімнің жеке педагогикалық жағдаяттарда да, 
барлық кәсіби ӛмірлік іс-әрекетінде де орын алады, тұлғаны дамытуға 
бағыттайды, ӛз жұмысында жаңа, үздік нәтижелер табуға итермелейді, әлемді, 
ӛзін ӛзгертуге қабілеттілігін және ӛмірге, кез-келген іске деген ерекше 
қатынасын анықтайды. Зияткерлік әлеуетті дамытуды мақсат ету студенттердің 
әлеуетін кездейсоқ ашу емес, болашақ мұғалімнің зитякерлік әлеуетін 


70 
толыққанды дамытатын оқыту мазмұнын, әдістерін, формаларын, құралдарын 
арнайы таңдауды және шарттарын құруды болжайды. 
Болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетінің педагогикалық іс-әрекетте 
маңызды рӛл атқаратын кӛрсеткіштеріне: тапқырлық, қиылыстыру 
қабілеттілігі, дивергенттік ойлау және ассоциациялар еркіндігі жатады. 
Психологиялық-педагогикалық 
еңбектерді 
талдау 
негізінде, 
педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуына болашақ мұғалімнің тапқырлығы 
ықпал ететінін анықтадық. Себебі, жоғарыда айтып ӛткеніміздей, 
педагогикалық іс-әрекет регламенттелген, яғни уақытты шектеулі, ал сабақ 
барысында кӛп ойланбастан жылдам шешім қабылдауды қажет ететін 
ойламаған жерден туындайды әртүрлі жағдаяттар жүйріктілікті, зеректілікті, 
пайымдылықты, тапқырлықты танытуды талап етеді. Аталмыш кӛрсеткіш 
педагогқа жұмыс барысында туындайтын педагогикалық жағдаяттарға жылдам 
әрі иілгіш жауап беріп, оларды ӛзгертіп, позитивті, конструктивті бағыттылық 
және жаңаша эмоционалды реңк беріп, оқыту мен тәрбиенің нақты жағдайында 
жаңа шешім табуға кӛмектеседі. 
Педагогикалық іс-әрекет мақсатты, жүйелі сипатты және нақты 
теориялық, әдістемелік дайындықты талап ететіні белгілі. Педагогикалық ЖОО 
түлектерінің 
теориялық 
базасы 
болғанымен, 
оларға 
педагогикалық 
практикалық тәжірибе жетіспейді. Сабаққа, сабақтан тыс іс-шараларға 
дайындық кезінде мұғалім жаңашыл-педагогтар тәжірибесіне сүйеніп, әртүрлі 
әдістемелік материалдарды қолданады және бар ұсыныстар негізінде 
жұмысының жоспарын құрады, белгілі элементтердің жаңа үйлесімдігін 
қиылыстырады. Бұл қиылыстыру қабілеттілігінің кӛрінісін ӛзектендіреді. Ол 
мұғалімнің әрқилы үйлестіру жасау іскерлігінде, жалпы оймен біріктірілген 
әрекеттердің жиынтығын модельдеуде кӛрінеді. Модельдеу кӛмегімен педагог 
күрделіден жеңілге қарай, белгісізден белгіліліге қарай оқуды ұйымдастыра 
алады, яғни жан-жақты және толық зерттеу үшін кез-келген күрделі объектіні 
қолжетімді етеді. Бұл кӛрсеткіш мәселені иілгіш
шешумен, бір категориядан 
басқасына, бір тәсілден басқа тәсілге кӛшумен анықталады. Педагог дамыған 
қиылыстыру қабілеттілігіне орай, бір объектіні басқаларымен, олардың 
модельдерімен де толықтыра алады. 
Оқушылармен ӛзара әрекет үрдісінде мұғалім әрқашан ақыл-ой, 
шығармашылық міндеттерді шешеді, яғни оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны, 
формалары және әдістеріне принциалды түрде жаңалықтар енгізуден бастап, 
оқушылармен жұмыс барысында, қарым-қатынас кезінде дайын шаблон, 
стандарт күйін қаламайтын жеке мәселелер туындайды. Мұндай жағдайда 
дивергенттік ойлауға сүйенеді, ол «әртүрлі бағыттағы қозғалыс» үрдісімен, 
мәселеге 
қатысы 
бар 
әрқилы 
аспектілерді 
қамтуда 
идеялардың 
шашыраңқылығымен ерекшеленеді. Мұндай ойлау шығармашылықпен 
байланысты, ӛйткені жаңа идеялар мен шешімдер туындатады, педагогты ӛз 
жұмысында біркелкілік пен шаблоннан аулақ болуына ықпал етеді, себебі 
мұғалімнің жұмысы зияткерлі шығармашыл тұлғаны қажет етеді. 


71 
Келесі кӛрсеткіш ассоциациялар еркіндігі – ол құбылыстар арасында 
байланысты орнату кезінде олардың біреуі екінші ассоциацияның пайда 
болуын туындатады. Ассоциациалар еркіндігі негізінде мұғалім мәселені шешу 
үрдісінде алыс ассоциацияларды таба алады, сӛйтіп бұрында байланыспаған 
идеялар 
арасында 
ассоциацияларды 
орнату 
негізінде 
мәселені 
шығармашылықпен шешеді. Бұл кӛрсеткіш шынайы педагогикалық 
жағдаяттардың жаңа, әдеттен тыс, кенеттік үйлесімдер мен байланыстарда 
кӛріну негізінде мұғалімнің шығармашылық фантазиясын дамытады және 
мәселелердің оригиналды шешімдерін табуға итермелейді. 
Сонымен, жоғарыда қарастырылған болашақ мұғалімнің зияткерлік 
әлеуетінің кӛрсеткіштері педагогикалық іс-әрекет үрдісінде туындайтын 
әртүрлі жағдаяттарды табысты, стандарттан тыс шешуге, оқу үрдісін 
балалардың жас ерекшелігіне сәйкес құруға, оқушылардың оқу және тәрбие 
жетістігін жоғарлатуға ықпал етеді. 
Аталған 
кӛрсеткіштердің 
педагогикалық 
іс-әрекетке 
тиімділігі 
болғандықтан, оларды ЖОО-нда болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау 
үрдісінде дамыту қажеттілігі туындайды. Дамыту үрдісін қарастыру үшін, 
алдымен осы ұғымның анықтамасына тоқталамыз. 
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау кӛрсеткендей, «даму» 
тӛменнен жоғарғыға, қарапайымнан күрделіге, ескіден жаңа сапалық күйге 
ауысу, ӛзгеру үрдісі ретінде анықталады [217]. 
Сонымен қатар, тұлғаның дамуы оның сапалық және сандық ӛзгеруі, 
дүниетанымының, ӛзіндік санасының, шынайылылыққа қатынасының, 
мінезінің, қабілеттерінің, психикалық процестерінің, тұлғалық қасиеттері мен 
бітістерінің дамуы, тәжірибе жинауы деп түсіндіріледі [218]. 
Кейде «даму» ұғымы «ӛзгеру» ұғымымен сәйкестендіріледі. Бірақ, ӛзара 
байланысты болғанымен, айырмашылықтары бар. Егер, ӛзгеру сыртқы 
факторлармен байланысты және сапалықтан гӛрі сандық ӛзгерістерге ғана 
қатысты болса, онда даму-ол ӛзгеріс емес, ол кез-келген объектінің ішкі 
құрылымында жаңаның пайда болуын меңзейді [219]
Л.И. Анцыферова бойынша, даму сапалы психологиялық жаңаның пайда 
болуын және психологиялық жүйе қызметінің жаңа деңгейге кӛшуін анықтайды 
[220].
A.B. Петровский «даму» ұғымын іс-әрекетпен байланыстырады, яғни 
әртүрлі әрекет негізінде, іс-әрекет барысында адам жаңа ӛнім шығарады, 
сонымен қатар оларды жасау үрдісін жаңғыртады, ӛзінің әрекетін жаңартады, 
ӛзін жетілдіреді [221].
Зияткерлік әлеуетті дамыту үрдісін сипаттамас бұрын, бұл феноменнің 
критерийлері мен кӛрсеткіштеріне тоқталамыз. 
Әдебиеттерде «ӛлшем» және «кӛрсеткіш» ұғымдарының анық, біркелкі 
анықтамасы кӛрсетілмеген. Психологияда «критерий» - стандарт, эталон деп 
түсіндіріледі [222]. Осыған ұқсас И.И. Монаховтың пікірі бойынша, «ӛлшем»

бұл белгі, оның негізінде шынайы педагогикалық құбылысты, сапаны немесе 
үрдісті эталонмен салыстыруға, бағалауға болады [223].


72 
В.И. Загвязинскийдің еңбектерінде жүйенің дамуының, іс-әрекет 
жетістігінің жалпылама кӛрсеткіші және топтастыруға негіз және критерий 
кӛрсеткіштерді анықтайтын бірнеше белгілерден тұрады деп тұжырымдалады 
[224]. 
Кӛрсеткіштер бойынша зерттеу мәселесінің дамуы, барысы, жағдайы 
жайлы түсінік алуға болады. 
С.А. Алешина атап кӛрсеткендей, ӛлшем – зерттеу объектісінің жағдайы, 
дамуы және қызмет ету деңгейі жайлы кӛрініс беретін оның сапалары, 
қасиеттері мен белгілері болып табылады. Кӛрсеткіштер - дегеніміз зерттеу 
объектісінің әр сапасы, қасиеті, белгісінің қалыптасу деңгейінің сандық және 
сапалық сипаттамалары, яғни критерийдің қалыптасу ӛлшемі [225
].
Сонымен, ӛлшемдер кӛрсеткіштер қатарымен ашылуы керек, олардың 
кӛріну белгісі бойынша критерий кӛрінісінің деңгейі жайлы түсінік аламыз.
Зерттеу мәселесі бойынша жоғарыда аталған әдебиеттерді теориялық 
талдау негізінде, зияткерлік әлеуеттің ӛлшемдері мен кӛрсеткіштері жайлы 
ғалымдардың әртүрлі кӛзқарастарын біріктіру негізінде және ұсынған болашақ 
мұғалімнің зияткерлік әлеуетінің анықтамасына сүйеніп, болашақ мұғалімнің 
зияткерлік әлеуетінің зияткерлік және мотивациялық ӛлшемдері анықталды, әр 
ӛлшем зияткерлік әлеуеттің кӛрсеткіштерімен нақтыланады. 
Бұл кӛрсеткіштер тұлғаның зияткерлік саласын сипаттайды. Зияткерлік 
ӛлшем бойынша жоғарыда аталған зерттеулерге сәйкес кӛптеген авторлар 
зиятты тұлға бойында тұлғаның зияткерлік саласын сипаттайтын 
шығармашылық ерекшеліктеріне кӛңіл бӛледі және оның зияткерлік үрдіске 
маңыздылығын негіздейді. 
Зияткерлік ӛлшемінің кӛрсеткіштері ретінде тапқырлық, қиылыстыру 
қабілеттілігі, дивергенттік ойлау, ассоциация еркіндігі алынды. Зияткерлік 
әлеуеттің мотивациялық ӛлшемі зияткерлік іс-әрекет үрдісінде болашақ 
мұғалімнің зияткерлік әлеуетін жүзеге асыруда ӛзіндік маңыздылықты 
анықтауға, олардың мазмұнын айқындауға кӛмектеседі. Мотивациялық 
ӛлшемнің кӛрсеткіштері: зияткерлік мотивация және зияткерлік бағыттылық. 
Сонымен, зияткерлік мотивация студенттің іс-әрекетінде зияткерлік әлеуетін 
дамытудың қозғаушы күші ретінде, ал зияткерлік бағыттылық студенттің 
зияткерлік іс-әрекетке ӛзіне жоғары маңызы бар, әрі оған дербес құндылыққа 
сияқты қатынасын білдірумен сипатталады. 
Зияткерлік әлеуетті дамытудың ӛлшемдері негізінде зерттеу феноменінің 
даму деңгейі анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет